«Өндіірістік іс тәжірибе»


Байқау және бақылау тәжірибесі – «Тәрбиешінің дербес іс-әрекеті»тәжірибесінің



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата07.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#20930
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байқау және бақылау тәжірибесі – «Тәрбиешінің дербес іс-әрекеті»тәжірибесінің 

негізгі міндеттері: 

-  студенттерді мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлай 

білуге, балалармен іс-шаралар өткізуде білімдерін, біліктіліктерін дағдыларын 

іскерлікпен пайдалануға дағдыландыру; 

-  әрбір баланың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар 

ұжымымен дербес жұмыс жүргізу. 

Байқау және бақылау тәжірибесінің алғашқы апталарында машықкер тәрбиеші іс-әрекетін 

бақылай отырып, қажетті білім, білік, дағдыларды үйрене отырып, практиканың кейінгі 

апталарында меңгерген іскерлік-дағдыларын балалармен жұмыста қолданады. 

Байқау және бақылау практикасы - негізгі әдіс-тәсілдерін әдіскерлер анықтайды, оқыту-

тәрбие жұмыстарына басшылық жасайды. Машықкерлерге мектепке дейінгі ұйымдарда 

жаз мезгілінде ұйымдастырылып, өткізілетін іс-әрекеттер жайлы толық мағлұмат беріледі.  

Әр жыл мезгіліне сай жалпы білім берудің бағдарламаларына сүйене отырып ойын, 

мақсатталған серуендерге көп уақыт бөлінеді, сол себепті студенттер балалардың ауа-

райына сай киінулерін ескерулері қажет. Балаларды серуенге, экскурсияға апарғанда 

қауіпсіздік ережелерін сақтап, балалар жарақат алатын заттардың болмауын қадағалау. 

Шынықтыру процедураларының ағзаға әсерін жан-жақты анықтай отырып, күн сайын 

оларды жүргізу. Ата-аналарды балабақша өмірімен толығырақ таныстыру мақсатында 

түрлі пайдалы кеңестер беру, ата-аналарға ағартушылық жұмыстар өткізіп сауық-кештер 

ұйымдастыру. 

Студенттер байқау және бақылау практикасы барысында жеке әдістемелерден, мектепке 

дейінгі педагогика, мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы пәндері бойынша алған 

білімдерін пайдалана отырып, сабақ жоспарларын әдіскерлермен және тәрбиешілердің 

басшылығымен құрастырады. Мектепке дейінгі ұйымда әр түрлі іс-шаралар дайындау 

кезінде студенттер әдіскерлерден және балабақша тәрбиешілерінен кеңес алады. 

Студенттер іс-шаралар өткізген кезде көрнекі әр түрлі құралдар, соның ішінде кажетті 

дидактикалык материалдарды алдын-ала дайындайды. Байқау және бақылау практикасы 

кезінде студенттер балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-

қатынас жасайды, іс-шаралардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдер мен 

технологияларды таңдап пайдаланады. Педагогтардың озық тәжірибелерін қарастырып, 

өздерінің жұмысында қолдана білуге дағдыланады. Тәрбиешілердің және топтағы 

балалардың іс-әрекеттерін бақылап, күнделік жүргізеді.  

Практикадан өтудің студенттер үшін маңызы: өздері таңдаған мамандықтары негізінде 

болашақта еңбек жолдарын жалғастыруға ықпал етеді. 

Байқау және бақылау практикасының мақсаты мен негізгі міндеттері оқу жұмыс 

бағдарламасымен айқындалады. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы 

бойынша байқау және бақылау практикасы барысында студенттер тәрбиеші көмекшісінің 

іс-әрекетін, режимдік процестерді бақылып, дербес орындауға дағдыланады.  

Студенттер практика барысында тәрбиешілердің үлгі сабақтарын көрсетіп, талдауға 

үйренеді. Әр әдістемеден сабақ жоспарын құрып, оны балалармен ұйымдастырып өткізу 

дағдыларын игереді. Сондай-ақ, студенттер балалармен жұмыс істей білуге, олардың даму 

деңгейін бағалай және талдай білуге, баланың одан әрі дамып жетілуіне бағытталған 

тәрбие жұмысын жоспарлай білуге үйренеді. Машықкерлер мектепке дейінгі ұйымдарда 

жүргізген тәжірибелерін бекітіп, соның негізінде есеп жазады, ал тәрбиешілер 

машықкерлерге жазбаша түрде мінездеме береді. Машықкерлер байқау және бақылау 



тәжірибесі барысында жүргізген және жинақтаған білімдері, іскерлік-дағдылары бойынша 

диффериенцалды сынақ тапсырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет