Өндірістік іс-тәжірибе бағдарламасын орындау туралы



бет3/7
Дата12.10.2022
өлшемі148,37 Kb.
#42605
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Еркінова Жібек қорытынды есеп

Заңнамалық құжаттар
 Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
 Қазақстан Республикасының Конституциясы
 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы
 «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2000 жылғы 20 шілдедегі № 83-ІІ
 Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
 «Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктардағы шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі бар.Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімшелер мен өкілеттіктерді құра алады.Кәсіпорынмен жасайтын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

1.2 РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының атқаратын қызметтері.


РГП ПХВ ҚР Іс Басқармасы инженерлік – техникалық орталығының саясаты:
1. Тұтынушы қажеттілігіне қарай бағытталу (өтініштерді өңдеу уақытын азайту және сапасын арттыру үшін көпфункционалды контакт орталығын құру);
2. Сервиске бағытталу (3 бұлтты сервисті енгізу арқылы модельдік қызмет көрсетуді құру);
3.Бейімделу (икемді және үдерістік тәсілді қолдау арқылы, кәсіби мамандар тобын құру);
4.Өтімділік ( инфрақұрылымдық кеңейтулерді қолданып кірістерді дамумен қамтамасыз ету);
Ұсынылатын қызметтер:
1. Серверлерді әкімшілендіру

  • Серверлік құралдарды мониторингілеу - бұл серверлік жабдықтар жұмысында ақауларды алдын алу бойынша іс-шаралар кешені.

  • Серверлік және виртуалдық серверлерді жалға беру - есептік ресурстарға қол жеткізу үшін серверлерді уақытша жалға беру.

  • Веб-сайттарды хостингтеу - торда орналасқан серверде ақпараттарды орналастыру үшін ресурстарды ұсыну қызметі.

  • Бағдарламалық қамтаманы жалға беру - бағдарламалық қамтылымды уақытша қолдану бойынша қызметі.

2. Жедел қызмет көрсету

  • Компьютерлік және шеткері техникалар, шығыс және жиынтықтаушы материалдармен қамтамасыз ету - меморгандардың қажеттілігіне талдау және анықтау, қолданушыларға ұйымдастыру техникасын беру және көшіру, сондай-ақ орталық қоймадан беру.

  • Қолданушылардың жабдықтарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету - қолданушылардың ұйымтехникаларына диагностика, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

  • Қолданбалы, жүйелік, бағдарламалық қамтылымды орнату және күйге келтіру - операциондық жүйелерді күйге, қайта қалпына келтіру, орнату және қолданбалы бағдарламалық қамтылымды жүйеге келтіру, желіге қосу.

  • Техникалық сұрақтар бойынша қолданушыларға консультациялық қызмет көрсету - операциондық жүйелер, бағдарламалық қамтылым, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу бойынша қолданушыларға консультация.

3. Құрылымдалған кабельдік жүйесіне (ҚКЖ) қызмет көрсету

4. Ақпараттық жүйелер

  • Жобалау - ақпараттық жүйелерді және олардың бөлімдерінің архитектурасын, компоненттерін, интерфейсін және өзге де сипаттамаларын айқындау үрдісі.

  • Әзірлеу - ақпараттық жүйелер мен сервистерді жасау бойынша іс-шаралар.

  • АЖ сүйемелдеу - ақпараттық жүйелердің функционалдық-техникалық жағдайын қалыпта ұстауды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет