Өмірзақ айтбайұлы


аКаДемИК Ә.т. қайДармеН Сұхбат



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата20.01.2017
өлшемі1,46 Mb.
#2304
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

аКаДемИК Ә.т. қайДармеН Сұхбат
Сіздің  шәкірт  дайындау  үлгіңіз  қызықтырады.  Сонда  
оларға  тақырыпты  қандай  принцип  бойынша  таңдап  бе-
ресіз?
Жауап:  Принцип  болғанда  мен  берген  тақырыптардың 
баршасы көне де жаңа үрдіске еліктеуден туындаған тақы-

145
рыптар  емес.  Олардың  барлығы  өзім  шұғылданып,  ойла- 
нып-толғанып жүрген идеялардан туындаған, өз зерттеуле-
рімнің бір жалғасы, жаңа деректер арқылы жаңа қырларын 
ашып,  тереңдете  түсетін,  өзім  зерттеуге  уақытым  болмай  
жүрген мақсат, нәтижесі алдын ала айқындалған, тек соны 
ғылыми жүйеге салып, орындап шығуды талап ететін тақы-
рыптар.
Сондықтан да болар, жетекшілік жасап, ақыл-кеңес айту 
мен үшін қиын емес. Мен мұны өз ой-пікірімді шәкірттерім 
арқылы  жалғастыру  деп  түсінемін.  Мұны  рухани  жалғас-
тық деп те айтса болар.
Өз  идеяларыңызды  ойдағыдай  жалғастырушылары  
бар ма? 
Жауап: Әрине, бар. Мәселен, түркі тілдер түбірін зерт-
теу идеясын доктор шәкіртім Ерден Қажыбеков ойдағыдай 
жалғастырды. Оның синкретикалық бір буынды түбірлерге, 
байырғы  түркі  сөздерінің  мағынасына  байланысты  еңбек-
тері  осының  айқын  айғағы.  Этнолингвистика  саласы  бо-
йынша доктор шәкірттерім Жамал Манкееваны, Әділ Ахме-
товты т.б. атай аламын.
Кандидаттық,  диссертация  деңгейіндегі  зерттеулердің 
баршасы өз идеяларымның жалғасы.
Сіз  саналы  өміріңіздің  25-30  жылын  ұйғыртану  сала-
сына  бағыштадыңыз.  Бұл  мамандықты  таңдауыңыздың 
сыры неде?
Жауап:  Университеттің  соңғы  курсында  оқып  жүргенде  
мен Шоқан Уәлихановтың ұйғырлар туралы еңбектерімен та-
ныса  бастадым,  оған  қызықтым.  Ұйғыр  тілін  білгендігімді 
пайдаланып,  мен  де  Шоқан  дәстүрін  жалғастырғым  келді. 
«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген еді ғой 
ұлы Абай. Мен де солай, ұйғыр тілін таңдап алдым. Ол үшін 
мен өкінбеймін. Кандидаттық, докторлық диссертацияларым-

146
ды  мен  ұйғыр  тілі  бойынша  қорғадым.  Сөйтіп  өз  өмірімнің  
саналы да сапалы жас кезеңін мен ұйғыртануға арнадым.
Еңбектерім бағаланды. Шәкірттерім де бар. Ұйғыр тілі  
бойынша ұжымдық еңбегіміз қытай тіліне аударылды. Қы-
тайда ұйғырша араб жазуымен қайта басылып шықты.
Ұстаздарыңыз кім? Және олар өзінің қандай ерекшелік-
терімен Сіздің жадыңызда қалды?
Жауап:  Ғылымдағы  ұстаз  дегенді  мен  кең  мағынада  
және  тар  мағынада  түсінемін.  Кең  мағынада  өз  зерттеу-
лерімізде  еңбегін,  ғылыми  мұрасын  пайдаланған  ғұлама-
лардың  баршасы  мен  үшін  ұстаз.  Олар  –  ақыл-кеңесін, 
өнеге-үлгісін  жазып  қалдырған  ұстаздар.  Және  олар  біреу 
емес, көп.
Ал тар мағынада тікелей жетекшілік еткен, ақыл-кеңес 
беріп, жөн-жоба көрсеткен ұстаздарымды айтамын. Олар да  
бір  адам  емес,  тілін  сүйіп  өсуіме  ұстаздық  еткен,  оның  
асыл  қасиетін  болмысыма  сіңіріп,  бойыма  дарытқан  анам- 
ды  да  (Жанбала,  ол  95-де  дүние  салды)  ұстаз  санауыма, 
екінші  ұстазым  дұрыс  сөйлеуге  үйреткен  алғашқы  мұғалі-
мім – Алтынбекова Мырза апай.
Ғылым-білімнің  тіл  саласына  баулыған  ұстазым  акаде-
мик  Ісмет  Кеңесбаев.  Тіл  құдіретін  тілші  маман  ретінде 
танып-білуге,  жол-жоба  көрсеткен  ұстаздарым  С.Е.  Малов 
пен К.К. Юдахин сынды ұлағатты жандар.
Олардың  әрқайсысының  бірін-бірін  қайталамайтын  өз  
орны,  ерекшеліктері  бар.  Ұстаз  шәкіртке  сыншы  дейді, 
әдетте. Мен айтқан болар едім: «Шәкірт те ұстазға сыншы». 
Сондықтан да бұл өз алдына әңгіме.
Сіз  14  жыл  директордың  орынбасары,  18  жыл  дирек-
тор  болдыңыз.  Басшылық  пен  ғалымдықты  қатар  алып 
жүру жұмысыңызға кедергі келтірген жоқ па?
Жауап:  Басшылықтың  өсуіме  зияны  болған  жоқ,  бірақ 
ғалымдық  мүмкіншілігімді  толық  пайдалануыма  кедергісі 

147
(әсіресе уақыт жағынан) болды. Бастықтың көп уақыты жи-
налыстар  мен  қоғамдық-әлеуметтік  шараларды  орындауға 
кетеді.
75-тен  кейін  жариялап  жатқан  жұмыстарымды  да  көп 
жыл директор болмасам, әлдеқайда бұрын шығарған болар 
едім.
Міне,  ғылымда  басшы  болудың  пайдасы  мен  зияны 
осындай.
Сіздің  зерттеулеріңіз  тілтанудың  негізгі  салаларын 
түгел қамтиды. Осының себебін түсіндіре кетсеңіз?
Жауап:  Біріншіден,  ғалымдар  ұжымын  басқару  деген 
сөз  өз  тақырыбыңмен  ғана  шектеліп  қалмай,  тіл  білімінің 
сан саласынан хабардар болуды талап етеді. Міне, осындай 
өндірістік қажеттілік менің де әр салаға қызығушылығым-
ды  арттыра  түсті.  Екіншіден,  ұжымға  бастық  болу  сол 
ұжымдағы  істеліп  жатқан  зерттеушілердің  баршасына  ба-
ғыт-бағдар  беру  ғана  емес,  «баға  беру»  міндетін  де  жүк-
тейді.  Үшіншіден,  тіл  білімінің  (синтаксистен  басқа)  әр 
саласына,  әсіресе,  лексикологияның  салаларына  (этимоло-
гия, фразеология, парамилология, лексикография т.б.) жеке 
басымның маман ретінде қызығуы басымырақ болды.
Қазақ  тіл  білімінде  де,  жалпы  түркітану  саласында  да 
бұрын болмаған зерттеу нысаны – этнолингвистика да мені 
қатты қызықтырды. Бұл салада ғалымдардың пікірі бойын-
ша  (М.  Копыленко)  менің  өз  мектебім  қалыптасты.  Түбір-
тану бойынша да осыны айтуға болады.
Егер Сіз дүниеге қайта келіп, мамандықты қайта таң-
даған  жағдай  бола  қалса,  қандай  мамандықты  таңдаған 
болар едіңіз? 
Жауап:  Тек  қана  тілші  мамандығын.  Өйткені  тілші  ре-
тінде менің тап аңғарғаным, тіл – барша ғылымның бастауы, 
түпнегізі, тіні, ұстыны, мән-мағынасы, маңызы. Сондықтан 

148
да тілші болу – барлық ғылымнан хабардар болу деген сөз.  
Ең  бастысы,  тілші  адам  дүниесін,  рухын,  дінін,  ой-тұжы-
рымын, өткені мен бүгінгісін, болашағын түсінуге болатын 
асыл  қазына,  мәңгіліктің  мәңгілігі.  Этнос  өзін-өзі,  тек  өз  
тілі арқылы ғана танып-біле алады.
Жастық  шағыңыздың  ұмытылмай  жүрген  сәттері  
бар ма? 
Жауап:  Жастық  шақ  –  ол  қызығы  мол  өткен  өмірдің 
елесі ғой. Әрине, есте қалған, жадымда сақталған жайттар 
баршылық.  Бұған  сол  жастық  өмірдің  өзі  (егер  ол  өмірді  
25-ке  дейін  деп  есептесек)  де  мен  үшін  тұтас  дүние  бола 
қойған  жоқ  қой.  Ол  жылдарым  отты  жылдардың  өртіне 
шалдықты.  Отан  соғысы  басталғанда  мен  16  жаста  едім. 
Он жетімде өзім сұранып майданға аттанып кеттім. Содан  
22  жасымда  оралып,  қиыншылық  кезеңде  мектеп  пен 
ҚазМУ-ді  бітірдім.  Студенттік  өмірді  де  өз  қатарымнан  
ересек шағымда өткердім. Мұның аржағы түсінікті болар.
Сіз 9-шы сыныпты бітіре салып, соғысқа өзіңіз сұранып 
кеттіңіз? Бұл не, патриотизмдік сезім бе, жоқ әлде басқа 
ма? Қалай түсіндірер едіңіз?
Жауап:  Бұл  сауалға  дәл  сол  жылдардағы  сезіміммен 
жауап берсем, иә,  бұл  Отанға  деген  шынайы  патриоттық 
сезімнен  туған  әрекет  еді.  Бүкіл  ауыл  еркектерсіз  қаңы- 
рап бос қалғанда, бір үйден бірден үш адам (әкем, екі ағам) 
аттанып,  үй  іші  бос  қалғанда  мен  өзіме  лайықты  орын  
таба алмадым. Солардың қатарында болғым келді. Соғыс-
қа  сұранып  арыз  жазуыма,  бұл  бір  себеп  болса,  екінші  
себеп  41-ші  жылдың  қыркүйегінде  еркек  мұғалімдердің 
баршасы  майданға  кетіп,  мектепте  10-шы  сыныптың  са-
бағы басталмай қалды.
«Бәрі Отан үшін, жеңіс үшін!» дейтін ұран жас та бол-
сақ  жан  дүниемізге  қатты  әсер  етті.  Көшеде  ойнап  жүруді 
ар көрдік! Несі бар, жас болсақ та, азаматтық борышымыз-

149
ды  абыроймен  орындап  қайттық.  5  әскери  орден,  12  ме-
даль  соның  бір  белгісі.  Ғылыми  тірлік  «Олжабай»  болып 
қайтқаннан бергі тірлік нәтижесі.
Қызметтес болған ғалымдар жөнінде не айтар едіңіз?
Жауап: Мен өмірім 54 жыл бойы Тіл білімі институты-
ның қара шаңырағы астында өтіп келеді. Барым да, базарым 
да  осы  ұжым  құзырында  болды  деп  айта  аламын.  Ұжым 
болғаннан  соң  онда  әртүрлі  адамдармен  қызметтес  болуға 
тура келеді. Әсіресе бастық үшін солардың бәрімен тіл та-
бысу міндетті нәрсе. Мен де соны істеуге тырыстым. Бірақ 
сөйтіп жүрсеңдағы, халық айтқандай, «Біреу даттап кетеді, 
біреу мақтап...». Талас-тартыс та болды, үстімізден «дома-
лақ  арыз»  домалатқандар  да  болды,  мақтап-мадақтағандар 
да  аз  болған  жоқ.  Қысқасы,  өмірді  өз  салтымыз  бойынша 
«қазақша»  өткізіп  келеміз.  Олай  дейтін  себебім,  қазақтың 
бір қасиеті біpeyді мақтаса, алты қабат аспанның ар жағына 
асырып жіберетін, ал даттаса, жетіқабат жердің астына ба-
тырып жіберетін әдеті бар ғой.
Ғылымнан  басқа  уақытта  немен  шұғылданасыз,  яғни 
хоббиіңіз не?
Жауап:  Күлкі  болса  да  айтайын,  «ғылымнан  басқа»  
деген  уақыт  менде  жоқ.  Болған  да  емес.  Өйткені  ғылым 
деген – тұңғиық терең мұхит қой. Ғылымға тұтас берілген 
адам (атақ-дәреже алу үшін ғана жүрген адамдардай емес) 
оның  өз  саласы  бойынша  толық  меңгеруге  тырысады.  Ол 
деген  табиғат  сыйлаған  дарын  мен  қасиеттен  басқа  ұлан-
ғайыр  уақытты  талап  етеді.  Ал  ол  уақытты  карта  ойнауға, 
бильярд  ойнауға,  аңшылық,  балықшылық  т.б.  осы  сияқты 
еркектердің құмартып істейтін кәсіптеріне жұмсасақ, сөзсіз 
ғылымың  ақсайды.  Ал  дәл  осы  құмарлық  ойындарында 
«қызықты»,  рахаттанатын  ермекті  сол  ғылымның  өзінен 
тапсақ  көп  дүниені  орындауға  болады.  Мен  осы  аталған 
қызығы  мен  рахаты  мол  дүниені  сөз  құдіретінен  таптым. 

150
Сөздіктерді қарап, сөздердің табиғатына үңілу, соны танып-
білу  мен  үшін  ең  жоғары  рахат  сезімін  алумен  барабар.  
Менің  досым,  құрдасым  Шора  (сұхбат  алушының  біpі) 
сияқты  «коллекционерлік»  кәсіпке  мен  үйрене  алмадым. 
Менің коллекциям қазақ тілінің (басқа түркі тілдерімен са-
лыстырмалы  түрде)  сөз  байлығын  жинақтаумен,  жүйелеу-
мен, соларды анықтаумен ғана шектеледі. 4 томдық «Қазақ-
тар: ана тілі әлемінде» атты этнолингвистикалық сөздік, т.б. 
сөздіктер, міне, соның нәтижесі.
Тіл  білімі,  тілтану  Cізгe  рухани,  моральдық  азық  бола 
алды  ма,  жоқ  әлде  ол  мамандық  дәрежесінде  ғана  қалып 
қойды ма?
Жауап:  Егер  таңдап  алған  мамандығың  жан  дүниеңе, 
болмысыңа  рахат  сезім  сыйламаса,  ондай  өмірдің  өзі  де 
қызық емес. Мен өз өмірімді мәнді-мағыналы өткізіп, таңдап 
алған мамандығымның маған мол рухани, моральдық азық 
сыйлағандығына  байланысты  болғандығы.  Сондықтан 
өмірді  тек  мамандық  деңгейімен  ғана  өлшеуге  болмайтын 
сияқты.
Сүйіп іcтeгeн ісіңнен еш уақытта шаршамайсың да жа-
лықпайсың.  80-ге  келгенше  54  жыл  бойы  шұғылдансам 
да,  мен  тіл  табиғатын  зерттеуден  жалыққан  емеспін. 
Әрқашанда  ойлайтыным:  өзімнің  ең  сүйікті,  «үкілі»  ең-
бегімді, әлі жаза алмай жүрмін ғой деймін. Мүмкін, Алла 
тағала рақым қылса, оны әлі жазармын да.
Достарыңыз  кім?  Дос  таңдауда,  достық  қатынасты 
сақтауда ұстанатын принципіңіз қандай?
Жауап:  Дана  халқымыздың  «Мың  досың  болса  да  аз 
сана, біp дұшпаның болса, көп сана» деген дана cөзі бар.
Әрине,  дұшпандарым  жоқ  емес,  біpaқ  достарым  көбі-
рек.  Қолынан  келген  жақсылығын  күнде  емес,  күндердің 
күнінде,  әсіpece  қиын-қыстау  сәттерде  іcтeгeн  достарды 
ұнатамын.  Күн  ашықта  көлеңкедей  жаныңнан  қалмайтын, 

151
бұлтты  сәттерде  іздесең  де  табылмайтын  достардан  аулақ 
жүргенді абзал көремін. 
Сондықтан  да  болар,  барша  сыннан  өтіп  сұрыпталған, 
«барлауға  бірге  баруға  болатын»  достарым  көп  емес  және 
олар жыл өткен сайын азайып келеді.
Ғылымдағы жастарға деген көзқарасыңыз қалай?
Жауап:  Ғылымға,  тіл  біліміне  бүгін  келіп  жатқан  жас- 
тар – ертеңгі сол ғылымның болашағы. Менің түсінігім бо-
йынша  ғылым  да,  ғылымның  болашағы  да  санымен  емес, 
сапасымен өлшенеді. Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың мұ- 
қият жинақтап жүрген мағлұматы бойынша, қазақ тіл білімі  
саласында  бұдан  10-15  жыл  бұрынғы  70  жылдай  дәуірде 
қорғалған  (докторлық  және  кандидаттық)  диссертациялар-
дың жалпы саны бір мыңға жетер-жетпестей болса, ал сол 
кейінгі 10-15 жыл барысында қорғалғандардың саны 500-ге 
жетіп қалыпты. 
Қазақ  тіл  білімінің  бүгінгі  даму  үрдісі  мен  барысына 
көңліңіз тола ма? 
Жауап: Тіл білімі бойынша істеліп жатқан зерттеулердің 
санына,  тақырып  аумағына  көңілім  толғанымен,  сапасы-
на онша көңілім толмайды. Толмайтын себебі жаңалық аз, 
қайталау, таптауырын болған ізбен жүру көп сияқты. 
Біз  кеше  егемендік  алғанға  дейін  өз  зерттеулерімізде 
коммунистік идеология шеңберінен шыға алмай, диссерта-
цияларымызды тек орыс тілінде қорғауға, еңбектерімізді тек 
орыс тілінде жазуға мәжбүр болып, көп нәрседен шектеліп 
келсек, бүгін «еркіндіктің» екінші бір әсеріне душар болып 
отырмыз. 
Филология  саласында  қазір  ғылыми  жұмыстар  жаппай 
қазақша жазыла бастады. Ол ғалымдардың өз пікірін еркін 
айтуға  мүмкіндік  тудырады.  Әрине,  айтатын  нәрсе  болса, 
қазақша  айтқан-ақ  жақсы  ғой.  Бірақ  сол  айтылып  жатқан 
пікірлердің,  теориялық  тұжырымдардың  басым  көпшілігі 

152
кейде  түркология  саласындағы,  орыс  тіл  біліміндегі,  т.б. 
ғалымдардың  бұрын  айтып,  тайға  таңба  басқандай  таны-
тып  кеткен  ой-тұжырымдарын  аударып,  өңін  айналдырып 
қолдану, қайталау болып келетіні өкінішті-ақ! 
Тіл  ғылымының  бұл  үрдісі  мен  даму  барысын  өзгерту 
қажет  сияқты.  Түркология  –  мол  қазына-мұра  қалдырған 
көне сала. Оны жеке тілдерді зерттеу арқылы дамытқымыз 
келсе,  әрбір  зерттеуші  аз  болса  да,  бір  жаңалық  қосқаны  
жөн болар еді. 
Тіл  білімі  бойынша  зерттеулердің  санының  көп,  сапа-
сының  төмендеу  болуының  тағы  бір  себебі  –  бұл  ғылым- 
ның табысы мен жаңалығын бақылау және бағалау орталы-
ғы жоқ. «Әр кәлладағы – бір қиялға» бүгін де жол ашық. 
СССР ыдырағаннан кейін отандық түркологияның бұ-
рынғы  тығыз  байланысы,  түрколог  ғылымдардың  тығыз  
қарым-қатынасы  тоқтаған  сияқты.  Сіздің  осыған  көзқа-
расыңыз қандай?
Жауап:  Тоқтағаны  рас.  Жеке  тілдерді  ғана  зерттеумен 
шектеліп,  жалпы  түркологиядан  томаға-тұйық  қалу  осы  
ғылымның болашағына нұқсан келтіретіні сөзсіз. Иә, отан-
дық  түркітану  ғылымының  біpтұтас  іpгeтacы  да  құлаған 
сияқты.  Ғалымдардың  бұрынғы  өзара  тығыз  қарым-қа-
тынасы тоқтады, байланыс үзілді, түркі тілдеріне тән ортақ 
идея,  ортақ  проблемалар  бары  байқалмайды.  Жалпы  бұл 
түркология  үшін  оң  құбылыс  емес,  келешекте  біp  орта- 
лық – түркология қауымдастығын құру қажет.
Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамын  құрып,  көп  жыл- 
дар  бойы  тіл  майданында  жүрсіз.  Осы  еңбегіңіздің  нәти-
жесіне қанағаттанасыз ба?
Жауап: Біріншіден, ол іcкe мен емес, барша халық, қа-
зақ  қауымы  қанағаттанарлық  сезімін  әлдеқашан  білдірген, 
өйткені  біз  құрған  Қоғам  қалғып  кеткен  халқымыздың  са-
насын оята алды. Жүздеген, мыңдаған қазақ балабақшалары 

153
мен мектептері ашылды. Қоғамдық өмірден тәркілене бас-
таған  ана  тілімізге  мемлекеттік  мәртебе  берілді.  Енді  біз 
оны  қорғауға  заңды  құқық  алдық.  Қоғам  әрекеті  алғашқы 
4-5  жыл  ішінде  бұқаралық  қозғалыс  сипатына  ие  болды. 
Бірақ амал нешік, Қоғамды қолдаушы заң, қаржыландырған 
өкімет бола қойған жоқ. Оның үрдісі бәсеңдеді.
Бірақ  қоғам  өз  жұмысын  жалғастырып  келеді,  әлі  де 
жалғастыра бермек, жасым ұлғайған соң мен президенттікті 
тапсырдым.
Ұстаз  бенен  шәкірт  арасындағы  қарым-қатынастың 
қалай болуын қалайсыз?
Жауап: Ұстаз бенен шәкірт арасындағы қарым-қатынас 
әдетте  ресми  сипатқа  ие  болады.  Бірақ  кейбір  шәкірттер 
бұл  шеңберден  шығып,  ғалымдықпен  қатар  адамдық  қа-
рым-қатынасқа  да  бейім  келеді.  Олармен  ғылым  туралы 
ақылдасумен  қатар  өміp  және  өмір  тәжірибесі  туралы  да 
сырласуға,  пікірлесуге  болады.  Мұндай  шәкірттер  менің 
өмірлік ғылыми тәжірибемнен көбірек тағылым, өнеге-үлгі 
алуға  мүмкіншілігі  көбіpeк  болады.  Ал,  кейбір  шәкірттер 
о  бастан-ақ  тек  ресми  қатынаста  жүруді  қалайды.  Он-
дайлардың кейбіреулері диссертациясын қорғағаннан ке-
йін  ұстазын  ұмытып,  тіпті  аман-сәлеміңді  жөнді  алмай-
тыны болады.
Өміріңізде жамандық іcтeyгe әрекеттенген адамдар да 
болған  шығар?  Қарымта  ретінде  қайырған  әрекеттеріңіз 
болды ма?
Жауап:  Көбіне-көп  «Таспен  атқанды  аспен  ат!»  деген 
принципті ұстанамын. Бірақ көп жағдайда маған ойлайтын 
жамандықтың  себебін  қолма-қол  айқындауға  тырысамын. 
Менің тарапымнан түсінбестік болса, кeшіpім сұрауға, оны 
жөндеуге тырысамын.
Дос болып жүріп, қастық істеуге барған адамдар менің 
өмірімде аз болған жоқ. Оның ең басты себебі – пендешілік: 
«бірге өсіп, бірге жүрген адам қалайша менен озып кетті?» 

154
деген  іштарлық,  көреалмастық.  Мен  ондай  «достарымнан 
өш  алуға,  кегімді  қайтаруға,  шырақ  алып,  артына  түсуге» 
ешқашан барған емеспін. Өз денсаулығымды сақтауды мен 
артық көрдім.
Ал  ұзақ  ғұмырымда  үстімнен  «домалақ  арыз»  жазған- 
дар да аз болған жоқ. Олармен де қатарласып, қауымдасып 
өмір  сүріп  келе  жатырмын.  Ұялса,  өздері  ұялсын,  бірақ  
менің ұялатын жерім жоқ.
Үйдегі бала-шаға тәрбиесіне қалай көңіл бөлесіз?
Жауап:  Үш  қызым  бар.  Олардың  бойжетіп,  ересек  бо-
лып  қалғанын  білмей  де  қалған  сияқтымын.  Барлығы  дұ- 
рыс білім алып, ел қатарында өмір сүріп келе жатыр.
Үлкен  қызым  –  Жанна  Америкада  жұмыс  істеп  жүр. 
Компьютер техникасын, ағылшын тілін меңгеріп жүр. Оның 
қызы  –  Аян  біздің  қолымызда,  студент,  ҚазМУ-да  орысша 
оқиды, қазақ орта мектебін бітірген, ағылшын тілін жақсы 
біледі. Екінші қызым – Әсел. Араб тілінен мамандық алған. 
Академияның Тарих институтында араб тіліндегі бұлақтар 
бойынша қызмет істейді. Үшінші қызым – Баян. Шетелдік 
фирмада қызмет істейді, аға аудитор. Ағылшын тілін жетік 
меңгерген. Мамандығы – экономист, КИМЭП-ті бітірген.
Демалысты қалай өткізесіз?
Жауап: Мен «демалыс» деген ұғымның шынайы мәнін 
түсіне  алмай  келе  жатқан  адаммын.  Кейбіреулердей,  дема-
лысты жылына бір рет те жөнді ұйымдастыра алмай жүрмін.
Ғылыми жұмысымды істеуге тыныштық, жағдай болса, 
мен  үшін  ең  жақсы  демалыс  сол.  Жастау  кездерімде  біраз 
санаторийлерге  барғаным  бар.  Соларды  қайталай  беруді 
міндетті  деп  санамаймын.  Алла  тағаланың  берген  қуаты 
әзірше жетіп жатыр.
75-ке келгеннен кейін 25 кітап жазуды жобаладыңыз? 
Осының жайы қалай?

155
Жауап:  Бұл  Алла  тағала  денсаулық  берсе,  орындалуға 
тиісті  реальді  жоспар.  Олай  дейтін  себебім:  мен  32  жыл 
бойы институт бастығы болдым. Тілдің әртүрлі проблемала-
рын ойлану, ой елегінен өткізу көбірек болды да, кітап жазу 
мүмкіншілігі аздау болды. Солай болса да, мен жариялаған 
40  шақты  кітап  менің  ғылыми  ой-толғаныс,  идеяларым-
ды  толық  қамти  алмады.  Мен  әралуан  мәселе  бойынша 
(фразеологизм,  мақал-мәтел,  этимология,  этнолингвисти-
ка, қос сөздер, еліктеуіш сөздер, тіл тарихы, азаматтық та-
рих  т.б.  )  материал  жинап,  топтастыра  бердім.  Міне,  енді 
қол босағаннан кейін мен соларды кітап етіп жариялап жа-
тырмын.  Жобаланған  25  кітаптың  жартысы  жарық  көрді. 
Қалғаны денсаулық болса, жақын жылдары жарық көрмек-
ші. Солардың ішінде 2 томдық этимологиялық сөздік, 4 том-
дық этнолингвистикалық сөздік, «Қазақ қандай халық?» де-
ген де еңбек бар.
Өмірде ұстанған принциптеріңіз қандай?
Жауап: Көп болмаса да, тұрақты ұстанатын принципте-
рім бар. Мысалы: 
1)  Жаныңдағы  адамға  қолымнан  келгенше  жақсылық 
қылу, бірақ «қанша жақсылық қылсаң да, оны міндет етпе, 
оның қарымын қайтаруды талап етпе» деген принципті қа-
тал сақтаймын.
2) Жасы үлкен, атақ-лауазымды құрметтеуді ешуақытта 
құлшылдық, табынушылықпен шатастырып көрген емеспін.
Демек,  адамға  деген  шынайы  құрмет  пен  жағымпазда- 
ну – екеуі мүлдем екі басқа дүние деп білемін. Менің өмір-
лік принципім – қандай адам болмасын, оның жамандығын, 
пасықтығын т.б. сүйкімсіз мінез-құлқын, іс-әрекетін өз кө-
зіммен  көрмейінше,  оған  оң  көзіммен  қарап,  оған  құрмет 
көрсетуге тырысамын.
Жек  көретін  адамдарыңыз  бар  ма,  олар  қандай  адам-
дар?

156
Жауап:  Әрине,  жек  көретін  адамдарым  бар.  Ол  жалпы 
адамға тән ең жоғарғы адамдық қасиеттен жұрдай болған-
дар: айтқан сөзінің пәтуасы, шындығы жоқ, берген уәдесін-
де тұрмайтын, біреу туралы арамдық ойлайтын, жақсылық 
істеу  қолынан  келмейтін,  мейірімсіз,  қатыгез,  қарау,  дау-
рықпа,  даукес  т.б.  осы  сияқтылар.  Сөзі  тәтті,  діні  қатты  
суайт,  жалақор,  бәлеқор  т.б.  осы  сияқты  қасиетсіздіктерді 
бойына сіңірген адамдарды жек көрем.
Сөзінің  пәтуасы  жоқ,  көк  мылжың,  малтасын  езіп,  көп 
сөйлейтін  үлкен-кіші  замандастардың  қасында  қас-қағым 
уақыт та тұрғым келмейді. Көпе-көрнеу өтірік мақтап, өзіңде 
жоқты  бар  етіп,  өзіңе  жамап,  өзіңді-өзің  танымайтындай 
етіп,  аспанға  шығарып,  жерге  түсірмей  мақтайтындардың 
жанынан  тұра  қашқым  келеді.  Сыпайы  түрдегі  жақсы  ле-
бізбен  жаныңа  жарасатын  достық  пікірдің  жөні  бір  басқа  
деп білемін. 
Рахмет, ұзақ өмір тілейміз! Адамға, ғылымға, достық-
қа  адал  жандардың  қатарында  аман-есен  жүргенінің  өзі  
үлкен олжа екен-ау, деген оймен бұл жолғы сұхбатты тү-
йіндегенді жөн көрдік!..
Сұхбат жүргізген проф. Ш. Сарыбаев пен 
проф. Ө. Айтбайұлы
14.12.2004 жыл
қр ұлттық ғылым аКаДемИЯСыНыҢ 
аКаДемИГі р.ғ. СызДықтыҢ ғылымИ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет