Өмірзақ айтбайұлы


қаламыма қайрат берГеН «еГемеН...»



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата20.01.2017
өлшемі1,46 Mb.
#2304
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

қаламыма қайрат берГеН «еГемеН...»
Өткен  өмірдің  бәрі  тарих  дегенмен,  оның  ұмытылмай  
есте  қалатын  тұстары  және  елес  сияқты  естен  шығып 
қалатыны да бар. Менің қолыма қалам ұстатып, өмір жайлы, 
қарапайым  еңбек  адамдары  жайлы  сөз  қозғауыма  мүмкін-
дік  берген  «Социалистік  Қазақстан»  газетін  және  сонда 
еңбек  еткен  айтулы  қаламгерлер  мен  құрбы-құрдастарды 
ешуақытта  жадымнан  шығарған  емеспін.  Ауызекі  тілде 
«СҚ»  деп  айтыла  беретін  Қазақстан  Республикасының  бас 
газетіне  қызметке  орналасуымның  өзі  бір  тарих.  Алдыңда 
жол  көрсетер  жөні  түзу  ағалардың  болғанының  өзі  бір  
бақыт қой. Сондай бір сәт менің басымда болған еді...
1959 жыл. Жаз айы. Қазақ университеті филология фа-
культетінің  соңғы  курсын  тамамдауға  таяп  жүрген  кезім. 
«Қазақ  мақал-мәтелдері»  деген  тақырып  бойынша  дип-
лом  жұмысымды  бітіруге  жақындап  қалғанмын.  Бір  жолы 
белгілі  жорналшы  Бекділда  Абдуллин  кездейсоқ  кездесті  
де, әңгімеге тартқаны:
– Бітірген соң қайда бармақсың?
Әке-шешем қарт, елге барамын, – дедім.
– Елге барғанда не істейсің?
– Аудандық оқу бөліміне немесе аудандық газетке ала-
мыз деген келісім бар. 
Ойымда  басқа  ештеңе  жоқ.  Жүрегімнің  түкпірінде  ғы-
лым деген бір ғажайып өлке жататын. Бірақ ол алыс арман 
еді.  Оны  қозғауға  да  жүрексінетінмін.  Әлгі  ағамыз  біраз  
ойланып тұрып:

386
– Сен, ертең бізге келші, ақылдасайық, – деді.
– Жарайды, – дедім де қоштасып кетіп қалдым.
Ертеңіне  уәде  бойынша  «Социалистік  Қазақстан»  га-
зетіне бардым. Ол кезде газет Панфилов көшесі мен қазіргі 
Қазыбек би көшесінің бұрышында болатын, яғни бұрынғы 
Үкімет  үйінің  жанында  еді.  Ұзын  дәліздің  оң  қапталында 
«Партия  тұрмысы»  деген  бөлімде  отырады  екен  Б.  Абдул-
лин ағамыз. Сол есікті қақтым. Бекең «Ә, кел, кел» деп елпе- 
лектеп қарсы алды да бірден:
– Сен бізге келсең қайтеді? – деді.
– Аға, мен әлі университет бітіргем жоқпын ғой.
Ол кісі менің бұл сөзімді құлағына да ілген жоқ. Алдын-
да жатқан қағаз, қаламын тез жинастырды да:
– Жүр, қазір осында Абай деген ағаң бар, бас редактор-
дың  бірінші  орынбасары,  соған  барамыз,  –  деді.  Келсек, 
ол  кісінің  алды  бос  емес  екен.  Сәл  күттік.  Іштен  бір  адам  
шықты,  сосын  біз  кірдік.  Алдымыздан  өте  сыпайы,  үні 
жұмсақ, биязы сөйлейтін кісі шықты. Бізді жылы шыраймен 
қарсы алды.
– Әбеке, газетімізде жас адамдар керек екені үнемі сөз  
болып  жатады.  Міне,  сол  жастың  бірін  жетелеп  келіп  
тұрмын. 
–  О,  бұл  жігітті  мен  білемін  ғой  (ол  кісінің  бұл  сөзіне 
сүйсініп қалдым). Мен жастар газетінде істеп жүрген кезім-
де  университеттің  бір  топ  өнерлі  жастары  келіп,  концерт 
беріп,  мерейін  тасытып  кеткен  еді.  Сен  сондағы  Өмірзақ-
сың ғой дегені. Бұл кісіні мен де таныдым. Ішімнен жылы 
ұшыратып тұрдым.
– Иә, сонымен біздің газетке келгің бар ма? – деді сұрақ-
ты  тікесінен  қойып.  Мен  бұл  сұраққа  тура  жауап  беруден 
гөрі жалтара түсіп:
– Әлі университет бітіргем жоқ, диплом жазып жүрмін, 
ағай, – дедім күмілжіп. 
–  Оның  дұрыс  екен.  Әңгіме  ықыласта  ғой.  Диплом 
жұмысыңның тақырыбы қалай еді?
– «Қазақтың мақал-мәтелдері».
–  О,  жақсы  екен.  Бұл  қазақ  сөзінің  мәйегі  ғой.  Мұны 
білген адамның қаламы жүрдек болады.

387
Қысқасы, осы әңгімеден соң Әбекеңнің маған ықыласы 
ауғанын сездім. 
– Диплом жұмысыңды осында жүріп-ақ бітіресің, – деді 
де  мені  жұмысқа  қабылдады.  Бұл  кісінің  шешімді  әреке-
тіне таңғалдым. Осы бір ізетті, өте жоғары мәдениетті, сы-
пайы да сырбаз адамды содан бері мен еш уақытта есімнен 
шығарған емеспін.
Сөйтіп  1959  жылдың  жазында  «Социалистік  Қазақ-
стан»  атты  ең  үлкен  газеттің  білдей  әдеби  қызметкері  бо-
лып шыға келдім. Ол кезде газеттің бас редакторы Қ. Шә-
ріпов  болатын.  Сонымен  бірге  мұнда  Б.  Қыдырбекұлы,  
Ж. Жұмаханов, Ұ. Бағаев, Ә. Жұмабаев, Б. Абдуллин, К. То-
қаев,  М.  Машақов,  Қ.  Мыңжанов,  Б  .Дәуребеков,  І.  Мама-
жанов тәрізді қазақ жорналшыларының корифейлері істейді 
екен.  Қызметке  қуана  кіргеніммен  оны  бірден  игеріп  кету 
маған  қиынға  түсті.  Әуелгі  кезде  қаладағы  зауыт,  фабрик-
терге, түрлі еңбек ұжымдарына, тағы басқа жерлерге барып, 
жүрдек  хабарлар  жазуға  дағдыландым.  Осы  күнге  дейін 
ең  алғашқы  жарияланған  бір  мақаламның  жазылу  тарихы  
естен кетпейді...
Бір  жолы  маған  Алматы  қаласындағы  Дзержинский 
атындағы  мақта-мата  фабрикасының  ұжымы  туралы  очерк 
жазып  келу  тапсырылды.  Қаланың  ортасында  екен.  Бар-
дым.  Бір  емес,  әлденеше  баруға  тура  келді.  Қолдарының 
қимылына  көз  ілеспейтін  кілең  қыз-келіншектер  тірлігі 
жайында  қалай,  не  жазбақпын?  Іске  қай  жағынан,  қалай 
кірісерімді біле алмай әбден қиналдым. Газеттегі тәжірибелі 
жорналшы  ағаларыммен  ақылдаса  отырып,  ақыры  біраз 
нәрсені  шимайладым.  Бір  емес,  жеті  рет  жазып,  жеті  рет 
жырттым, өз жазғанымды. Әйтеуір әбден қинала жүріп, бір 
нұсқаның  жобасын  келтіргендей  болдым  да,  сол  дүниемді 
сақа  жорналшының  бірі  –  Әбілмәжін  ағаның  алдына  ба-
рып, «Қарап бересіз бе?» деп өтіндім. Көңілімді қалдырған 
жоқ,  алды  да  жөндей  бастады.  Жазғанымның  тамтығын 
қалдырмайды-ау деп үрейім ұшып отыр. Шимайлап-шимай-
лап келді де, «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген соңғы 
сөйлемім бар еді, соны жақшамен орап алды да, мақаланың 

388
жоғарғы  жағына  барып  бір-ақ  қонжитты.  «Тақырыбы  осы 
болады» деді.
Ертеңіне мақала осы тақырыппен газет бетінде жарқ ете 
қалды. Көлемі мен мазмұны жағынан көзге ілігер ең алғашқы 
мақалам болғандықтан ба, қуанғаннан жүрегім алып-ұшып 
бір  жерде  отыра  алмадым.  Тау  қопарып  тастағандай  күш 
пайда болды. Елдің көбі «Саусақ бірікпей, ине ілікпейдіні» 
жазып  жүрген  «мықтының»  өзі  мынау  ғой,  ә?»  деп  тұр-
ғандай  болады.  Сөйтіп  не  керек,  бір  күнде  жазушы  болып 
шыға  келгендей  тасындым.  Алайда  алабұртқан  көңілім 
ұзаққа барған жоқ. Газет бетінде күнде жарияланып жатқан 
небір ғажайып материалдарды және қаламы төгіліп тұрған 
ағаларымның қалам сілтесін қайта-қайта оқып жүріп сабама 
түстім. Әйгілі газетші болу үшін бір мақала аздық ететінін 
түсіндім  де  еңбектене  бастадым.  Өзімнің  кемшілігімді 
көріп, ағаларымның шеберліктеріне көңіл қойдым. Әсіресе, 
Балғабек  ағаның  қырғидай  өткір  тіліне,  Кемел  ағаның 
толғандырмай  қоймайтын  кемел  ойларына,  Ұзақ  ағаның  
сарабдал  да  салиқалы  салмақты  сөздеріне,  Әбілмәжін 
ағаның  сауатты  пайым-парасатына,  Жекен  ағаның  кішкен- 
тай  нәрсені  алдымен  қызықты  оқиға  етіп  әңгімелеп  алып,  
жаза  қоятын  елгезектігіне  тәнті  болдым.  Газеттегі  аға-
ларымның қай-қайсысының да осындай өзіндік ерекшелік-
тері әйгіленіп тұратын. Нені жазса да дәлелдеп, әсерлі тіл- 
мен жазатын, олардың жазған материалдары қызықты оқы-
латын.  Міне,  солардың  бейсәр  іске  жібермейтін,  салмақты 
ортасы  адамды  азаматтық  қалыпқа  түсірмей  қоймайды 
екен.  Соларға  еліктей  жүріп,  еңсемді  тіктедім,  қаламымды 
түзедім.  Сөз  деген  ұлы  қаруды  оңды-солды  қалай  болса, 
солай  сілтей  беруге  болмайтынын  ұқтым.  Қазақ  сөзінің  
құнын  білдім.  Қазақ  сөзі  арқылы  өз  ұлтымның  болмыс-бі-
тімін таныдым.
Қысқасы, менің азамат болып қалыптасуыма зор ықпалы 
болған  «Социалистік  Қазақстан»  газетінің  ұжымына 
мейлінше ризамын. Сонда өткен үш жарым жылдай мәнді, 
маңызды уақытымды қазір елжірей еске алып отырамын.

389
ұрПақ тӘрбИеСіНіҢ ұСтыНДары
Ізгі ниет ұстанған, ұстаз ұланынан хат келді. Дүниенің 
кілті ата-ана тәрбиесінде ғой. Ал оның іс-әрекеті ұстаздық- 
қа  ұласса,  ұрпақ  бақыты  жанары  сөзсіз.  Менің  ұстазда-
рымнан  өрбіген  ұрпақ  өз  ата-аналарына  жазба  ескерткіш 
жасамақ. Бұл ізгіліктің нышаны. Отбасында көрген тәрбие 
мен  мектептен  алған  тағылым  белгісі.  Мен  алдымен  осы- 
ған қуандым. Әрбір ұстаз өзінің алдындағы көзі жәудіреген 
жас  ұрпақ  тәрбиесіне  ғана  емес,  алдымен  өз  отбасында 
өсіп келе жатқан жас ұлан тағдырына да мейлінше жауап-
ты  екенін  жан-тәнімен  сезінгенде  ғана  болашақтың  іргесі 
мықты болмақ. Мына хат білім мен тәрбие отын маздатқан 
сондай  шаңырақтан  тәлім  алған  көргенді  ұланның  сәлемі. 
«Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің». Бұл атам қазақтың 
ғасырдан  ғасырға  ұласқан  қағидасы.  Хатта  «...  асқар  тау-
дай  әкеміз  Қалжан  Махатов  пен  асыл  анамыз  Шәріпова 
Күлайханның  ұстаздықпен  өткен  өмір  жолдарын,  біз  біле 
бермейтін  адами  биік  қадір-қасиеттерін,  кісіге  деген  шы-
найы  сезімдерін  «Ұстаздар  келбеті»  атты  естелік  кітапқа 
түсірмекшіміз»  деген  сөздер  жазылған.  Ата-аналарының 
бойынан  кезінде  балалықпен  өздері  аңғара  алмай  қалған 
қадір-қасиетін іздейді, тереңірек білгісі келеді. Өздерін түн 
ұйқыларын  төрт  бөліп,  қанаттандырған  өмірлік  ұстазда-
рына  осылайша  сый-құрмет  жасамақ.  Бұл  бүгінгі  заманға 
лайықты үлгі тұтарлық нышан.
Бауыржан  Қалжанұлы  ініміздің  сәлемхаты  мені  сонау 
1946  жыл  мен  1953  жылдар  аралығына  еріксіз  жетеледі. 
Соғыстан кейін есті жияр-жимастан-ақ әкеміз Айтбай мол-
да аудандық деңгейде әртүрлі қызмет атқару ыңғайы солай 
болды  ма,  әлде  балаларын  оқытудың  амалын  қарастырды 
ма, 1947 жылы Қарғалы колхозынан Шәуілдір орталығына 
көшті. Сөйтіп мен оқуымды аудан орталығындағы Жамбыл 
атындағы қазақ орта мектебінде жалғастыра бастадым.
Ол кезде бала көзімен қарағанда Шәуілдір үлкен шаһар 
есепті  көрінетін.  Әсіресе  екі  қабатты  зәулім  мектепті 

390
өмірімде  бірінші  рет  көруім.  Бірінші-екінші  қабаттардағы 
кластарға кезегімен келіп, әр алуан пәндерден сабақ беретін 
мұғалімдердің  тақылеті  мүлде  бөлек  сияқты  еді.  Айбына- 
тынбыз, аяқ тартатынбыз. Үнсіз отырып сабақ тыңдайтын-
быз.  Сабақтан  тыс  жерде  мұғалім  алдымыздан  шықса, 
тоқтай қалып бас киімімізді басымыздан жұлып алып сәлем 
беретінбіз. Бұл қалтқысыз орындалатын тәртіп. Бұл не сон-
да,  қорқу  ма,  сыйлау  ма?!  Меніңше,  қорқа  жүріп  сыйлай-
тынбыз, сыйлаған адамымыздан қорқа да білетін едік.
Қалжан ағай мен Күлайхан апайды 8-9 кластарда оқып 
жүргеннен біле бастадым. Алғашқы әсер: жүріс-тұрыстары 
мен  киім  киістері  өзгеше,  екеуі  де  жап-жас,  тіп-тік,  істері 
тап-тұйнақтай.  Бір  қарағанда  қатал,  қатты.  Сабақ  білгенге 
жұмсақ, мейірімді. Еліктейтінбіз. Әсіресе Қалекеңнің класқа 
келгенін,  сабақты  қалай  бастап,  балаларға  қалай  ықпал 
ететініне  таңданатынбыз.  Мен  бала  кезден  өзім  ұнатқан 
үлкен кісілердей боп сөйлеп, мұғалімдерше сабақ беруге ты-
рысып,  соларды  салатын  әдетім бар  еді.  Бір  жолы  Қалжан 
ағайша балалар алдына шығып алып «сабақ беріп» тұрдым. 
Балалар сылқ-сылқ күледі. Мен одан сайын масайрап көсіле 
бастаған  тұста  ту  сыртымда  үн-түнсіз  тыңдап  тұрған  ағай 
«Айтбаев,  сабақ  беріп  бітсең  отыр  орныңа!»  дегені.  Қып-
қызыл боп, орныма барып отыра кеттім. Енді «көкемді та-
нытатын  шығар»  деп  сабақ  біткенше  қысылып  отырдым. 
Үндемеді.  Осынысының  өзімен  менің  көз  алдымда  ол 
ұлағатты да білікті ұстаз екенін сездіргендей еді. Оның ал-
дында мұндай өнерді екінші рет қайталамайтын болдым. 
Ерлі-зайыпты  екі  адамның  бір  мектепте  істейтініне 
таңданатынбыз.  Бірі  физика,  математика  пәнінің  мұғалімі, 
екіншісі қазақ әдебиетінің маманы, жарасып жүретін. Екеуі 
сол  кезде  оқып  жүрген  балалардан  сәл-ақ  үлкен  сияқты 
боп көрінетін. Алайда екеуі де өздерін сабырлы, салмақты 
ұстайтын. Табиғаттың құпиясын ұқтыратын, физика заңды-
лықтарын түсіндіргенде Қалекең қызара бөртіп, ерекше ша- 
бытқа  бөленгендей  болатын.  Ал  Күлайхан  апайдың  жап-
жас  басымен  аудан  орталығындағы  ең  үлкен  мектепті  
қалай басқарып жүргеніне қызығатын едік.

391
Мектепте  оқып  жүрген  кезімде  Күлайхан  апайдың  да 
алдында қатты қысылып, ұятқа қалғаным бар. 9-шы, 10-шы 
кластың  балалары  жастық  алауымен,  әсіресе  қыз,  жігіттер 
бір-біріне  хат  жаза  бастайды.  Сондай  сезім  жетегінен  мен 
де  алыс  кете  алмадым.  Қыз  бен  жігіт  арасындағы  сондай 
бір хаттың бірі аудандық оқу бөлімі мен аудандық комсомол 
комитетіне  түскен  екен.  Соның  авторларының  бірі  –  мені 
амалсыз мектеп педагогикалық кеңесіне салғаны бар. Онда 
айтылған сөздерден жерге кіріп кете жаздаған едім. Әсіресе 
ауданға  абыройлы  әкем  Айтбайдың  «оқу  іздей  ме  десем, 
қалыңдық  іздеп  жүр  екенсің  ғой»  деген  сөзі  өңменімнен  
өтіп  кете  жаздады.  Бәрі  де  алабұртқан  жастық  лебі  ғой. 
Күлекең  бастаған  мұғалімдердің  сол  бір  кеңесі,  тағылым 
тезі  неше  алуан  ойға  жетелеп,  алдағы  өмір  жолымды  дұ- 
рыс таңдауыма септік жасағандай еді. 
Сол ұстаздарымның әлі күнге алдын кесіп көрген жоқ-
пын.  Біразы  дүниеден  өтіп  кетті.  Көзі  тірілерінің  ішіндегі 
естен кетпейтін ұстаздарым – Қалекең мен Күлекең. Өмірін 
жас  ұрпақ  тәрбиесіне  бағыштаған  аяулы  ұстаздарға  ұзақ 
ғұмыр тілеймін! 
Ойға бөлер Отырарым меНіҢ...
Отырар  –  жүрегімнің  төрінен  орын  алған  киелі  ұғым. 
Осы өлкеде дүниеге келіп, осы жерде өсіп, осы ортада та-
ғылым-тәрбие  алғанымды  мақтан  тұтамын.  Арғы  тари-
хына  әзірге  тереңдемей-ақ,  жарық  дүниенің  қадірін,  өзім 
өмір  шеруін  бастаған  бергі  кезеңнің  жадымды  жаңғыртар 
сәттерінің  өзі  неге  тұрады?!  Әкем  Айтмұхамед  марқұм  өз 
кезеңінің  діни  ілімін  терең  меңгерген,  арғы-бергі  тарих-
тан хабары мол әрі молла, әрі ақын болатын. Өз ортасына  
үнемі  имандылық  пен  ізгілік  шапағатын  шашып,  ислам 
ілімінің  нұрлы  қағидаларын  өмірмен  байланыстыра  наси-
хаттап отыратын. Төңірегінде осы ілімнің қағидат, қасиетін 
бойларына дарытқан небір кемел қариялар жүретін. Қасиет-

392
ті  Құранның  әр  алуан  аят-сүрелерін  талдап,  тарата  түсін-
діріп  отыратын  қариялардың  кескін-келбеттері  бөлек  еді. 
Олардың жан аялар сөзі мен өзгеше үндері әлі күнге көз ал-
дымда.  Кейде  түсіме  де  кіріп,  желеп-жебеп  жүргендей  бо-
лады.
Бала кезгі сезімімді арбап алатын Отырар төбенің сұсы  
бөлек  еді.  Ол  жаныңды  түршіктірер  неше  алуан  аңыз-хи-
каят арқалап тұратын. Оның қойнау-қатпарлары мың бір түн  
хикаяларын  шертетін.  Ойын  баласы  абайламай  кешкі  қа-
ракөлеңкеге  ілігіп  қалғанын  байқай  сала  тұла  бойы  түр- 
шігіп, үрейлене түсіп, үйді-үйімізге жөңкілетінбіз. Өйткені 
күні бойы үнсіздік құшағында жатқан көне Отырар бірден 
оянып,  сөйлей  бастағандай  әсер  ететін.  Тіпті  төбені  жай-
лаған  тас,  кесектері  қозғалақтап,  төсінде  көктеген  тал,  те-
ректері  мен  неше  алуан  шөп  әлемі  шерлі  тарихты  шерте 
бастайтындай  сыпсыңдап,  сусылдай  жөнелетін.  Біз  сыры 
жұмбақ ертегідей осы өлкеде өстік. Отырар тарихы мектеп-
те  оқытылмағанмен,  ұстаздарымыздан  және  ертегідей  ше-
жіре  ағаларымыздан  алған  тағылым-тәрбиеміз  бөлек  еді. 
Олардың  өздерін  көріп,  сөздерін  көкейімізге  түйіп  өстік. 
Отырар  тарихының  тереңіне  бойлай  алмағанмен,  қандай 
қасиетті,  киелі  жердің  түлегі  екенімізді  ойлай  алатын 
дәрежеде өстік.
Ол  кездегі,  яғни  біз  мектепте  оқып  жүрген  тұстағы  
Отырар тарихы оқытылмайтын, тіпті тұңғиық болатын.
Ал  Отырар  топырағы  –  тұнған  тарих.  Отырар  өлкесін-
де  132  төбешік  бар.  Ақылды  ата-бабаларымыздың  сол  за-
мандағы  қала  салу  жүйесі  бүгінгі  ұрпаққа  үлгі  боларлық 
екен. Құрылыс жүйе-жүйесі қатаң сақталған. Мысалы, Оты-
рар  маңындағы  Пышақтөбеде  қару-жарақ  жасайтын  ше-
берлер  тұрған.  Құйрықтытөбеде  мал  соятын  орын  болған. 
Осы  жерден  мал  етін  қала  базарына  жөнелтіп  отырған. 
Алтынтөбеге  зергерлер  орналасып,  сауда-саттықпен,  қо-
лөнер шеберлігімен айналысқан. Қысқасы, әр төбенің өзіне 
тән  тарихы,  мақсат-міндеті  бар,  сыр-сипаты  болғанын  та-
рихшыларымыз енді-енді анықтай бастады. 

393
Отырардың  даңқын  әлемге  паш  еткен  тұлғалар,  ғұла-
малар, хандар, батырлар, өнерпаздар қаншама?!. Солардың 
қайсыбірін ғана мақтанышпен атап өткім келеді.
Отырардың  даңқын  әлемге  әйгілеген  Әбу  Насыр  әл-
Фараби  (870-950)  –  Аристотельден  кейін  дүниежүзі  білім 
мен  мәдениетінің  екінші  ұстазы  атанған,  данышпан,  эн-
циклопедист  ғалым.  Оның  мұсылманша  толық  аты-жөні 
Мұхаммед  ибн  Мұхамед  ибн  Ұздағ  Тархани.  Туған  жері  – 
Сырдария бойындағы ерте замандағы түркі халықтарының 
орталығы  болған  Отырар  қаласы.  Отырарды  арабтар  «Фа-
раб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін оның 
аты-жөніне  өзінің  туған  мекенінің  атауын  тіркейтін  сол 
заманның  дәстүрімен  ұлы  ұстаз  Фараби  атанған.  Махмұд 
Қашқари  «Диуани  лұғат  ат-түрік»  атты  еңбегінде  Фараб 
қаласының түрікше аты «Қарашоқы» деп көрсетеді.
Әл-Фараби  заманында  бүкіл  Орта  Азия  мен  Түркістан 
Араб  Халифатының  ықпалында  болған.  Соған  байланыс-
ты  қала  халқы  сауда-саттық  мәселесінде,  ислам  дінінің 
қалыптасып,  дамуына  зор  үлес  қосқан  араб,  парсы,  түркі 
тілдерін  қатар  қолданған.  Соның  ішінде  рухани,  ғылыми 
тіл – араб тілі болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, 
осы  қалада  білімге,  ғылымға  деген  құмарлығы  оянған  әл-
Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін 
білім-ғылымды  іздеп  көп  жерді  аралайды.  Ақыры  сол  кез-
де  әлемнің  ғылым  дүниесінің  орталығы  болған  Бағдатта 
тұрақтап  қалады.  Сол  кездің  әйгілі  ғалымдарымен  кезде- 
сіп,  олармен  сырлас  болады.  Грек,  латын,  санскрит  және 
басқа тілдерді үйренеді.
Ол  өз  заманында  дамыған  ғылым  салаларының  бәріне 
өзіндік  үлес  қосып,  елеулі  із  қалдырады.  Одан  қалған  ғы-
лыми  еңбектердің  саны  жүзден  асады.  Сол  еңбектерді 
ғылым  салаларына  қарай  бөлетін  болсақ,  олар  мынандай: 
астрономия, астрология, математика, логика, музыка, меди-
цина,  табиғат  ғылымдары,  социология,  поэзия,  философия 
болып келеді.
XX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан 
ғалымдары  да  ұлы  ұстаздың  бай  мұрасын  жинап,  зерттеп 

394
тануға  өз  үлестерін  қоса  бастады.  Қазір  Қазақстан  Ғылым 
академиясының  кітапханасында  әл-Фарабидің  елу  шақты 
еңбегі  бар.  Олардың  ішінде  басқа  тілге  аударылмаған, 
ғалымдар  арасында  осы  күнге  дейін  белгісіз  болып  кел-
ген:  «Алмагеске  түсініктеме»,  «Геометриялық  сызықтар 
жасаудың  әдістері»,  «Астрология»  секілді  әрқайсысы  бір-
бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. 
Мұның  сыртында  соңғы  жылдары  Қазақстанның  Иран- 
дағы алғашқы Төтенше және өкілетті елшісі болған ғалым 
Мырзатай  Жолдасбеков  тауып  әкеліп,  Алматыдағы  әл-
Фараби  атындағы  Ұлттық  университеттің  кітапханасына 
тапсырған  әл-Фарабидің  қолжазбалары  өз  алдына  бір 
бөлек  қазына.  Олардың  көшірмесі  бүгінде  Еуразия  Ұлт- 
тық  университетінің  «Отырар»  кітапханасында  сақтаулы. 
Осы  арада  қазақ  жазушысы  Әнуар  Әлімжановтың  «Ұстаз-
дың  оралуы»  атты  тарихи  роман  жазғанын  атап  өткеніміз 
жөн.  Аталған  роман  орыс  тілінде  жазылды.  Кейін  оны 
белгілі  қаламгер  Сайын  Мұратбеков  қазақ  тіліне  аударды. 
Ал қазақ ғалымдары Ақжан Машанов пен Ауданбек Көбе- 
сов  әл-Фарабидің  өміріне,  шығармашылық  тағдырына  қа-
тысты еңбектер жазды.
Өмірінің соңына қарай әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб 
қаларында  болып,  ақырында  Шам  шаһарына  келіп,  демі 
біткенше сонда тұрақтайды. Оның денесі Шам шаһарының 
кіші қақпа жағындағы зиратқа қойылады.
Әл-Фарабидің  ісін  жалғастырған,  ғылымға  берілген 
шәкірттері  көп  болған.  Олардың  ішінен  ең  алдымен  Орта 
Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның есімін атауға 
болады.  Кейінгі  кездегі  шығыс  ғалымдары  оларды  бөліп-
жармай  «Қос  Фараби»  деп  те  атаған.  Сондай-ақ  еңбектері 
ұлы  ұстаз  еңбектерімен  ұштасып  жатқан  ұлы  ғалымдар 
Бируни,  Бозжани,  Омар  Хаямдар  да  өздерін  әл-Фарабидің 
шәкірттеріміз деп есептеген. 
Жүсіпбек  Қожа  1854  жылы  Отырар  ауданының  Қожа-
тоғай  ауылында  дүниеге  келген.  Ол  қазақ  ауыз  әдебиеті 
үлгілерін  жинап  бастырушы,  ағартушы  ақын.  Жас  кезінде 
Әулиеатадағы,  Бұхарадағы  медіреселерде  оқып,  діни  білім 

395
алады.  XIX  ғасырдың  90-жылдарынан  бастап  Петербург, 
Қазан,  Уфа,  Ташкент  қалаларында  қисса-хикаяттар  мен  
дастандарды, әртүрлі айтыстарды жеке кітап етіп бастыру-
мен айналысты.
Жүсіпбек  Қожа  араб,  парсы,  шағатай  тілдерін  жақсы 
білді. Мәселен, «Мың бір түн» хикаясын, «Тотының тоқсан 
тарауы»,  «Бақтиярдың  қырық  бұтағы»,  «Алтын  балық», 
тағы  басқа  толып  жатқан  қиссаларды  араб,  парсы  тілдері-
нен аударып, түрлендіре қайта жырлады. «Айман-Шолпан», 
«Біржан мен Сара қыздың айтысы», «Алпамыс», тағы басқа 
халықтық  шығармалар  Жүсіпбектің  әзірлеуімен  тұңғыш 
рет жарық көрді. Ол қазіргі Райымбек ауданының Қарқара  
деген  өңірінен  медресе  ашып,  бала  оқытады.  Оның  бұл  
әрекетіне  қарсы  болған  патшалық  билік  орындары  «діни 
уағыз  тараттың»  деп  қудалайды.  1916  жылғы  ұлт-азаттық 
көтерілісі  кезінде  қудалауға  ұшыраған  елмен  бірге  Қытай 
жеріне  қоныс  аударады.  Онда  барған  соң  бірыңғай  ағар-
тушылық  қызметпен  айналысады.  Ол  1937  жылы  Қытай-
дың  Іле  Қазақ  автономиясы  ауданының,  Текес  ауылында 
қайтыс болады. Артына мол әдеби мұра қалдырған ағарту-
шы ақынның басына 1985 жылы ескерткіш орнатылады.
Оңтүстік  өңірден  талай  талантты  ақындар  шыққан. 
Мысалы,  Ергөбек  Құттыбайұлы,  Қызыл  Жырау,  Айтбай 
(Айтмұхамбет) Белгібайұлы, Сәдуақас, Байбосын т.т. 
Қазақ  –  өнерлі  халық.  Оның  ішінде  спорт  өнері  де  да-
мып жетілген. Осы салада үздік көрсетіштерге қол жеткізген 
қазақ  балуаны  Қажымұқан  Мұңайтпасұлы.  Ол  1871  жылы 
қазіргі  Ақмола  облысының  Қараөткел  ауылында  дүниеге 
келген.  Өмірі  Отырар  ауданында  өткен.  1948  жылы  Оң-
түстік  Қазақстан  облысының  Темірлан  ауылында  қайтыс 
болды.  Сүйегі  сол  өңірде  жатыр.  Темірлан  ауылында 
Қажымұқанның  мемориалдық  музейі  бар.  Астана,  Шым-
кент  қалаларындағы  орталық  стадиондарға  палуанның  
есімі берілген. 
Қазақтың  көне  саз  аспаптарын  іздеп  табуда  және  сол 
аспаптарының қай дәуірдікі екенін анықтап, атауын дұрыс 
айтуға  атсалысқан  білімді  де  білікті  азаматтың  бірі  Өзбе- 

396
кәлі  Жәнібеков  те  Отырардан  болатын.  Ол  кісі  қазақтың 
байырғы  киіз  үйінің  жабдықтарын,  ыдыс-аяқтарын  пайда-
лану  және  шығу  тарихын  зерттеп,  зерделеді.  Қазақтың  би 
өнерінің арғы-бергі тарихы жөнінде де көптеген құнды жазба 
деректер қалдырды. Өзекең Қазақстанда басшылық қызметте 
болды.  Әсіресе  мәдениет  саласын  өркендетуге  көп  үлес 
қосты. Торғай облысында хатшы болған тұста сол өңірдегі 
өнерлі  жастардың  басын  біріктіріп  «Торғай  толқындары» 
ансамблін  құрды.  Ол  артына  «Қазақ  киімі»,  «Жаңғырық» 
атты  тарихи-этнографиялық  кітаптар  қалдырды.  Марқұм-
ның сүйегі қазір Арыстанбаб қорымында жатыр.
Атақты айтыс ақыны марқұм Тәушен Әбуованың, Әсел-
хан  Қалыбекованың  есімдерін  өнер  сүйер  қауым  жақсы 
біледі.  Мұхтар  Шаханов,  Аманхан  Әлімов  та  осы  Отырар 
топырағының перзенттері. 
Оңтүстік  өңірдің  ендігі  бір  өнерлі  перзенті  –  Шәмші 
Қалдаяқов.  Ол  1930  жылы  Шәуілдір  ауданында  дүниеге 
келді. 1992 жылы Алматы қаласында дүниеден озды. Атақ-
ты  сазгер  62  жылдық  ғұмырында  артына  өлмес,  өшпес  
мұра  қалдырды.  Оның  жүрегінен  шыққан  әсем  әндерін 
қазақтың  еңкейген  кәрісінен,  ержеткен  жасына  дейін  сүй-
сініп айтады. Оның әндері шалқар шабытты, кең тынысты 
болып келеді. Туған жерге, өскен ортаға, ата-анаға, сүйген 
жарға  деген  сүйіспеншілік  оның  шығармаларының  бас-
ты  тақырыбы.  Шәмшінің  «Менің  Қазақстаным»,  «Бақыт 
құшағында»,  «Ана  туралы  жыр»,  «Сағынышым  менің», 
«Әнім сен едің» секілді әндерін Р. Бағланова, Б. Төлегенова, 
З.  Қойшыбаева  сияқты  жезтаңдай  әншілер  ерекше  шабыт-
пен орындады. Шәмші Қалдаяқов сазгерлік өнерден бақыт 
тапқан адам. 
Қысқасы,  Отырар  –  қазақ  тарихында  алар  орны  бөлек 
өзгеше өлке. Оның табиғаты мен тарихи сыры таусылмай-
тын  шежіре.  Ғасырлардан  ғасырға  ұласып  жатқан  шерлі  
тарихтан  алар  тағылым  мол.  Тек  оны  оқи  білу  керек.  Біз 
соның кейбір тұстарын ғана сөз еттік. Оқырманға жол тар-
тып  бара  жатқан  Отырар  перзентінің  қаламынан  туған  
мына кітап та осындай ізгі мақсатты көздейді деп білеміз.

397
м а з м ұ Н ы
тілғұмырлар
Қазақ лингвистері
Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937)  .... 5
Қазақ терминологиясының атасы  ...................................... 28
Қазақ терминологиясындағы Қ.Қ. Жұбановтың 
орны (1899-1938)  ................................................................. 37
Профессор Қ.Қ. Жұбанов және қазақ 
терминологиясының кейбір мәселелері  ............................ 50
Терминология мен аударма ғылымын 
қалыптастырудағы Қ. Жұбановтың рөлі  ........................... 58
Академик Нығмет Сауранбаев (1910-1958)  ...................... 68
Қазақ академиялық тіл білімін қалыптастырушы  ........... 74
Тіл мерейі  ............................................................................. 81
Алапат сезімге ие алпауыт тұлға 
(академик І. Кеңесбаев туралы)  ........................................ 86
Ұстаз (әйгілі тілші Мәулен Балақаев) (1907-1995)  ........ 102
Ол қазақ тіліне ғашық еді (М. Балақаевтың 
100 жылдығына орай)  ...................................................... 108
Адалдық пен әділеттің жаршысы (мемлекет және 
ғылым қайраткері Н. Оңдасынов) ................................... 117
Қазақ аударма ғылымын қалыптастырудағы 
С.О. Талжановтың рөлі  ..................................................... 129
Тұлпар бой жасырады… (Ә. Қайдар және 
тіл мәртебесі)  ................................................................... 137

398
Академик Ә.Т. Қайдармен сұхбат  .................................... 144
ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі 
Р. Ғ. Сыздықтың ғылыми, педагогтік және 
қоғамдық қызметі туралы сөз  .......................................... 156
Ғылымға өмірдің өзі әкелді  .............................................. 167 
Біз білетін Шөкең  .............................................................. 175
Еңбегімен есейген  ............................................................. 183
Тіл төріне шыққан еңбекторы  .......................................... 187
Өрелі ойдың иесі  ............................................................... 194
Профессор Талғат Сайрамбаевтың өмірі 
мен шығармашылығы  ....................................................... 200
Ұстаздық пен ғалымдықты қатар ұстаған 
(профессор Ә. Әбілақов 70-те)  ........................................ 208
С.М. Исаев және мемлекеттік тіл мәселесі  .................... 211
Екі тілді тел емген  ............................................................. 216
Қос қанатты ғалым  ............................................................ 220
«Жансерігім домбыра» (профессор 
Сапарғали Омарбеков туралы эссе)  ................................ 231
ҚазМУ – білім мен білік ордасы  ..................................... 237
Ұстаздарым менің  ............................................................. 240 
тілтұғырлар
Тіл жанашырлары
Өжет ой, өткір тілдің алдаспаны  ..................................... 252
Шал ақын жырларының тілі мен стилі хақында  ............ 258
Төле би туралы толғаныс  ................................................. 264
Халық ақыны Айтмұхамед Белгібайұлы туралы  ........... 269
Иса Байзақов өлеңдерінің тілдік өрнектері  .................... 274
Сәкен – қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 
алып беруші  ....................................................................... 279

Күй құдіреті (Ығылман Әлжанов туралы)  .................... 286
Ұлылық аясында  ............................................................... 294
Ө. Жәнібеков және тіл мен мәдениет хақында  ............... 297
Қазақ рухын асқақтатқан Шәмші Қалдыаяқов  ............... 308
Өлең сөздің білгірі (Зәки Ахметов 50 жаста)  .............. 318
Достықтың құдіреті (С.А. Қасқабасов 70-те)  ................ 330
Ұлттық рухымыздың классикалық тұғырлары 
(А. Егеубаевтың ғылыми еңбегі туралы)  ....................... 339
Қыз-ғұмыр тағдыр тағылымдары  .................................... 346
Композитор Ілия Жақанов  ................................................ 353
Созақтан қосылған үш тұлпар (К. Сыздықовтың 
70 жылдығына орай)  ........................................................ 362
Ой әлеміндегі Әбдеш  ........................................................ 371
Сен қалдырған іздер... (Мыңкең туралы сыр)  ................ 378
Қаламыма қайрат берген «Егемен...»  .............................. 385
Ұрпақ тәрбиесінің ұстындары  ......................................... 389
Ойға бөлер Отырарым менің...  ........................................ 391

өмірзақ айтбайұлы
тілғұмырлар 
(Қазақ лингвистері мен 
тіл жанашырлары)
Редакторы Ғарифолла Қабдолқайырұлы
Корректоры Шәрипа Жамықаева
Беттеуші Нұрбүбі Садықова
Дизайнері Нағым Нұрмағамбетов
Басуға 17.07.2014 қол қойылды.
Пішімі 84х108 
1
/
32
 . Офсеттік қағаз.
Баспа табағы 25,0. Шартты баспа табағы 21,0.
Таралымы 4000 дана.
ЖШС «Абзал-Ай»
050009, Алматы қаласы
Абай даңғылы, 143, 425-кеңсе.
тел/факс: 8(727) 394 38 32, 385 74 67
E-mail: Bekbosin-serik60@mail.ru
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
«Dalaprint» баспаханасында басылды.
050056, Алматы қаласы, Ереван көшесі, 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет