Өндірістік (педагогикалық) ТӘжірибе 1 Өндірістік (педагогикалық) тәжірибенің мақсаты мен міндеттері



бет2/3
Дата25.04.2023
өлшемі30,65 Kb.
#86689
1   2   3
2.5 Тәжірибенің мазмұны


Педагогикалық практикадан өту кезінде студенттер төмендегідей тапсырмаларды орындауға тиіс:

    1. Студент практикадан өтетін сыныбының барлық пәндерімен, әдістемелік әдебиетімен, оқу бағдарламасымен танысу, көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар дайындау.

    2. Бастауыш сынып мұғалімінің күнтізбелік-тақырыптық және тәрбие жоспарларын оқып үйрену.

    3. Бастауыш сынып мұғалімдерінің және практиканттарды ашық сабақтарына қатысу, талдау және хаттама жазу.

    4. Мектепті оқу жоспары бойынша барлық пәндерден өз бетінше 30 сабақ дайындап, өткізу.

    5. Математика, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен сыныптан тыс сабақтарды жоспарлап өткізу.

    6. Оқушылардың қазақ тілі, математика дәптерлерін үздіксіз тексеріп отыру, аталған пәндерден диктант, бақылау жұмысын алу, тексеру, талдау.

    7. Мектептің педагогикалық кенесінің жұмысына қатысу.

    8. Бастауыш сынып мұғалімдерімен әдістемелік жұмыс жүйесін оқып үйрену және бастауыш сынып мұғалімдеріні әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу.

    9. Сыныптағы бір оқушыны зерттеу, оған психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу.

Күнтізбелік жоспар
Студенттер мектептің сыныптық оқу-тәрбие жұмысымен танысады, оқушыларды зерттейді, тәжірбиенің барлық кезеңіне жұмысты жоспарлайды.

  1. Студенттердің сыныптарға бөлінуі. (1 сыныптан басқа)

  2. Мектеп жұмысының және бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірліктердің жоспарымен танысу.

  3. Оқушыларды психология- педагогикалық зерттеу.

  4. Мұғалімдердің сабақтары мен өтілетін тәрбиелік шараларға қатысу, бақылау және талдау.

  5. Сыныпқа арналған оқу жұмысының күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құру.

  6. Сыныптың тәрбие жұмыстарының жоспарын құру.

  7. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиелерді зерттеу және диплом жұмысына қатысты материалдар жинау жөнінде жоспар құру.

  8. Бастауыш сынып мұғалімінің жеке жоспарын құру.

  9. Мазмұны мен әдістері белгіленген, сабақ жоспарларын өзіндік құрастыру.

  10. Сабаққа керекті көрнекі құралдарды дайындау.

  11. Студенттердің құрған сабақ жоспарларының, конспектілерінің мұғалім мен әдіскердің талқылауынан өтіп, бекітілуі.

  12. Қазақ тілі мен математикадан орындалған жұмыстарын күнделікті тексеру және бағалау, оқу-тәрбиелік құжаттамасын жүргізу.

  13. Оқушылардың ата- аналарымен жұмыс жүргізу.

  14. Балалардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысу.



Күнтізбелік жоспардың жалғасы

  1. Бастауыш мектептің барлық пәндері бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізу.

  2. Бастауыш сыныпта оқытылатын пәндерден сыныптан тыс шараларды өткізу.

  3. Жоспар бойынша оқушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізу (3).

  4. Өзінің қатарлас жолдастарының сабақтарына және сыныптан тыс шараларға қатысу (2 хаттама).

  5. Басқа сыныптарда өтілетін тәрбиелік шараларға қатысу.

  6. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың қоғамдық-пайдалы еңбектерін ұйымдастыру.

  7. Балалардың денсаулықтарын қорғау және дене шынықтыруды дамыту жөнінде шаралардың орындалуы (3).

  8. Ата-аналар жиналысын өткізуге дайындалу және өткізу (1).

  9. Студенттің жеке әдістемелік қорының толығуы және жүйеленуі.

  10. Диплом тақырыбы бойынша тәжірибиелі- педагогикалық жұмыстардың жүргізілуі.

  11. Оқушылардың психологиялық мінездерін түзету және жеке баланың болашақта дамуын жоспарлау.

  12. Сынып бөлмесін безендіруге, дидактикалық және көрнекі құралдарды дайындауға қатысу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет