Сабақ Зейін мен психофизиологиялық ерекшеліктері және теориялары. Зейін түрлері Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің



бет1/3
Дата24.10.2022
өлшемі24,62 Kb.
#45077
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
3 Психология (6)


Дәріс 6. Зейін

Практикалық сабақ 6. Зейін мен психофизиологиялық ерекшеліктері және теориялары. Зейін түрлері



Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса бірде-бір психикалықa процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біздің бір затқа қарасақ та оны байқауымыз немесе нашар көруіміз мумкін. Өз ойымен отырған адам, қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін естіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер біздің бар зейініміз басқа бір нәрсеге аударылып отырса, бір жеріміздің ауырып отырғанын сезінбеуіміз де мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңілін аударса, оның екжей-текжейіне дейін бәрін біледі және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз.
Зейін субъектінің айналадағы дүниеге жақсы хабардар болуымен байланысты және оның адам психикасында неғүрлым толық және айқын бейнеленуін қамтамасыз етеді. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің оқушылардың зейінін қаншалықты окуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады
Зейін әдетте шәкірттің бет құбылысынан, отырысынан, қозға-лысынан (кітаптағы қосымшаны қараңыз) білінеді. Зейін қойып отырған тыңдаушыны зейін салмай отырған тыңдаушыдан айыру қиын емес. Бірақ кейде шәкірт мұғалімді тыңдап отырған сияқты пішін көрсетеді, ал шындығына келгенде оның ойы класта болып жатқандардан тыс, басқа жақта болады.
Зейіннің түрлері – адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекетке (оқуеңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине,бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

  • Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочныйрефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

  • а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарыққанық бояулы заттарқатты дауысмұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруідыбыстыңжарықтың артуы не кемуі т.б.).

  • ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуыырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

  • Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер алып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;

  1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейініңді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

  2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

  3. Орындалатын істің мәнісінмаңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдер де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде [[ұйымдастыруды айтады. Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола батстағаны. Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет