Б. Туынды сөзді сөзжасамдық мағынасына қарай топтау, ол туралы пікір.
Туынды сөз
Туынды сөздер деп сөздердің тек қана синтетикалық тәсіл арқылы жасалуын ғана емес, барлық сөзжасам тәсілдері: сөзқосым, сөзтіркесім, сөзқысқарым, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалып, сөздік құрамға кірген сөздерді айтамыз.
Синтаксистік туындыда туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасынан алшақ кетпейді, тек одан айырмашылығы туынды сөз субстантивтенеді, басқа сөз табына ауысады, басқа синтаксистік қызмет атқарады. Мысалы, бала жылады, балаша жылады дегендегі балаша сөзі қимылдың қалай орындалғандығын білдіріп, үстеудің қызметін атқарып тұр.
Лексикалық дериватта туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасынан алшақтап, басқа бір мағына білдіреді. Мысалы: бал-балгер,етік-етікші, т.б..
Негіз бен туынды арасындағы қатынас
Транспозициялы қатынас. Негіз сөз жасау процесінде басқа сөз табына ауысады: шеге – шегеле, еміз –емізік.
Модификациялы қатынас. Туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасынан алшақ кетпейді: үй - үйшік, қызыл -қызылырақ.
Баламалы қатынас. Туынды сөздің мағынасы негіздің мағынасына баламалы түрде келеді. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаты.
Мутациялық қатынас. Туынды сөздің мағынасы негіздің мағынасынан алшақ кетпейді. Мысалы, балық - балықшы, біл – білім.
Әдебиеттер:
Сөзжасамдық мағына
А. Сөзжасамдық мағына, оның лексикалық мағынаға қарсы және грамматикалық мағынадан айырмашылығы.
Ә. Жалпы және жеке сөзжасамдық мағына.
Б. Лексикалық және синтагматикалық деривация.
Лексикалық мағына жекелеген сөздің нақты мағынасы, грамматикалық мағына жалпылама, категориялық мағынасы болса, сөзжасамдық мағына бірнеше сөзде қайталанып отыратын ортақ мағына болып табылады. Мысалы, малшы, қойшы, егінші, арбакеш, қаламгер,т.б. туынды лексемалардың бәріне ортақ, қайталанып отыратын мағына - мамандық, кәсіпті білдіретін адам деген мағына