Студенттер тәжірибе жүргізу барысында төмендегідей іскерліктер мен дағдыларын
қалыптастыру қажет:
• Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие жұмысымен танысу.
• Педагогикалық озық тәжірибелермен танысу.
• Режимдік үрдісті өткізу, еңбек , түрлі іс-шаралар ұйымдастыру;
• Түрлі жастағы балалармен байқау жұмыстарын жүргізу.
• Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасын құру;
• Көрнекілік құралдар, дидактикалық материалдар дайындау.
• Күнделік жүргізу.
Тәжірибе барысында студенттер білуі қажет:
• Балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру.
• Бақылауды , серуенді, еңбекті ұйымдастыра білу;
• Тәрбиеші ретінде жұмыс істеу.
• Ұйымдастырылған оқу- іс әрекетін өткізу ( кесте бойынша).
• Ойын: ойыншықтармен, шығармашылық, сюжеттік-рольдік, стол үсті,
дидактикалық, спорттық мерекелер мен сауықтыру шараларын
ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |