«Өндірістік және азаматтық құрылыс технолгиясы» кафедрасы



бет17/18
Дата22.09.2024
өлшемі1,43 Mb.
#145211
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
860207301110 kaz 6M073000 Жолдыкараев Берик Жандарович 2018

3-тарау бойынша қорытынды
1.Тәжірибелік жұмыстарды жасай келе химиялық қосылғыштарсыз бетонның құрамын елестету мүмкін емес. Химиялық қосылғыштардың шығыны цемент шығынына байланысты. Соның ішінде суперпластификаторлар 100 кг цементке 1-1,5 кг қатынасына сәйкес келеді. Гиперпластификаторлардың шығыны 100 кг цементке 0,8-1,5 кг қатынасына сәйкес келеді.
2. Тауарлы бетонның аязға төзімділігін жоғарылату үшін қолданылатын қоспаны MasterRheobuild 181А тексеру үшін жүргізілген зертханалық жұмыс нәтижесінде бетон беріктігі 425 кгс/м2 болды. Ол қоспасыз жасалған үлгінің беріктігінен 35 %-ға жоғары, яғни қоспамен жасалған бетон аязға төзімділігі жағынан эффективті болып табылады.

Негізгі қорытынды
Магистрлік жобаны қорытындылай келсек, магистрлік жобаның басында айтып кеткендей, заманауи бетон жасауда химиялық қосылғыштарсыз елестету мүмкін емес. Құрылыс дамыған сайын уақыт өте келе оған қойылатын талаптар да арта береді. Осы талаптарды орындау барысында химияны дамыту мақсатынды әртүрлі технологиямен бетонға қосылатын химиялық құрамы әртүрлі қосылғыштарды ойлап табуда. Солардың ішінде Қазақстанда ғана емес, дүниежүзіне белгілі BASF химиялық компаниясының неміс технологиясымен жасалынған бетонға арналған химиялық қосылғыштарды тәжірибеде қолдандым.
Қолданылған химиялық қосылғаш комплексті болып келеді, яғни ол тек беріктігін арттыру үшін қолданылмайды. Бетонның негізгі қасиеттерін арттыруға қолданылады. Олар : беріктін жоғарылату, су/цемент қатынасын азайту, аязға төзімділігін арттыру, су сіңіруін төмендету, жылжымалығын арттыру. Осы негізгі параметрлерді ескере отырып, MasterRheobuild 181A қоспасын тәжірибеде қолдандым.
ЖШС «Астанақұрылыссервис» зертханасында жасалған тәжірибе қорытындысын ескере отырып, яғни Қосымша-1,Қосымша-2 мақсаттағыдай тауарлы бетонды алдық.
Тауарлы бетонның аязға төзімділігін тексеру үшін жүргізілген зертханалық жұмыс нәтижесінде қоспасыз бетон беріктігі 28 тәулікте
395 кгс/м2, ал қоспамен 575 кгс/м2 көрсетті. Көріп отырғанымыздай қолданылған қосылғыштың көрсеткіші едәуір жоғары болып шықты.
Сонымен магистрлік жобаны қорытындылай келе, заманауи талаптарға сай, уақытты үнемдей отыра, сапалы тауарлы бетон өндіру үшін заманауи химиялық қоспалардың көмегімен жүзеге асады. Бұл химиялық қоспалардың талаптарға сай құрамы да әртүрлі. Мысалы: поликарбоксилат, нафталинсульфанат, лигносульфанат, меломин және т.б. Магистрлік жобада тәжірибеде қолданылған қоспаның бір түрі ғана. Қазіргі таңда құрылыста қолданылып жүрген 100-ден аса түрі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет