Омоним, синоним, сөз варианттары, антоним, табу, эвфемизм, дисфемизмдер



бет7/7
Дата29.04.2023
өлшемі456,5 Kb.
#88323
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Созжасам зертт

Ұяның түрлері

  • 1.Ұя-сөз. Яғни бір сөздің ғана ұясы. Негіз сөз жаңа сөз жасауға қатыспайды. 2. Ұя-қосақ. Негізден бір ғана туынды сөз жасалады. Мысалы: асау-асаулық, апта-апталық, т.б.
  • 3.Ұя-тізбек.Туынды сөз бірінен кейін бірі туындап отырады.
  • Мысалы, жаттықтырушы сөзі оған дәлел.
  • 4.Жарыспалы ұя. Туынды сөздер негізден жарыса таралып жатады. Мысалы: сурет-суретші-суреткер,т.б.
  • 5.Аралас ұя. Мұнда тізбекті ұя мен жарыспалы ұя катар, араласып отырады. Мысалы: біл-білім-білгір, білгірлік білімді-білімсіз-білу-білгіш-білгіштік,т.б. Мұндағы біл-білім- білімді -білімділік-тізбекті ұя болса, білім-білу, білдір-т.б. жарыспалы ұя болып табылады.

Сөзжасамдық тарам және саты

  • "Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады" [Оралбай, 97 б.]
  • А.Н. Тихонов: "Словообразовательная парадигма - это совокупность всех непосродственно производных того или иного производящего" [61, 41 б.].

Сөзжасамдық тарамның ерекшелігі

  • Ұяның түп негіз сөзі сөзжасамдық тарамның құрамына кірмейді, ал ол ұяның құрамына кіреді, сондықтан ұяның құрамы тарамнан кең деп санайды.
  • Ұя бір түп негіз сөзден жасалады, бір ұядағы тарам әр негізден жасалады. Бұл ретте тарам мәні ұядан кең.
  • Сөзжасамдық тарам тек тік қатардағы сатыда жасалады, ал ұя әрі тік қатарда, әрі көлденең қатарда жасалады, сондықтан ұя тарамнан үлкен болады.

Сөзжасамдық саты -

  • Бір негізден тараған көлденең қатардағы ұядағы сөздердің жиынтығы.
  • Негіз
  • 1-саты
  • 2-саты
  • 3-саты
  • 4-саты
  • біл
  • білім
  • білімді
  • білімдар
  • білімпаз
  • білімсіз
  • білімділік
  • білімдарлық
  • білімпаздық
  • білімсіздік
  • білгір
  • білгірлік
  • білгіш
  • білгіштік
  • білік
  • білікті
  • біліксіз
  • біліктілік
  • біліксіздік
  • 4
  • 8
  • 6

Перифраз

  • Туынды сөздің мағынасын түсіндіру жолын сөзжасамдық перифраз деп атауға болады. Мысалы: балықшы - балық ау лайтын адам, бағым-мал бағатын орын, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет