Өндірістік іс-тәжірибе бағдарламасын орындау туралы



бет1/7
Дата12.10.2022
өлшемі148,37 Kb.
#42605
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Еркінова Жібек қорытынды есеп

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


Экономика факультеті
«Қаржы» кафедрасы
Өндірістік іс-тәжірибе бағдарламасын орындау туралы
ЕСЕП

Іс-тәжірибеден өту базасы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті


6В04109 «Мемлекеттік қаржы» мамандығы

Кафедрадан бекітілген


өндірістік іс-тәжірибе
жетекшісі э.ғ.к.,ph D., профессор м.а Б.С.Сапарова

Орындаған 3 курс студенті Ж.Е.Еркінова

Өндірістік іс-тәжірибесінен өту мерзімі
«23» мамыр 2022ж - «25» маусым 2022ж.
Нұр-Сұлтан, 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының заңдық-құқықтық актілері, құрылымы және басқарылуы...................................................................................................................4
1.1 РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының тарихы және құрылымы.....................................................................4
1.2 РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының атқаратын қызметтері.........................................................................8
2. РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының қаржылық-есептік құжаттарымен танысу......................................13
2.1 . РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының қаржы ресурстарын қалыптастыратын көздерін талдау...............13
2.2 . РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының шығыстарын анықтау.......................................................................15
3. «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК...............................17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР МЕН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ.........................................................................................................................22

КІРІСПЕ
Мен Еркінова Жібек Ержанқызы Еуразия Ұлттық университеті, экономика факультетінің 3-курс студанті кәсіптік-өндірістік тәжірибеден 23.05.2022 –25.06.2022 аралығында РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығында өттім.


Кәсіптік практика кәсіптік жоғары білімнің негізгі білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың барлық нысандарының оқу жұмыс жоспарларына енгізіледі.
Кәсіптік практиканың негізгі мазмұны болашақ маманның кәсіби қызметінің сипатына сәйкес келетін бизнес–құрылымдардың, мемлекеттік басқарудың жұмысында практикалық, оқу немесе өндірістік тапсырмаларды орындау болып табылады. Кәсіби тәжірибе теориялық білімді практикалық дайындықпен тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді және таңдалған білім беру бағдарламасына тән дағдылар мен шеберлікті дамытуға бағытталған. Кәсіптік практика оқу процесінде алған теориялық және практикалық білімдерін кеңейтуге және бекітуге бағытталған.
Өндірістік- кәсіптік тәжірибеден өтудегі менің мақсатым – таңдаған білім беру бағдарламам бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге және жетілдіруге, болашақ кәсіби қызметке дайындалу, үйреншікті теорияны тәжірибелік жағдайларда қолдану және берілген ережелер мен міндеттемелерді уақытылы және жауапкершілікпен орындау болды. Мен өндірістік-кәсіптік тәжірибені РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығында өткен болатынмын. Тәжірибеден өту барысында келесі негізгі кезеңдерден өттім:

  • жеке тапсырма алу;

  • нұсқаулық материалмен, бөлімдермен танысу;

  • практика бойынша тапсырмада көзделген материалдарды жинау;

Тәжірибе барысында мен ұйымның басқару құрылымымен, басқарма басшысының, оның орынбасарларының, бөлім басшыларының, бөлім мамандарының функционалдық міндеттерімен таныстым.
Бұл жұмыста келесі ішкі материалдар пайдаланылады:

Осы жұмысты дайындау барысында статистикалық дереккөздер, ресми құжаттар, заңнамалық актілер зерделенеді.
Практикадан өту барысында басшыдан алынған тапсырмалар:

«ҚР ПІБ ИТО» ШЖҚ РМК – ақпарттық-коммуникациялық қызметтер нарығында жетекші компаниялардың бiрi. Компания қазіргі заманғы жоғары тиімді технологияларды енгізу жолымен ҚР ПӘ, ПІБ, ПМК және басқа мемлекеттік органдарға жоғары кәсіби және сапалы ақпараттық-техникалық қызмет көрсетумен айналысады.

1. РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының заңдық-құқықтық актілері, құрылымы және басқарылуы.


1.1 РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығының тарихы және құрылымы.
РГП ПХВ ҚР Пезиденті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы – ақпарттық-коммуникациялық қызметтер нарығында жетекші компаниялардың бiрi. Компания қазіргі заманғы жоғары тиімді технологияларды енгізу жолымен ҚР ПӘ, ПІБ, ПМК және басқа мемлекеттік органдарға жоғары кәсіби және сапалы ақпараттық-техникалық қызмет көрсетумен айналысады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ұстау және дамыту, ақпараттандыру және қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде орналасқан заңды тұлғалардың жүйелері мен технологияларының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы – Мемлекет басшысына бағынатын және Президенттің, депутаттардың, Парламент палаталары мен Үкімет қызметкерлерінің, өзге де мемлекеттік органдар қызметшілерінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
Сонымен қатар, Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары халыққа кеңінен қызмет көрсетіп, еліміздегі озық тәжірибе тарататын алаң болып табылады. РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымы болып табылады. Ұйымның құрылған жылы 2021 жылғы 28 қараша.

Бұл суретте РГП ПХВ ҚР Президенті іс Басқармасының басқару құрылымы көрсетілген. Енді осы бөлімдердің қандай мәселелермен айналысатынына тоқтала кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет