Өндірістік іс-тәжірибе бағдарламасын орындау туралы



бет5/7
Дата12.10.2022
өлшемі148,37 Kb.
#42605
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Еркінова Жібек қорытынды есеп

«Мемлекеттік марапаттар» ақпараттық жүйесі- мемлекеттік марапаттармен марапаттауға таныстырылған немесе ұсынылған тұлғаларды марапаттау үшін мәліметтерді дайындау үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ берілген марапаттар мен марапатталғандарды есепке алу.

  • ҚР ПӘ және ПМК мемлекеттік қызметкерлер мониторингі - ҚР ПӘ және ПМК мемлекеттік қызметкерлерінің жеке істерін, сандық және сапалық кадрлық құрамын жүйелі есепке алу, талдау және күйінің мониторингі; қайта дайындау және біліктілікті арттыруды ақпараттық қамтамасыз ету, соның ішінде республикалық және шетелдік бағдарламалар бойынша. МО кандидатураларын саяси лауазымды алу үшін келісу.

  • «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мұрағатында сақтауға тиісті құжаттарды жүйелі есепке алуды ұйымдастыру, сканерлеу нәтижесінде алынған қағаз құжаттардың графикалық электрондық ұсынуымен және «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесінен жіберілген электрондық құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін арналған.

  • Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Тұрғын үй қорын басқару - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының теңгеріміндегі берілген, жекешелендірілген, сатып алынған пәтерлер мен жатақханаларды есепке алу; - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының тұрғын үй/үй-пәтер жағдайларын жақсартуға мұқтаж қызметкерлерін есепке алу; - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының тұрғын үй қоры бойынша есепті ақпаратты көрсету.

  • «Рұқсаттамалар бюросы» ақпараттық жүйесі келушілерді есепке алуды автоматтандыру, «Ақорда», «Үкімет үйі», Министрліктер үйі ғимараттарында келушілердің жылжуын кадағалау үшін арналған.

  • Электрондық құжат айналымы - ҚР Президентінің Іс Басқармасы мен ведомстволық қарасты ұйымдарындағы ЭҚАБЖ-мен біріктірілген құжат айналым жүйесі.

  • Энергияны үнемдеуді бағалау деректер базасы - ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарында су, сұйық отын, жылу энергия, электр қуатын тұтыну бойынша ақпаратты есепке алу.

  • Део және виртуалдандыру - АТ-инфрақұрылым ресурстарына басқарылатын, маштабталатын және бұзылуға төзімді сервер платформалары арқылы тиімді және сенімді қолдау көрсету.

  • Штаттан тыс жағдайларға жедел кірісу және инфрақұрылым элементтер күйіне тәулік бойы бақылау жүргізу.

  • Заманауи және сенімді деңгейдегі бейімделу өтімділік қабілеті бар ақпарат тасымалдау желісін құру.

  • Электрондық ақпаратты жіберу жүйесі - ұйымның қорғалған аймақ периметрінде орнатылған ақпаратты жіберу терминалы арқылы электрондық ақпаратты жіберу үшін арналған. «Ақорда», «Үкімет Үйі» ғимараттарында орнатылған.

  • Мониторингтеу орталығы желістер мен серверлік жабдықтарды, дисктік массивтерді, тоқтаусыз қуат көзін АТС жабдықтарын бақылауды қамтамасыз етеді.

    ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ



    «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК-на берілген мемлекеттік лицензиялар:
    1. Жергілікті телефон байланыс қызметтерін ұсынуға;
    2. IP телефондарға қызмет көрсетуге,
    3. Деректерді жеткізу қызметтерін көрсетуге (оның ішінде, Интернет және телеграфтық желі);

    2. РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының қаржылық-есептік құжаттарымен танысу


    2.1 РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының қаржы ресурстарын қалыптастыратын көздер.
    Қаржы ресурстары- жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты үлестіру және қайта үлестіру барысында қалыптасатын және пайдаланатын ақша қорлары мен ақша қаражаттары. Қаржы ресурстары мемлекет денгейінде қалыптасатын орталықтандырылған ресурстары және кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қарамағындағы орталықтандырылмаған ресурстардан тұрады. Қаржы ресурстарының көздеріне:
    1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;
    2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;
    3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;
    4. Қарыз қаражаттары жатады.
    Қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысандағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстарының өсуінің басты шарты болып табылады.
    Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар жатады.
    Кесте 1. Бухгалтерлік баланс

    Активтер

    Есепті кезең соңына

    I. Қысқа мерзімді активтер




    Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері

    173918

    Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек

    14 017

    Қорлар

    123 455

    Басқа да қысқа мерзімді активтер

    88 444



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет