Өндірістік жағдайда лимон қышқылын және лизин алу технологиясы Тапсырма. Глосарий (2 балл)
Лимон қышқылы-суда жақсы еритін түссіз кристалдар. Ол лимонда, қарақатта, итбүлдіргенде, шетен жидегінде, қызылшада болады. Оны жеміс суларына, кәмпиттерге, дәрі-дәрмектерге үстеме ретінде және тамаққайнатпа, кисель, қырыққабат сорпасы, балықты дайындағанда пайдаланады.
Лизин — ξ-диаминокапрон қышқылы, алмаспайтын аминқышқылы. Барлық малдар, өсімдіктер және микроорганизмдер белоктары құрамына кіреді. Әсіресе гистондар мен протаминдердің құрамында көп. Вирус белоктарының бәрінде де бар.
Продуценттер (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршағанортадағы бейорганикалықзаттардан фотосинтез немесе хемосинтезпроцесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра бейорганикалық заттарды органикалық заттарға айналдырушы ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез келген жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзалар гетеротрофты ағзаларға қарама-қайшы.
Шикізат – бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады;табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі.