Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын талдау
Тәрбиешінің аты-жөні
Білімі: _________________ Өтілі
Күні
б/б №
Тақырыбы
Топтың аты
бала саны
Мақсаты:
№
Бағыты
Жақсы
Орташа Төмен
1.
Сабаққа дайындық:
• Жиһаз.
• Көрнекілік.
• Жазба (жоспар).
2.
Тәрбиешілік әрекет:
• Қойылған мақсат.
• Білімділік тапсырмасы.
• Дамытушы тапсырмалар.
• Тәрбиелік тапсырмалар.
3.
Әдіс - тәсілдер:
• Сұрақтар.
• Түсіндіру.
• Үлгі.
• Шығармашылық ерекшелігі.
4.
Тәрбиешінің сөйлеу мәнері:
• Сөйлеу техникасы.
• Білімділік.
5.
Әрекеттерді бағалау.
6.
Балалардың белсенділігін арттыруға
қолданылатын әдіс - тәсілдер.
7.
Балалардың әрекеті:
• Сұраққа жауап бере білуі
• Тапсырманы дұрыс орындай білуі
• Ойындардың шартын дұрыс ойнауы
• Үлестірмелі материалдарды қолдана
білулері
8.
Ақыл - ой белсенділігі.
9.
Сабақтың нәтижелілігі.
10.
Қойылған мақсатқа жетуі.
Қорытынды:
Ұсыныс:
Көркем құрастыру сабағын талдау
Тәрбиешінің аты-жөні
Білімі: _________________ Өтілі
Күні
б/б №
Тақырыбы
Топтың аты
бала саны
Мақсаты:
№
Бағыты
Жақсы
Орташа Төмен
1.
Сабаққа дайындық:
• Жиһаз.
• Көрнекілік.
• Жазба (жоспар).
• Көркем құрастыру құралдары
2.
Тәрбиешілік әрекет:
• Қойылған мақсат.
• Білімділік тапсырмасы.
• Дамытушы тапсырмалар.
• Тәрбиелік тапсырмалар.
3.
Әдіс - тәсілдер:
• Сұрақтар.
• Түсіндіру.
• Үлгі.
• Шығармашылық ерекшелігі.
4.
Тәрбиешінің сөйлеу мәнері:
• Сөйлеу техникасы.
• Білімділік.
• Құрастыруды үйрету
5.
Әрекеттерді бағалау.
6.
Балалардың белсенділігін арттыруға
қолданылатын әдіс - тәсілдер.
7.
Балалардың әрекеті:
• Тапсырманы дұрыс орындай білуі
• Көркем құрастыруға деген қызығушылығы
• Құралдарды дұрыс пайдалана білуі
8.
Ақыл - ой белсенділігі.
9.
Сабақтың нәтижелілігі.
10.
Қойылған мақсатқа жетуі.
Қорытынды:
Ұсыныс:
Жапсыру сабағын талдау
Тәрбиешінің аты-жөні
Білімі: _________________ Өтілі
Күні
б/б №
Тақырыбы
Топтың аты
бала саны
Мақсаты:
№ Бағыты
Жоғары Орташа Төмен
1.
Сабаққа дайындығы.
• Алдын ала жасалынған жұмыстар
• Жағдай туғызу, жабдықтар, үлгінің болуы,
жапсыруға арналған құралдарының барлығы.
• Тәрбиешінің әрекеті: жұмыстың жасалынуын
түсіндіру, балалардың түсіндірілген бойынша
қабылдауын тексеру (сұрақ), көрсетудің
сапасы, жеке ыңғайын табу.
• Балалардың жұмыстарын талдау.
• Жапсырудың талаптарының орындалуы
• Тәрбиешінің саусақ бұлшық еттерін дамытуға
бағытталған жаттығулары
2.
Балалардың әрекеті:
• Жекешелік, шығармашылық.
• Техникалық қабылдаудың сапасы.
• Балалар білімінің пәндік жақындығы.
• Түстер, бөлшектер өзгешеліктері туралы
балалардың білімдері.
• Қайшыны, желімді пайдалана білуі
• Бөлшектерді дұрыс жапсыра білуі
3.
Нәтижелілік:
• Біткен жұмыс
• Шығармашылық ыңғайы
• Жинақтылық
• Тазалықты сақтауы
Қорытынды:
Ұсыныс:
Мерекелік ертеңгілікті талдау
Жүргізушінің аты-жөні
Білімі: _________________ Өтілі
Күні
б/б №
Тақырыбы
Топтың аты
бала саны
Мақсаты:
№ Бағыты
Жоғары Орташа Төмен
1.
Ертеңгілікке дайындығы.
• Залды безендіру
• Алдын ала жасалынған жұмыстар
• Ертеңгіліктің үлгі жоспары
• Билерге арналған құралдар
• Ойындарға арналған құралдар
• Таңғажайып сәт
• Балалардың киімдері
2.
Балалардың әрекеті:
• Жекешелік, шығармашылық.
• Ән айту, өлеңнің сөздерін білуі
• Өлең-тақпақтарды мәнерлеп айтуы
• Сахнаға шығу әдісі
• Би ырғағының дұрыс орындалуы
• Ойынның шартын білуі, ойнай алуы
3.
Жүргізуші-тәрбиешінің әрекеті:
• Жүргізушілік шеберлігі
• Ертеңгіліктің ретін білуі
• Киім, кіру, шығу әдісі
• Мәнерлеп айтуы
• Жүргізушінің қағазы
• Балаларды дұрыс басқара білуі
4.
Музыка жетекшісінің әркеті:
• Ертеңгіліктің тақырыпқа сәйкестігі
• Бидің дұрыс таңдалуы
• Би қозғалысының бала жасына сәйкестігі
• Ертеңгілікте өзін-өзі басқара білуі
• Ертеңгіліктің үлгі жоспары мен өтілу ретін
білуі
• Ойын кезіндегі әуеннің дұрыс орындалуы
Нәтижелілік:
• Ертеңгіліктің өтілуі
• Шығармашылық ыңғайы
• Жинақтылық
• Тазалықты сақтауы
• Тәртіптілікті сақтау
Қорытынды:
5. Балабақшадағы тәрбиешілерге арналған нұсқаулық
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша балабақша тәрбиешілеріне
арналған нұсқаулық
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты балабақшаның барлық
тәрбиешілері орындауға міндетті. Тәрбиешілер балалардың өмірі мен денсаулығы
үшін жеке басымен жауап береді. Тәрбиешілер баланың мінез-құлқы мен тәртібін
режимнің барлық сәтінде байқап-бақылап отырулары, жарақаттан сақтандыруға көңіл
аударуы тиіс. Балалардың балабақша ішінде, балабақша территориясынан тыс жерде
жүріп-тұруы барысында, сондай-ақ оқытудың техникалық құралдарын (теледидар,
компьютер және т.б.) пайдаланған кезде қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,
олардың балабақша аумағынан сыртқа кетуіне жол бермеу. Бала өздігінен кетіп қалған
жағдайда тәрбиеші жедел оны іздестіруді ұйымдастырып, бұл туралы әкімшілікке
хабарлауы тиіс. Балаларды үйлеріне жалғыз жіберуге, оларды бөтен, мас күйдегі
адамдарға беруге тыйым салынады. Баланы балабақшадан алуға сенім білдірілген
адамдарына қатысты ата-аналармен ертерек келісіп, ол ата-анасы мен сенім білдірілген
тұлға растаған сенімхатпен ресімделуі қажет. Балалармен сабақ өткізген кезде ҚТ сақтап,
оларды еңбектің қауіпсіз әдістеріне үйрету. Сабақтарда сіріңке және басқа да қауіпті
материалдарды қолдануға болмайды. Учаскеде, топта, дәлізде және баспалдақ
алаңдарында өзін-өзі ұстау тәртібінің қауіпсізсіздігі туралы балаларға үнемі нұсқаулық
беру. Балаларды серуендеу кезінде топқа жалғыз жібермеу. Әрдайым балалардың қасында
болу. Серуен алдында телімде қауіпті заттар мен өсімдіктердің бар-жоғын қарау. Балалар
өрмелегенде және спорт жабдықтарымен айналысқанда ( әткеншек тебу, карусель,
гимнастика қабырғаларымен, спиральмен өрмелеу, орындықтармен және бөренемен жүру)
оларды сақтандыру қажет. Балалардың жарақаттануын болдырмау үшін барлық
стационарлық балалар жабдықтары, портреттер, картиналар, шкафтар, сөрелер және т.б.
еденге немесе қабырғаға бекітілуі тиіс. Сабақты ұйымдастыру және өткізу
жөніндегі балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық Балалардың қауіпсіз тәртіп
ережелерін игеруі және айналысындағы заттарға дұрыс қарауы үшін оларға осы заттардың
қасиеттері туралы түсінікті, қарапайым түрде білуге баулу. Баланы абай болуға үйрету,
оның саналы түрде жарақаттану қаупі бар жағдайлардан алшақ болуға көмектесетін
мақсаттарын қалыптастыру. Баланың бүкіл белсенді қызметі үрдісінде қауіпсіз мінез-
құлық тәртібі дағдыларына тәрбиелеу. Барлық сабақтарда, әсіресе құрастыру, қол еңбегі,
апликация сабақты кезінде балаларды түрлі заттарды (қайшы, ине, табиғи материалдар
және т.б.) қауіпсіз қолдана білуге үйрету. Сабақтарда қолмен ұсақ-түйек жасағанда
материал ретінде сіріңкені және басқа да балалар денсаулығына зиян
заттарды пайдалануға болмайды. Сабақты ұйымдастырып, өткізу кезінде табиғи
жарықтың болуына (жарық сол жақтан түсуі тиіс) көңіл аудару. Сабақ өткізген уақытта
бір де бір бала топтың басқа үй-жайында жалғыз қалмауын қадағалау. Қауіпсіздік
ережелері туралы нақты әрбір сабақта балаларға нұсқаулық беру. Сабаққа арналған
жабдықтарҚТ талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сабақты ұйымдастыруға қойылатын
санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
Жаз мерзімінде баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі балабақша
тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық Балалар топта болған уақытта күні бойы ауа-жылу
режимін сақтау. Балалар жоқ кезде, топтық бөлмеде – балалар ұйықтағанда немесе
серуендегенде желдетілуі керек. Балалар серуенге баспалдақпен түскенде ҚТ сақтай
отырып, ұйымдастырыла шығарылады: балалар төменгі қанат-қоршаулардан ұстап, бірін-
бірі итермеуі және қумауы тиіс. Балалар серуендейтін телім алдын ала қауіпті заттар мен
өсімдіктердің бар-жоғына тексеріледі, ондағы жабдықтар балалардың ойнауына қауіпсіз:
берік, шығып кеткен шеге мен босаған тақтайларсыз болуы тиіс. Құммен ойнайтын
орында таңертеңгі және кешкі серуеннен кейін құм қазылып, конус тәрізді етіп бір жерге
үйіледі. Баллаар құммен ойнағанда олардың оны лақтырмауын және бір-бірне шашпауын
бақылау қажет. Балларға құмның көзге түсуі мүмкін екендігі ескертіліп,
айтылады. Балалардың бассейнге шомылуы қатаң түрде кесте бойынша және тәрбиеші
немесе медицина қызметкері қатысуымен өткізіледі. Балалар шомылған кезде шомылу
мен демалу уақыты кезектестіріліп, уақыт мөлшері сақталады. Ыстық уақытта қызып
кетуді болдырмас үшін балалардың басына жеңіл әрі жұмсақ бас киімдер кигізілуі
тиіс. Әткеншек тепкенде және ойын төбешіктеріне шығып-түсіп, спиральдарға,
баспалдақтарға өрмелегенде балалар міндетті түрде сақтандырылады. Ыстық мерзімде су
ішу режимін сақтау қажет: балаларға қайнатып суытылған су немесе шырын
ішкізу. Баланың бойы жететін деңгейде ілгек пен шеге қағуға, үй-жайды безендіргенде
кнопка, ине, скрепка және басқа да үшкір заттарды қолдануға тыйым салынады. Бөлме
өсімдіктерінің астындағы нәрселері орнықты болуы тиіс, гүлді кашпоны шешінетін
шкафқа, топтық және дәретхана бөлмелеріне орналастыруға жол берілмейді. Қандай
жағдай болса да балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Балалар мен ата-аналарға
дәрілік препараттар (витаминдар, сироптар және т.б.) әкелуге және беріп жіберуге рұқсат
етпеу. Балаларды қабылап алған уақытта олардың өздерімен өмірлері мен
денсаулықтарына қауіп төндіретін майда, қажетсіз заттарды (ұсақ моншақ, тиын, түйме,
шаш қыстырғыш, сақина және т.б.) әкелмеуін бақылау. Балалар топта
болғанда дәретханада, топта және ұйықтайтын бөлмеде торы жоқ терезелерді ашық
қалдырмау. Балаларға қауіпті деген сабаққа арналған қажет жабдықтарды, сондай-ақ
зарарсыздандыратын ерітінділер мен жуу құралдарын бала қолы жетпейтін орында ұстау.
Балабақшада болған уақытта туындауы мүмкін қауіпті жағдайлар бойынша нұсқауларды
балаларға үнемі үйрету. Балабақшадан тыс жерлерде балалармен экскурсия өткізу және
серуендеу жөніндегі нұсқаулықты сақтау.
Қыс мерзімінде баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі балабақша
тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық
Күні бойы балалар топта болған уақытта жылу режимін сақтау керек. Терезелер жабық,
үй-жай жылытылған болуы тиіс. Серуен алдында балалар ойнайтын жерді даярлап қою
керек: жолды, сырттағы басқышты, орындықтар мен қалқа шатырды қардан, мұздан
тазалау. Жалғызаяқ жол мен орындықтарды тазаласуға тек үлкендеу балаларды тартуға
болады, олар үшін балаларға арналған ағаш күректер болғаны жөн. Еңбек қызметтері
тәрбиешінің қадағалауымен жүреді. Мұз төбешіктерден сырғанау тек тәрбиеші
бақылауымен ғана рұқсат етіледі. Шанамен сырғанағанда балаларды сақтандыру қажет.
Шанамен сырғанаған кезде балаларды сақтандыру қажет. Бала бақша аумағында
серуендеген уақытта балаларға қар не мұз түзуден сақтану үшін ғимаратқа жақындамаған
жөн. балалрды қармен ойнаудың ережелерімен таныстыру: қар мен мұзды ауызға салуға,
бір-бірімен мұзбен атысуға болмайды, қармен тек қолғаппен ойнау. Сыртқы ортамен
байланысты туындайтын жарақаттану қаупі бар жағдайларды дер кезінде жою. Балаларды
жарақаттанудың алдын алу негіздеріне үйрету: қыста жолда абайлап жүру, мұз жолда
сырғанақ теппеу, ересек адамның қолынан ұстау, шанамен жүргінші жолы
бойында сырғанамау. Балалардың серуенде тоңазып қалмауын бақылап отыру.
Көктемгі-күзгі кезеңде баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі балабақша
тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық
Серуенге шығар алдында жерде балалар үшін қауіпті заттардың бар-жоғын тексеру:
сынған шыны, сым, шығып тұрған шеге. балалардың ауыздарына бөтен заттарды,
өсімдіктерді, саңырауқұлақты салмауын бақылап отыру қажет. Жаңбырлы күндері
балалардың үстінде серуендеуге сай киімдерінің болуын қадағалау. Жауынды
күні балалар беседкада немесе қалқаның астында болуы тиіс. Серуендеу
уақытын қысқартуға болады. Балабақша аумағынан тыс жердегі парк пен саябаққа
экскурсияға шыққан уақытта «Балалармен экскурсия жасау және серуендеу ережесі»
нұсқаулығын сақтау қажет. 6. Қала көшелерімен серуендеу кезінде көшеден өтудің
ережесін сақтау керек: қиылыста, бағдаршам белгісі бойынша, өздерімен бірге қызыл
белгі беретін жалауша алу. Балалар тобына екі ересек адам еріп жүруі қажет. Әткеншек
тепкенде, төбешіктен сырғанағанда, спиральмен, баспалдақпен өрмелегенде және т.б.
балаларды сақтандыру қажет. Балаларды жалғыз жібермеу керек, олар үй-жайға
ұйымдастыра топтаса кіргізіледі. Телімдегі кеуіп қалған ағаш, бұтақ пен бұталарды
уақтылы жинап отыру қажет. Балалармен экскурсия, серуендеуді ұйымдастыру мен өткізу
жөніндегі нұсқаулық Тәрбиеші осы нұсқаулықты білуі тиіс. Тәрбиеші балалардың өмірі
мен денсаулығына әрі серуен мен экскурсияның қауіпсіз өткізілуіне толықтай жауап
береді. тәрбиеші алдын ала серуендейтін орында балаларға қауіпті заттардың бар-
жоғын тексеруі тиіс. Телімде балалар үшін қауіпті нәрселер болмауы тиіс: сынған шыны,
сым, шеге, тастар, тікенегі бар ағаш бұтақтары, улы өімдіктер мен саңырауқұлақтар.
Серуендеу алдында жабдықтың (алтыбақан, төбешік, үстел, әткеншектің орындығы)
беріктілігі тексеріледі. Алып шыққан ойыншықтар таза және қауіпсіз болуы тиіс.
Тәрбиеші серуендеу немесе экскурсия алдында әр баланың сәйкес киімі мен аяқ киімі бар
екендігін тексеруі тиіс. Жылдың ыстық мерзімінде серуенге, экскурсияға арналған бас
киімнің болуы міндетті. Экскурсияға бара алмайтын балалар туралы меңгерушіге алдын
ала ескерту қажет. Бұл балалар ересек адамның қарауына қалдырылады. Балалармен
серуендеген уақытта кем дегенде екі адам еріп жүруі тиіс. Өздерімен бірге алғашқы
көмек көрсетуге арналған аптечканы алу қажет. Тәрбиеші серуендеуге шығарда
балалардың санын нақты білуі және әлсін-әлсін оларды санап тексері отыруы тиіс. Көлік
қозғалысы көп көшелерде серуендеуден қашқақтаған жөн. Көшеден өткенде жол
қозғалысы ережесін сақтау және балаларды бағдаршам белгілеріне үйрету. Экскурсияға
шығардан бұрын алдын ала меңгерушіге ескертіп, тіркеу журналына қол қойылуы қажет.
Экскурсия алдында балалармен экскурсияда өзін-өзін ұстау ережелері туралы нұсқаулық
өткізу. Балабақша тәрбиешілернің көмекшілеріне арналған жұмыс орнындағы нұсқаунама
Нұсқаунама ҚР Еңбек кодексінің негізінде өткізіледі. Онда балабақшаның барлық
қызметкерлері сақтауға тиісті еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға қойылатын талаптар
белгіленген. Балабақша тәрбиешілерінің көмекшілері міндетті: еңбек тәртібін сақтауға
және ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауға: жұмысқа уақытында келу, күні бойы
жұмыс тәртібі мен режимін сақтау, бөтен жұмыстармен айналыспау, басқаларды
жұмысынан қалдырмау. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза іс-шаралары: ескерту,
сөгіс, қатаң сөгіс және жұмыстан босату қолданылады. Күн тәртібін қатаң сақтауға, үй-
жайды таза ұстауға, санитария мен қауіпсіздік техникасы ережелерін, өрт қауіпсіздігі
ережелерін сақтауға. Балалар болмайтын, серуендеу уақытында үй-жайды желдетіп
алуға. Зарарсыздандыру және жуу құралдары мен олардың ерітінділері балалардың
қолы жетпейтін жерде, таңбаланған ыдыста сақталады. Барлық үй-жайды күнделікті
зарарсыздандыру күн сайын 2 рет 0,5 %-дық жуатын құралдарды (10 л суға 50 г ұнтақ)
қолдана отырып жүргізіледі. Ойыншықтар күніне 2 рет 2 % сода ерітіндісі қолданылатын
ыстық сумен жуылады ( 10 л суға 200 г ес содасы). ұйықтайтын бөлмедегі төсек-орын
бұйымдары маркерленген болуы тиіс. Төсек жаймалары кем дегенде аптасына бір рет
және кір болуына қарай ауыстырылады; жуатын жердегі ыдыстар ас қалдықтарынан
тазартылады, ең алдымен жуу құралымен 50-60 градус температурада жуыладыжуылып,
ағып тұрған температурасы 60 градустан төмен емес ыстық сумен шайқалады. Ыдыс
торланған сөрелерде құрғатылады; шүберек ыдыс жуып болғаннан кейін
жақсылып жуылып, кептіріледі және құрғақ жерде сақталады. санитарлық желідегі
құмыралар қолданылғаннан кейін 60 градустан кем емес ыстық сумен жуылып,
зарарсыздандаратын ерітіндімен жуылады. Унитаздар квачпен жуылады, қолданылған
квачты 0,5% зарарсыздандыратын ерітіндіге 30 минут салып қойылады. жинауға арналған
құрал-жабдық маркерленіп, белгіленген орында тұрады. Дәретхана құрал-жабдықтары
бөлек сақталады; балаларға тамақ бергенде жарылған-сынған ыдысты пайдалануға
болмайды; тұрмыстық мақсаттағы электр аспаптары қолдануға болмайды, электр
жүйесіндегі ұсақ-түйек ақаулар туралы шаруашылық меңгерушісіне жедел хабарлау
керек; ҚТ жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтайды. Балабақша тәрбиешілері көмекшілеріне
арналған нұсқаулық. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Балаларды ас бөлігінен
әкелінген сұйық және басқа да ыстық тамақтарды үлестіру жұмысына көмекке тартуға
болмайды. Қабылдау, топ бөлмелерінде, санжелілерінде ыстық су құйылған шелекті,
зарарсыздандыратын ертіндіні, химиялық, жуу құралдарын, сондай-ақ жинауға арналған
құрал-жабдықтарды қалдырып кетуге болмайды. Бүкіл құрал-жабдық, ерітінділер, жуатын
және тазартатын құралдарды балалрдың қолы жетпейтін орында сақтау керек. Топта
тиісінше санитарлық режимді ұдайы ұстап тұрады. Балалар болмаған уақытта ыстық
тамақты алып келу және үлестіру. Жиналма төсекті, төсек орын жабдықтары
салынған қаптарды қоймалау ережесін сақтау. Азыната желдету балалар жоқ кезде
жүргізіледі. Дәретхана бөлмесіндегі терезелерді ашық тастауға болмайды. Тазалық пен
тәртіпті сақтау, үстелдер мен бұрыштарды қоқырсытпау. Тәрбиеші болмаған уақытта
қандай жағдай болса да балаларды қараусыз тастауға болмайды. Шеті шағылған ыдысты
балаларды тамақтандыруға болмайды, оны тез арада ауыстыру керек. Тұрмыстық
мақсатта электрмен жылытатын аспаптарды балалар отырған үй-жайда қолдануға
болмайды. Балабақшадан тыс жерге серуенге шыққанда тәрбиешіге қолғабыс ету.
Терезелерді жылдың жылы мерзімінде балалар жоқ уақытта жуу. Электр сымдарының,
айырғыштар мен розеткалардың күйін бақылап отыру. Осы нұсқаулықты бұзбай және
шегініссіз орындау. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін қатаң сақтау. Балабақша тәрбиешілері
көмекшілеріне арналған көктемгі-күзгі мерзімдегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі
нұсқаулық Балалар жоқ уақытта ғана желдету. Дәретханада, жуынатын және ұйықтайтын
бөлмелердің терезелерін ашық тастамау. Жылдың ыстық мерзімінде топ
бөлмесіндегі температура режимін ұстап тұру . Жылдың ыстық мерзімінде ішуге
арналған қайнаған су дайындап, суытып қою. Қабылдау, топ бөлмелерінде ыстық суы бар
шелекті және зарарсыздандыру құралдары мен үй-жайды жуып-жинауға арналған құрал-
жабдықтарды тастап кетпеу. Балабақшадан тыс жерге экскурсияға және серуенге
шыққанда тәрбиешіге қолғабыс ету. Тәрбиеші болмаған уақытта балаларды қараусыз
тастамау. Терезелерді жылдың жылы мерзімінде балалар жоқ уақытта жуу. Электр
сымдарының, айырғыштар мен розеткалардың күйін бақылап отыру. Тұрмыстық мақсатта
электрмен жылытатын аспаптарды қолдануға болмайды. Балабақша тәрбиешілері
көмекшілеріне арналған күзгі-қысқы мерзімдегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі
нұсқаулық Үй-жайдағы температуралық режимді сақтау. Терезелер жабық және
жылытылған болуы тиіс. Ас пісіру бөлігінен тамақты әкелген кезде абайлау, басқа қар
мен мұз құлап түсуден сақтану үшін ғимаратқа, шатырға жақын баруға болмайды.
Тамақты балалар жоқ уақытта әкеліп, үлестіру. Жарақаттанудан сақтану үшін сынған
ыдысты дер кезінде ауыстырып отыру. Зарарсыздандыратын құралдармен тек арнайы
қолғап киіп жұмыс істеу. Үй-жайды жиі-жиі тексеріп отыру. Төбеден, жылу және су
ағатын құбырлардан су кетіп тұрса жедел балабақша басшысына хабарлау.
6. Қосымша материал
ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР
Екінші сәбилер тобы
Арқан тарту
Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан.
Ойынның тәртібі:ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның
байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді.
Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады.
Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады.
Бірінші сәбилер тобы
Пойыз.
Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да,
қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі
баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд
станцияға жақындап келеді»,-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да,
поезд тоқтайды. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың
қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады. Нұсқау. Алғашында балалар
колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз
вагонын табуды үйретеді.
Естияр тобы
Шеңберге түсір.
Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен
немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм
салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі
қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!» — дейді.
Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады.
Нұсқау.Қапты екі қолмен лақтырулары керек.
Ересек тобы
Таяқшадан аттап өт.
Бөлменің ортасына таман еденге параллель екі таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м.
Бөлменің бір жағында балалар тұрады, екінші жағында орындықтың үстінде жалауша
жатады. Бала таяқшаларға бетін қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің айтуымен
ол бірінші таяқшаға жүріп барады, онан аттап өтеді, содан кейін екінші таяқшадан
аттайды. Орындыққа барады, жалаушаны алады, оны жоғары көтеріп бұлғайды. Содан
кейін жалаушаны орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп жүріп, өзінің орнына келеді.
Тапсырманы келесі бала орындайды. Нұсқау.Егер бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл
тапсырма балаларға өте жеңіл болып көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды,
сондықтан жаттығуды күрделірек етіп өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6 таяқша
немесе бірнеше құрсау тастап, балаларға олардан аттап өту ұсынылады.
Даярлық тобы
Орамал тастау
Ойын шарты: қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге барып,
бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген жақтың
ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы
ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға
тырысады. Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі)
тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған
ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта
қалып қояды.
7.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасы Алматы «мектеп» 1987ж-273б
2. Мектеп жасына дейінгі педагогика В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохин Алматы «Мектеп»
1912ж-235 б
3. ҚР Білім туралы заңы 7 маусым 1999ж
4. Воспитание детей раннего возраста М.Н.Аксарина М-1972ж
5. Методика развития речи детей А.М.Бородич М-1981ж
6. Умственное воспитание детей в процессе ознакомление с природой
7. М-1982ж
8. Воспитание и развитие детей раннего возраста Г.М.Ляминой М-1982ж
9. Воспитание и развитие детей средней группе детского сада Г.М.Ляминой М-1982ж
10. Воспитание дошкольников в труде В.Г.Нечаева М-1983ж
11. Изобразительная деятельность в детском саду М.П.Сикулина, Т.С.Комарова М-
1982ж
12. Как знакомит дошкольников с природой П.Г. Саморукова М-1983ж
13. Питание детей раннего возраста и дошкольного возраста В.Г.Кисляковская М-
1983ж
14. Конструктирование З.В.Лиштван М-1981ж
15. Математика в детском саду Л.С.Метлина, К.А.Ветлугина М-1982ж
16. Организация методической работы в дошкольном учреждении В.П.Дуброва,
Е.П.Милашевич М-1995ж
17. «Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары». Атемова А.
Алматы 2002ж. ,
18. «Балбөбек» бағдарламасы Әмірова Ә. Ф.Жұмабекова Алматы 2006 ж.
19. «Тіл дамыту» Баймуратова Б Алматы.2000.
20. «Методика развития речи» Бородич А . Москва.1992.
21. «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен
22. таныстыру әдістемесі» Веретенникова А. Москва.1994ж
23. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана 2008 ж.
24. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология» Алматы. 1997ж
25. Козлова С., Куликова Т. «Дошкольная педагогика» Москва-2001г.
26. Шалабаева Ш.Г. «Біз мектепке барамыз»
27. Сатқанов Д.«Балаларды сәндік-қолданбалы өнерге үйрету әдістері»
Алматы 1998ж.
28. Воспитание и обучение детей пятого года жизни/ Под.ред. В.В.Холмовский.-М.,
1986.
29. Воспитание и обучение детей шестого года жизни/ Под.ред. Гусеев В.Г. Наши
питомницы.-М., 1987
30. Денисова Г.А. Удивительный мир растений.-М.,1973
17.Выгонов В.В. Практикум по трудовому обучению. - М.,1999.
18.Конышева Н.М. Методика трудового обучения младших школьников. -М.,1999.
19.Геронимус Т.М. Урок труда. «Я все делаю сама» : учебно методический комплекс по
трудовому обучению для учащихся 1-4 классов.- М.,1998.
20.Рик Бич. Оригами. – М.,2005.
Достарыңызбен бөлісу: |