Өндірістік гимнастика жаттығуларының кешенің құру ережелері мен оларды жеке және топпен орындау



Дата22.02.2022
өлшемі18,13 Kb.
#26107
Байланысты:
?íä³ð³ñò³ê ãèìíàñòèêà æàòòû?óëàðûíû? êåøåí³? ??ðó åðåæåëåð³ ìåí




Өндірістік гимнастика жаттығуларының кешенің құру ережелері мен оларды жеке және топпен орындау.

Өндірістік гимнастика - еңбекшілердің денсаулығын жақсарту, іскерлігін және жұмыс уақытында жүргізілетін дене шынықтыру шаралары.

Түрлері

Өндірістік гимнастиканің екі түрі бар. Кіріспе гимнастика жұмыс бастау алдында өткізіледі. Оның мақсаты - адам организмін қызмет атқаруға дайындау. Өндірістік гимнастиканың бұл түрі адамның атқаратын жұмысына қарай белгіленеді. Мұның нәтижесінде еңбекшінің көнңілі көтеріліп, нерв жүйесі, бұлшық еттері, тыныс алу, қан айналысы органдары шыныға түседі.Ұзақ отырып немесе бір қалыпта тік тұрып істегендіктен тыныс алу, қан айналысы органдары қызметі әдеттегіден ауытқиды, өне бойы біркелкі қозғалудан бұлшық еттер, нерв жүйесі шаршайды.

Өндірістік гимнастика – бұл ұйым қызметкерлерінің жұмыс орындарында орындайтын, жұмыс күні тəртібінде еңбекке қабілеттілікті арттыру мен қызметкерлердің шаршауының алдын алу, денсаулықты нығайту

мақсатындағы қарапайым дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы.

Өндірістік гимнастикаға арналған жаттығулар кешені еңбек үрдісінің өзіне

сай ерекшелігін ескере отырып жасалады.

Өндірістік гимнастиканың үлгілері

Тəжірибеде өндірістік гимнастиканың екі түрлі үлгілері бекітілген:

– адамдарды жұмыс күніне дайындайтын жəне жұмыс басталғанға дейін

жасалатын бастапқы гимнастика;

– еңбеккерлердің жұмыс күні барысындағы үзіліс уақыттарында орындайтын, дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер» мен «минуттар» -

белсенді демалыс.

Жұмыс күнінің ортасы мен соңында дене шынықтыруға арналған «үзік

сəттер» мен «минуттардың» кешенді дене жаттығуларын қолдану рəсімделген

үзіліс уақыттарында демалысты тереңдету мен жеделдетуге арналған.

Бастапқы гимнастиканың құрамбөліктері:

– Жаяу жүру;

– Терең тыныс алуды қолдайтын жаттығулар;

– Тұлға мен иық иіні бұлшық еттеріне (еңкею, кеудені үлкен амплитудамен қолдың белсенді қозғалыстарымен бұру) арналған жаттығулар;

– Аяқ бұлшық еттерін созу жаттығулары жəне жалпы əсері бар (жартылай шпагат, отырып-тұру, орында жүгіру жəне секіру) жаттығулар;

– Иық иіні мен қолдың бұлшық еттеріне (мүсінді жақсы сақтауға

арналған созылу жəне бұлшық еттерін күшейту) арналған жаттығулар;

– Қозғалыстың туралығы мен назарды шоғырландыру жаттығулары.

Дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер»

жаттығуларының кешені төмендегідей:

– Керіліп-созылу жаттығулары;

– Тұлға бойының бұлшық еттеріне, қол мен аяқтың бұлшық еттеріне

арналған (босаңсумен алмастырылып отыратын жиырылу мен созылу)

жаттығулар;

– Əртүрлі бұлшық ет топтарына арналған сермеу түрде атқарылатын

жаттығулар.

– Жүрумен алмастырылатын жүгіру,отырып тұру, секіру;

– Аяқ ұшы мен сирақтың бұлшық еттерін босаңсытуға мүмкіндік беретін

аяқтарды сермеу қимылдары;

Жұмыс берушілерге арналған ұсыныстар

– Аса белсенді жұмыс істеген бұлшық ет топтарын басқаларына күш арту

арқылы босаңсыту жаттығулары;

– Қозғалыстың үйлесімі жəне нақтылығына арналған жаттығулар.

Өндірістік гимнастиканың осы екі үлгісінен басқа екі-үш жаттығудан

тұратын дене шынықтыру «минуттары» (терең тыныс алу, денені көтеру,

отырып-тұру жəне басқалары) бар. Олар жоғарыда келтірілген дене

шынықтыруға арналған «үзік сəттер» жаттығуларының міндеттерін орындайды жəне ауыр дене жəне ақыл-ой жүктемелерінде жасалады. «Үзік

сəттер» жаттығуларына қарағанда жиірек жəне өздігінше орындалады (шамамен жұмыстың əрбір сағатының соңына қарай орындалады).

Дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер» мен «минуттар» шаршауды

біршама төмендетеді.

Шаршау - бұл дене жəне ой еңбегі кезінде кез келген іс-қызметтің

шамадан тыс жүктемесі нəтижесінде пайда болатын, жұмыс қабілетінің

төмендеуімен көрініс беретін ағзаның физиологиялық жай-күйі.

Ой еңбегінен шаршау – назар шоғырландыру мен зейін қоюдың

бұзылуы, ойлаудың баяулауы мен тағы басқа жағдайларға байланысты

интелектуалдық еңбек өнімділігінің төмендеуімен сипатталады.

Дене шаршауы бұлшық ет қызметінің бұзылыстары: күш, жылдамдық,

туралық, қимыл бірлігі мен қозғалыс ырғағының азаюымен сипатталады.

Шаршау жеделдігі еңбектің өзіне тəн ерекшеліктеріне тəуелді: бұлшық

ет ширығуымен, дене күйін бір қалыпта ұстаумен қосарланатын жұмыс

атқаруда шаршау тезірек пайда болады, ырғақты қозғалыс азырақ шаршатады. Шаршаудың пайда болуында адамның атқаратын жұмысына қатынасы

да маңызды. Көптеген адамдардың бойында көңіл-күй жүктемелерінде

ұзақ уақыт бойы шаршағандық пен қажу сезімдерінің белгілері байқала

бермейтіндігі белгілі. Əдетте, шаршау орын алған кезде жұмысты қарқынды

жалғастыру қажет болғанда адам қосымша қуат пен күш жұмсайтындықтан

жекелеген ағзаларының көрсеткіштері өзгереді, мысалы, дене күшін

жұмсайтын жұмыстарда тыныс алу мен жүрек соғысы жиілейді, беттегі

қан кернеуі артып, терлейы жəне т.б.. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі

төмендейді, шаршау белгілері күшейе түседі.

Шаршаған адам алғашында азырақ, содан кейін салмақты қателіктер

жіберіп, жұмыс нақтылығын жоғалтады. Ұзақ уақыт бойы шамадан тыс

жүктемелерге ұшырау немесе демалыс уақытының жеткіліксіздігі созылмалы шаршауға немесе қажуға жиі апарады.

Сонымен қатар, түскі үзіліс уақытының ұзақтығы 1 сағат жəне одан

да асатын болса, тамақты қысқа уақытта ішіп алғаннан кейін, өндірістік

гимнастикаға назар аудару қажет. Мұндай жағдайда жұмыс басталғанға

Жұмыс берушілерге арналған ұсыныстар

дейінгі қалған уақытта үрдістерді қалпына келтіру жəне демалысты белсендіру мақсатында жаттығулардың белгілі бір түрлерін жасаған орынды. Осымақсатта ғылыми тəжірибелерге сай, ірі топтарға жататын бұлшы еттерді

босаңсыту жəне терең тыныс алумен үйлестіру арқылы қозғалысы жеңіл

жəне баяу қарқынмен орындалатын кешенді жаттығулар (5-6 жаттығу)



қолданылады. Бұл кешен жұмыс басталғанға дейін 5-10 минут бұрын, біраз

тыныш отырудан кейін, 3-4 минут бойы орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет