Омыртқасыздар зоологиясы



бет2/5
Дата24.05.2023
өлшемі288,63 Kb.
#96466
1   2   3   4   5
Жобаның міндеттері: Шаяндардың ерекшеліктерін анықтау,зерттеу барысындағы тың ақпараттарды білу
Зерттеу әдістері:
-ғылыми әдебиеттердегі, интернеттегі анықтамалармен танысу;
-бақылау
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу


2)Негізгі бөлім
2.1 Буынаяқтылар типі,Шаянтәрізділер класы.
Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз жануарлар типі. Олар теңіз, мұхит суларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. Буынаяқтылар 4 тип тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар (Branchіata), хелицералылар (Chelіcerata), трилобиттәрізділер (Trіlobіtomorрha), кеңірдектыныстылар (Tracheata). Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) — буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін шаяндар «»құршаян»» деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл жерде мекен етеді. Бұршақ таңқышаян – таңқышаяндардың ең майдасы. Ең ірісі – жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен қосқанда көлемі екі м
етрге жетеді.
1-сурет Шаянтәрізділер
2.2Шаяндардың түрлері
Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді:
Желбезекаяқтылар – Branchiopoda, цефалокаридалар – Cephalocarida,
Максиллоподалар – Maxillopoda, бақалшақты шаяндар – Ostracoda, жоғарғы
Сатыдағы шаяндар – Malacostraca.
ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – BRANCHIOPODA
• Желбезекаяқты шаяндар отряды – Anostraca
• Жапырақаяқты шаяндар отряды – Phyllopoda
• Қалқанды шаяндар отряд тармағы – Notostraca
• Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы – Conchostraca
• Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы – Cladocera
• ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – CEPHALOCARIDA
• МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС
ТАРМАҒЫ – MAXILLOPODA
• Мистакокаридалар отряды – Mystacocarida
• Ескекаяқты шаяндар отряды – Copepoda
• Тұқы балық биттер отряды – Branchiura
• Мұртаяқты шаяндар отряды – Cirripedia
• Қапкеуделі шаяндар отряды – Ascothoracida
• БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – OSTRACODA
• ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ –
MALACOSTRACA
• Жұқасауытты шаяндар отряды – Leptostraca
• Ауызаяқты шаяндар отряды – Stomatopoda
• Мизидалар отряды – Mysidacea
• Эуфаузиялар отряды – Euphausiacea
• Теңаяқты шаяндар отряды – Isopoda
• Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды – Amphipoda
• Онаяқты шаяндар отряды – Decapoda



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет