Өнеркәсіптік ортада жұмысшы Өнеркәсіптік ортада жұмысшының денсаулығы мен өміріне тиетін қауіпті көздері көп болады. Олар: кеңсе және бұйымдар, технологиялық, энергетикалық, көтеру көлік және басқа да қондырғылар, көлік, бөлшектер және басқада материалдық объектілер. Өндірістік ортадағы бір элемент бірнеше қауіпті тудыруы мүмкін, мысалы: шу, вибрация, кеңістік сферасының ластануы және тағы басқалар. Осындай өзгерілетін қауіптерді техногендік деп атайды. Техногенді қауіптер потенциалды және реалды болып екіге бөлінеді. Потенциалды қауіп дегеніміз қызметкер денсаулығына жасырын (потенциалды) факторлармен әсер етуін айтамыз. Реалды қауіп деп қазіргі уақытта немесе белгілі бір уақыт ішінде қызметкер денсаулығына кері әсер ететін факторларды айтамыз.
Потенциалды және реалды дәрежесі бойынша қауіптілік объектілері мен техникалық жүйелерді келесі топтарға бөлуге болады:
Атомдық реакторлар;
Іс-әрекеттің қауіпсіз принциптерін таңдау, оптималды құрылымдық шешім таңдау, энергия көздері мен энергия тасымалдағыштардың сипаттамасын таңдау, жұмыс үдерісінің параметрін таңдау, сонымен қатар басқару жүйелері мен оның элементтерін таңдау;
Қолданылатын және жиналатын энергияны минимизациялау;
Жиынтықтаушы бұйымдар мен құрылыстырмалар жасап шығаруға арналған, сондай-ақ іске пайдалану кезінде қолданылатын материалдар таңдау;
Оптималды технологиялық үдерістер таңдау;
Конструкцияға кірістірілген жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын, сондай-ақ 76 қауіпті жағдаяттардың туындағаны туралы ескертетін ақпарат құралдарын қолдану.
Құрылым мен оның элементтерінің сенімділігі;
Механизация, автоматизация және дистанциялы басқару мен бақылау құралдарын қолдану;