Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу


Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі124,5 Kb.
#13646
1   2   3
Байланысты:
курсовая дурысы11111111

3 Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Негізгі қордың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар – өндірістік негізгі қорлар деп, өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – өндірістік емес негізгі қорлар (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелер, бала-бақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) деп аталады.

Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Қолдану мақсаттарына қарай негізгі қорлардың түрлері:



  1. Ғимараттар (цехтар, қоймалар және т.б).

  2. Құрылыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б).

  3. Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері).

  4. Машиналар мен жабдықтар:

а) күш машиналары және жабдықтары;

б) жұмыс машиналары мен жабдықтары;

в) өлшеу және реттеу аспаптары;

г) есептегіш техника;

5. Көлік құралдары.

6. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі бір жылдан жоғары болатын басқа да құрал-саймандар.

7. Шаруашылық және өндірістік жиһаздар.

8. Көпжылдық өсімдіктер.

9. Жұмысшы және өнім беретін мал.

10. Жер құнарлылығын өсіруге қажетті күрделі шығындар.

11. Басқа да қорлар (кітапханалық қор).

Негізгі өндірістік қорлар құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландырудеңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық орналасуы және т.б.

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:


  • Негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;

  • Негізгі өндірістік қорларды интенсивті қолдану көрсеткіштері;

  • Негізгі өндірістік қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері.

Бірінші топ көрсеткіштеріне құралдарды экстенсивті қолдану құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдарды уақыт мөлшерінде қолдану деңгейін көрсетеді.

Екінші топ қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін, оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады:

Кинтфн

Құралдарды интегралды қолдану коэффициенті құралдарды интенсивті және экстенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады және құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.



1) Жоспарланған кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қорларының мөлшерін анықтау. НӨҚ жалпы құнын табу үшін келесі әдістеме қолданады. Шығарылатын өнiмнiң көлемдерi және олардың орташа нарықтық бағаларының негiзiнде, кәсiпорынның анықталады: ТПп=

мұндағы: ТПп - болжам бойынша тауарлық өнім, м.тг

В - өнделетін өнiм көлемi, т., дана

Ц - өнiм бiрлiгiнің орташа нарықтық бағасы, м.тг.

Тауарлық өнiмдi анықтағаннан кейiн, НӨҚ бағасы одан процент бойынша есептеледi.

Ет өндiрісi үшiн -25%, шұжық және консервiлiк өндiрiс үшiн -30%, сүт және тері, былғары өңдеу өндiрiсi үшiн 30-35%. НӨҚ құрамы бойынша есептеулер келесі құрылымдар бойынша жүргізіледі.





Кесте 1 - Өнім түрлері және

АКЖБ қысыр жеңілжылдық көлемі


25000

33,333

АКЖБ қысыр орт

25000

33,333

АКЖБ қысыр ауыр

25000

33,333

барлығы

75000

100

Кесте 2-Инвестициялар есебі

Инвестиция құны

Үлесі

Құны

%

м.тг

Технологиялық жабдықтар

 

 

мен машиналар

30,0

175875

Транспорт құралдары

10,0

58625

Өндірістік аудан

20,0

117250

Әкімшілік ғимарат

5,0

29313

Құрлыстар

15,0

87938

Күш машиналары

15,0

87938

Жиһаз және басқа қорлар

5,0

29313

Барлығы

100

586250

Шикізат, материалдар, отын, энергия – бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлерімен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементтері болып табылады. Олар айналым қорларының құрамына кіріп, толығымен өз құнын дайын өнімге береді.

Еңбек заты ретінде шикізат пен отын-энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.

Шикізат ресурстары әртүрлі өндірістік өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының түрі ретінде болып келеді. Өңделмеген шикізат деген жерден қазып алынған немесе өңделген және соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заттарын атайды.

Көмекші материалдар дайын өнім құрамына кірмейді, бірақ оның түзілуіне әсер етеді. Отын және энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне байланысты көмекші материалдарға ресурстардың жеке тобына жатады.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда халық шаруашылығына пайдаланатын шикізаттың барлық түрі ең үлкен екі топқа бөлінеді:


  1. Өндірістік шикізат –бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде қолданылады.

  2. Ауыл шаруашылық шикізатты – ауыл шаруашылық саласында өндіріп, негізінен жеңіл тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Өнеркәсіпте өңделген өнімдер мен шикізаттың сапасы өңдеудің экономикасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Олар төменде көрсетілгендей сараланады:

  • Өндіріс үрдісінде аттарын рөлі бойынша : негізгі, көмекші, қосымша;

  • Экономикалық нысаны бойынша: еңбек заты, дайын өнім;

  • Алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл шаруашылық;

  • Шыққан тегі бойынша: мал, өсімдік, кен қазынасы;

  • Өндіріс уақыты бойынша: маусымдық және маусымдық емес;

  • Өңдеу әдісі бойынша: алғашқ және қайталама (қалдықтар, көмекші өнімдер).

Пайдалану дәрежесіне қарай ресурстар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі шикізатқа жаңа дайындаған өнімнің материалдық негізін құрайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтын бұйымдар көмекші шикізатқа жатады. Шикізат кей уақытта негізгі материал болып табылып, ал одан басқа уақытта көмекші материалдың қызметін атқаруы ықтимал. Сондықтан көрсетілген саралану белгілі бір дәрежеде шартты сипаттама ретінде саналып, саланың ерекшелігіне, есеп-қисабына, жоспарлау және экономикалық талдауын байланысты болады. Сол себепті отын және энергия маңыздылығын ескере отырып, көп салады оны көмекші материалдардың құрамынан бөліп алып, жеке дара қарастырады.

Әр түрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындар деп бөлінеді. Мұндай бөлу тек екі немесе оданда көп өнім шығаратын кәсіпорындарды қолданылады, солай болғандықтан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорындарда шығындардың барлығы тура шығындар деп аталады.

Тікелей шығындар деп экономикалық жағынан біртекті шығындарды айтады, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің өзіндік құнына тікелей жатады. Оларға жататындар: шикізат пен материалдарға, тасымалдау – дайындауға, техникалық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысына, әлеумектті төлемдерге кететін шығындар.

Кесте 3- Шикізат және негізгі материалдар есебі



Өнім түрі

Жылдық

Щикізат шығыны

Қалдықтар

жоспар

қысыр (жеңіл)

қысыр (орт)

қысыр (ауыр)

 

м.кв.дм

1 кв.дм.

ж/к

1 кв.дм.

ж/к

1 кв.дм.

ж/к

1 кв.дм.

ж/к

АКЖБ қысыр жеңіл

25000

0,0382

0,955

 

 

 

 

0,000382

9550

АКЖБ қысыр орт

25000

 

 

0,0412

1,03

 

 

0,000412

10300

АКЖБ қысыр ауыр

25000

 

 

 

 

0,0435

1,0875

0,000435

10875



Кесте 4- Шикізаттың қалдықсыз шығынын есептеу

Өнім түрі

Жылдық

жоспар


м.кв.дм

 


Шикізат

 

аты



 

Шикізат шығынын есептеу

Қалдықтар

Шикізаттың

қалдықсыз шығыны

бағасы

1 кв.дм.

Ж/к

аты

 


бағасы

1 тоннаға



көлемі

тонна


құны

м.тг


Ж/к

1 м.кв.дм

1 тоннаға

көлемі

құны, м.тг

көлемі

құны, м.тг

м.тг

м.тг

АКЖБ қысыр жеңіл

25000

қысыр (жеңіл)

315

0,0382

12,033

955000

300825

Кесінді

9

9550

85,95

300739,1

12,0

АКЖБ қысыр орт

25000

қысыр (орт)

330

0,0412

13,596

1030000

339900

Кесінді

9

10300

92,7

339807,3

13,6

АКЖБ қысыр ауыр

25000

қысыр (ауыр)

350

0,0435

15,225

1087500

380625

Кесінді

9

10875

97,875

380527,1

15,2

Жиыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1021073

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет