1.Ұя-сөз. Яғни бір сөздің ғана ұясы. Негіз сөз жаңа сөз жасауға қатыспайды. 2. Ұя-қосақ. Негізден бір ғана туынды сөз жасалады. Мысалы: асау-асаулық, апта-апталық, т.б.
3.Ұя-тізбек.Туынды сөз бірінен кейін бірі туындап отырады.
Мысалы, жаттықтырушы сөзі оған дәлел.
4.Жарыспалы ұя. Туынды сөздер негізден жарыса таралып жатады. Мысалы: сурет-суретші-суреткер,т.б.
5.Аралас ұя. Мұнда тізбекті ұя мен жарыспалы ұя катар, араласып отырады. Мысалы: біл-білім-білгір, білгірлік білімді-білімсіз-білу-білгіш-білгіштік,т.б. Мұндағы біл-білім- білімді -білімділік-тізбекті ұя болса, білім-білу, білдір-т.б. жарыспалы ұя болып табылады.