Құрылыс өндірісін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар Құрылыстың өнімі адамдарға ұзақ уақыт бойы қызмет етеді, сондықтан оның сапасы тұрақты және қатаң бақылауда болуы қажет.
Ғимараттар мен құрылыстардың жоғарғы сапасының ретінде, ең алдымен, жоба қызмет етеді. Типтік жобаны дайындайтын архитектор мен контсрукторда ерекше жауапкершілік жатыр: олардың жұмысындағы әрбір дәлсіздік пен қателік құрылыс алаңдарында бірнеше рет қайталануы мүмкін. Сонымен қатар құрылыс өнімінің сапасы қаншалықты құрылыс жоспарланған және ұйымдастырылған соған байланысты болады. Қарқынды түрде жүргізілмейтін жұмыстарда, жұмысты жүргізу графигі бұзылатын объектілерде жоғары сапа болмайды. Кейде ақаудың себебі ретінде жұмыстарды нашар істеу және олақ орындау қызмет етеді. Құрылыста ақауға жол беруге болмайды, себебі оны жою еңбек және ақша құралдарының үлкен шығындарымен байланысты.
Қазіргі уақытта көптеген ғимараттарды зауыттық дайындауғы бұйымдардан монтаждайды. Жақсы жөнделген өндірістің жағдайында құрылымды орталықтан дайындау олардың сапасына әсер етті. Құрылымдарды дайындықтың жоғары дәрежесімен құрылысқа зауыттан әкеледі: сыртқы қабырғалардың панельдері мен блоктары қапталған; санитарлы-техникалық кабиналарда барлық жабдықтар құрастырылған және әрлейтін жұмыстар жүргізілген, терезе блоктары шыныланған, басқыш алаңы плиткамен қапталған.
Құрылыс сапасын жақсартудың маңызды жағдайы болып Құрылыс нормалары мен ережелерін сақтау, жобамен толықтай сәйкес құрылыс-монтаждық жұмыстарды орындау табылады. Құрылыс нормалары мен ережелері тек қана жұмыстардың толықтай және сапалы орындалуынан кейін ғана ғимараттар мен құрылыстарды беру мен пайдалануға қабылдауға міндеттейді.
Ақаумен күрес, өнімнің сапасын жақсарту үшін күрес біздің елде үлкен қарқынды қабылдады. Құрылысшылардың көптеген бригадалары олардың орындаған жұмыстарын кепілдемелік міндеттемелерімен бірге тапсырады, ол барлық жұмыстар жоғары сапалы орындағанын куәландырады, егер пайдаланудың бір жыл ішінде қандай да бір ақаулар байқалса, онда олар оларды тегін жоюға міндеттейді. Осындай бригадалардың міндеттерінің негізінде учаске басшысы тұрғындар үшін дайындалған барлық тұрғын үй бойынша жұмысқа кепілдемелік куәлік құрастырады. Өз кезегінде, құрылыс басқармасы тұрғын үй пайдалану кеңсесіне жалпы ғимаратқа кепілдемелік паспортты береді. Құрылыс өніміне мемлекеттік қабылдауды жүргізу жаңа құрылыстардың сапасына ерекше әсер етті.
Құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасын жақсарту еңбек өнімділігін жоғарлату мен құрылыс құнын төмендету, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділік мен ұзақ мерзімді қызмет ету дәрежесі жоғарлатуға, олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартуға және кейінгі жөндеуге кеткен шығындарды төмендетуге әрекет етеді.