«Өндіірістік іс тәжірибе»


Жазғы іс-тәжірибе тәжірибесінің мазмұны



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата07.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#20930
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Кәсіптік тәжірибе нұсқаулық

 

    Жазғы іс-тәжірибе тәжірибесінің мазмұны 

    Жазғы  іс-тәжірибе  тәжірибесің  негізгі  мақсаты:  студенттердің  балалармен  оқу-

тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  тәжірибелік  дағдыларын  жетілдіріп,  дамыту,  кәсіби 

тәжірибе  барысында  оқу-тәрбие  жұмыстарын  әдіскердің,  тәрбиешінің  көмегімен  және 

дербес ұйымдастыруға үйрету. 



Жазғы іс-тәжірибе тәжірибесінің негізгі міндеттері: 

студенттерді  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  оқу-тәрбие  жұмыстарын 



жоспарлай білуге, балалармен іс-шаралар өткізуде білімдерін, біліктіліктерін дағдыларын 

іскерлікпен пайдалануға дағдыландыру; 

әрбір  баланың  жеке  және  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  балалар 



ұжымымен дербес жұмыс жүргізу. 

Жазғы  іс-тәжірибе  тәжірибесінің  алғашқы  апталарында  машықкер  тәрбиеші  іс-

әрекетін бақылай отырып, қажетті білім, білік, дағдыларды үйрене отырып, практиканың 

кейінгі апталарында меңгерген іскерлік-дағдыларын балалармен жұмыста қолданады. 

Жазғы  іс-тәжірибе  практикасы  -  негізгі  әдіс-тәсілдерін  әдіскерлер  анықтайды, 

оқыту-тәрбие  жұмыстарына  басшылық  жасайды.  Машықкерлерге  мектепке  дейінгі 

ұйымдарда  жаз  мезгілінде  ұйымдастырылып,  өткізілетін  іс-әрекеттер  жайлы  толық 

мағлұмат беріледі.  

Әр  жыл  мезгіліне  сай  жалпы  білім  берудің  бағдарламаларына  сүйене  отырып 

ойын,  мақсатталған  серуендерге  көп  уақыт  бөлінеді,  сол  себепті  студенттер  балалардың 

ауа-райына сай киінулерін ескерулері қажет. Балаларды серуенге, экскурсияға апарғанда 

қауіпсіздік  ережелерін  сақтап,  балалар  жарақат  алатын  заттардың  болмауын  қадағалау. 

Шынықтыру  процедураларының  ағзаға  әсерін  жан-жақты  анықтай  отырып,  күн  сайын 

оларды  жүргізу.  Ата-аналарды  балабақша  өмірімен  толығырақ  таныстыру  мақсатында 

түрлі пайдалы кеңестер беру, ата-аналарға ағартушылық жұмыстар өткізіп сауық-кештер 

ұйымдастыру. 

Студенттер  жазғы  іс-тәжірибе  практикасы  барысында  жеке  әдістемелерден, 

мектепке  дейінгі  педагогика,  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  психологиясы  пәндері 

бойынша  алған  білімдерін  пайдалана  отырып,  сабақ  жоспарларын  әдіскерлермен  және 

тәрбиешілердің  басшылығымен  құрастырады.  Мектепке  дейінгі  ұйымда  әр  түрлі  іс-

шаралар  дайындау  кезінде  студенттер  әдіскерлерден  және  балабақша  тәрбиешілерінен 

кеңес  алады.  Студенттер  іс-шаралар  өткізген  кезде  көрнекі  әр  түрлі  құралдар,  соның 

ішінде кажетті дидактикалык материалдарды алдын-ала дайындайды. Жазғы іс-тәжірибе 

практикасы кезінде студенттер балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, 

қарым-қатынас  жасайды,  іс-шаралардың  мақсаты  мен  міндеттеріне  сәйкес  әдіс-тәсілдер 

мен  технологияларды  таңдап  пайдаланады.  Педагогтардың  озық  тәжірибелерін 

қарастырып,  өздерінің  жұмысында  қолдана  білуге  дағдыланады.  Тәрбиешілердің  және 

топтағы балалардың іс-әрекеттерін бақылап, күнделік жүргізеді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет