Негізгі бөлім. 1.Антропономика жасалу жолдары. Антропонимдер кісі аттарынан тұратын жалқы есімдердің ірі разряды. Антропонимдер кісі аты, әкесінің аты, фамилиясы, лақап аты, бүркеніш аты, қосымша аты, андроним, гикеконим, патроним сияқты кластарға бөлінеді. Антропоним формуласында, атау беру уәжінде, атау құрылымында байқалатын әр халыктың өзіндік атау беру дәстүрі бар. Кез келген халыктың антропономдық қоры (антропонимдер жиынтығы) кұрамы жағынан әр түрлі. Антропонимдерді ономастиканың арнайы бөлімі - антропонимика зерттейді. Қазіргі антропонимдік жүйенің қалыптасуы мен дамуы бірыңғай қарастыруға мумкін емес өте күрделі және ұзақ үрдіс. Пейоративті жене аугментативті есімдер жасалуында арнайы аффикстер қатысатын орыстың бейресми есімдеріне тән. Қазақ антропонимиясында сыйластык есімдер, яғни жасы, дәрежесі үлкен, әлеуметутік жағдайы жоғары кісілерді қарату үшін қолданылатын есімдер бар: Баянжаннан - Боке, Халелден - Халеке. Сачаттан - Соке. Есімдердің бұл түрі ертеректе тек ер адамдарға қатысты қолданылған, кейінірек әйел есімдеріне де қатыстырып айтыла бастады: Бубіштен Буке. Розадан - Роке. Кез келген субъективті бағаға ие барлық ресми есімдер квалитативті есімдер тобын көздиді. Субъективтік баға қолданыс аясына қарай қатынас жағдайына, мәтін ішінде қолданысына ыңғай өзіндік нақысқа ие сөзжасамдық құралдарымен анықталады. Мәтін ішіндегі қолданысы атаудың квалитативтігін анықтау үшін өте маңызды себебі, А. Вежбицкаяның айтуы бойынша, кейбір пом пейоратив жұрнақтар (мысалы, орыс тілінде әмбебап мағынаға ие -ка жұрнағы) пейоратив болмауы мүмкін, себебі, олар кей жағдайда сезімді, жақын, достық қатынасты білдіруі мүмкін. Жоғарыда айтылғандай атау берудің антропонимдік формуласы қатаң емес. Мысалы, зерттеушілердің пікірі бойынша, ат+әкесінің аты вокативті моделі сияқты ұлттық орыс тілінің этнолингвистикалық феномені болып табылатын үш компонентті құрылым фамилия+аты+ әкесінің аты орыс халқына тән. Бүл кұрылым кеңестік дәуірде тұрғындарды жекелеу және тіркеу мақсатында КСРО барлық территориясына таратылған болатын. Сондықтан, мысалы, қазақ антропонимиконында үш тағанды есім ресми түрде қолданылады. Қазіргі кезде бұл формула жанғырып келе жаткан ұлы, тегі, қызы антропонимдік элементтер арқылы немесе аффикссіз берілетін қазақтардың тарихи ұлттық формуласымен қатар қолданылуда (Қойбақов Бауыржан Мелдебекович, Мусабаев Мәди Маратулы, Мустафа Әулет Арманұлы. Жоламантегі Қабидолла Досманбетұлы, Көкетайтегі Темірғали Ебілдаулы, Шерхаи Муртаза. Баянжан Ерік, Күзембайұлы Аманжол Қожахметұлы Кеңесбай т.б.). Антропонимдердің жеке түрлері үшін әр түрлі болатын семантикалық модельдер лексика-семантикалық топтастыру арқылы ажыратылады. Кісі аттарын бірнеше түрде топтастырады. Мысалы В.А. Никонов кісі аттарын үш топка бөлген: а) анықтамалы есімдер (дескриптивтер). ә) тілек-есімдер (дезидеративтер), б) арнау-есімдср (меморативтер). Әр топ бірнеше топшалардан тұруы мүмкін. Қазақ антропонимдерін зерттеуші Т. Жанұзаков В.А. Никонов классификацнясы негізінде есімдердің төртінші тобын мәдени-тарихи немесе өлшеулік, негізінен діни наным-сенімдерге, табу және қазақ халқының мәдени дәстүрлеріне байланысты есімдерді бөлу арқылы қарау. Ономастика - ғылыми пән қазақ кісі аттарының толық лексика-семантикалық топтастырылуын жасады. Орыс, славян, еуропа, түркі, шығыс антропонимдсрінің үлкен қабатын талдай отырып, А.В. Суперанская әр халыктың типалогиялық ұқсастықтарын анықтайтын, адамзат пен қоршаған орта қатынасының ортақтығына, ойлау, қабылдау түрлерінің ұқсастықтарына негізделетін типтік және раритетті антропонимдік негіздерді анықтады. А.В. Суперанскаяның классификациясы кез келген халық тілінде адам, оның денесі, туыстық қатынас, табиғат құбылыстары, материалды мәдениетті білдіретін лексемалар бар деген В.Г. Богораз-Тан тұжырымына сүйенеді. Бұл төрт топқа А.В. Суперанская антропоним жасайтын келесі лексемаларды қосады: әлеуметтік мәдениет, қарым-қатынас және олардың параметрлері, антропоним құрамындағы әр түрлі жалқы есімдер. Бұл классификация әр түрлі белгілі бір разрядқа қатысты жалқы есімдердін ерекшеліктеріне қарай әp түрлі модификациялы антрононимдерді топтастыруға негіз болады. Шығыс халықтарының, мәселен, Вьетнам халқының қазіргі есімдері құрамында географиялык атау, пайдалы қазбалар атаулары, рәміздер атаулары, Вьетнам мәденнетіне тән жыл мезгілдері, өсімдік және құстар атаулары, жалпы адамзаттық құндылықтар, тарихи үрдістер бар. Вьегнам антропонимиясында әкесінің, атасының аты, тарихи оқиғалар, ескерткіштер, саяси қызметкерлердің есімдері берілмейді, оларды өзгертуге болмайды, себебі, кісі есімдері әулие болып есептеледі. Әр түрлі тілдік қатынас, ақпарат алу кеңістігінің кеңеюі көптеген халықтардың антропонимдік жүйесінен ана тіл тұрғысынан тусіндірілмейтін шет тілді аттарды кездестіруге болады. Олар реципиент (қабылдаушы) тіліне фонетика және морфология тұрғысынан бейімделеді, егер өзге халықтардың атаулары бейімделудің барлық сатысынан өтсе, онда оларға ана тілінін фактісі ретінде қарауға болады. Қазақ антропонимдік жүйеге кейбір есімдер ислам дінін қабылдаған кезде енген, сондықтан онда араб-иран есімдері бар, бірақ олар тіл иелері үшін ана тіліне сіңісіп кеткен, өзге есімдер деп саналмайды, себебі, ұзак уакыт бойы қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық жүйесіне бейімделген (Асан. Ахмет, Иса, Жамал. Әлия. Әсия. Ғалия т.б.). Дегенмен, қазақ антропонимикасын негізін түркі және қазақ тілнің есімдері құрайды. Орыс антропонимикасындағы орыс есімдерінің көбісі уакыт өтуіне қарай қолданушылар үшін ана тілдік болып саналғанымен шығу тегіне қарай грек, латын, көне еврей тілі сөздері (Лариса. Ксения. Анна. Тамара. Виктор, Александр. Илья т.б.). Ресей тарихынан ономастардың зерттеулерінен орыс есімдерінің сөздігіне көп есімдер христиан дінін қабылдау (X ғ.) кезінде енгізілгендігі анықталған. Олар көбіне орыс антропонимдік жүйеде бұлынғыр ішкі формасымен ерекшелінетін Неждан. Нехлюд, Забава. Пятак. Мешок. Бессон т.б. көне орыс есімдерін тобымен алмастырды. Т. Жанұзаковтың бақылауы бойынша, қазақ кісі аттарының семантикасы анық, себебі олардың көбі қазақ халқына түсінікті қазіргі лексикалық жүйедегі қолданылып жүрген сөздерден жасалған (Асылжан. Арман. Қайрат. Талғат. Ұлпан. Нұрсұлу. Қамар. Айгүл т.б.). Қазіргі кезде балаларына әдемі, сәнді есімдерді беру көрініс алып келеді. Сонымен катар ата-ана мазмұны жағынан ғана көркем емес, естілуі жағынан да жағымды есімдерді таңдайды. Қазіргі атаулардың интернационалдық тенденциясы да қызыкты: балаларға ағылшын тіліне оңай өзгертілетін интернационалды есімдерді береді (Дана - Dana. Жанна - Janna. Jane, Жанат - Janet. Эрик - Erik т.б.). Антропонимдер шығу тегі бойынша, негізінен, екінші текке жатады, яғни олар тілдің апеллятив лексика негізінде жасалады. Қазіргі антропонимдік жүйеден қазақ фамилиялары мен әкесінің есімдерінің өзіне тән даму тарихы бар. Қазақ фамилиялары XVIII-XIX ғасырларда қалыптасып, төлқұжаттық жүйеге ресми кірді енгізілген пікіріне қарамастан олардың деректерін тарих қойнауынан табуға болады:. Көне түркі және соңғы түркі дәуірлердің антропонимдік жүйесінен кісі аттарынан басқа ру, шыққан жерінің атауы адамды жекелеуде қосымша ретіндс қолдану дәстүрі болтыны белгілі (Эбу Насыр әл Фараби, ягни Фараб қаласынан шыққан. Жусіп Баласұғын - Баласұғыннан. Махмуд Қашғари - Қашқардан. Мухаммад Хайдар Дулати - дулат руынан). Ертеректе әйгілі кісі аттарына әкесінің аты қызметін атқаратын әкесінің, атасының есімдері, ру, лақап аттары қолданылған (Бурхан ад-Дин Ахмад бин Аби Хафс бин Йусуф алъ-Фараби, мұнда Бурхан ад-Дин Ахмад - кісі аты. Аби Хафс - әкесінің аты. Йусуф - атасының аты. Фараб туып өскен қаласы). Бұл модельдер көне заманнан келе жатқан араб-иран әсерінің көрсеткіші. Түркі антропонимиясының қалыптасуына өз ықпалын тигізген араб және иран есімдері қазіргі кезде де жиі кездеседі. Жалпы антропонимдер зерттеуінің негізінде әрбір халықтың өзіндік лингвомәдени, танымдық ерекшеліктерін, әмбебап белгілерін анғаруға болады.