«Өндірістік» іс – тәжірибесінің құжаттары



бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі42,98 Kb.
#19352
1   2   3   4
Байланысты:
Биборинова Н.Е Өндірістік іс-тәжірибе

Машықкер - студент:__________ Биборинова Назым Еркауашовна

Семей қаласындағы

№c3 жалпы орта

білім беретін мектептің

4 «A» сынып оқушысы

Қасым Ернұрұлына


Мінездеме

Қасым Ернұрұлы 2014 жылы ШҚО Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында 6 бала, Нұрасыл үйдің ортаншысы. Ата-анасы мектеппен тығыз байланыста.

Қасым Ернұрұлының дене дамуы өз жасына сәйкес келеді. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Оқу жұмысына деген белсенділігі де жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, есеп шығарып отырады. Сабақты себепсіз босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша – үлгілі. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады.

Қасым Ернұрұлының ерік-жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы — ырықты, армандауды ұнатады. Темперамент типі бойынша флегматикке көбірек сәйкес келеді, қозғалысы орташа, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көріне бермейді, ашулануы сирек. Мінезі салмақты, сабырлы, бірақ кейде сабырсыз болып кететін кездері болады, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні сыйлайды, басқаларға өз көмегін көрсетуге әрдайым даяр тұрады. Бос уақытында қызықты кітаптар оқығанды, сурет салғанды, ән айтқанды да ұнатады.



Қасым Ернұрұлының байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады дегенге қатты сенеді. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қалықтарды көрсетпейді. Қасым Ернұрұлы мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Қасым Ернұрұлы кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді. Шығармашылық қабілеті жақсы дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет