Тақырып:Біртұтас педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі
Орталық Азия Инновациялық Университеті Қабылдаған:
Тобы:ИяК 23-1х
Орындаған:Бабажанова Фарангиз,Қасымхан Зарина
Педагогикалық процес - әлеуметтік жүйе.
И.П. Подласый «педагогикалық процес» - әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жұйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады.
Оның барлық кұрамаларының бір мақстақа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік - педагогикалық процестің басты сипаты.
Педагогикалық процестің белгілері мен сапа-қасиеттері:
педагогикалық процес әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен аныкталады;
2) ынтымактастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуынын шарттарын бейнелейді;
3) «ұстаздар-оқушылар»жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процес ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
4) педагогикалык процестің негізгі интегративтік қасиетін әр- түрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының калыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) кайта құру белсенділігімен сипатталады.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процес деп атайды.
Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу – оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.
Тәрбиенің субьектілері мен обьектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана оң нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.