Пердебетті толтыру үлгісі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д.М. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
“Машина жасау және құрылымдық материалдар технологиясы” кафедрасы
ҚОНДЫРМАЛАРДЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІЗБЕКТІК ӨЛШЕМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ
Курстық жұмыс
Түсіндірмехат
050712.ҚР 00.00.000
Жетекші:
«МЖ ж ҚМТ»
кафедрасының оқытушысы
___________ К.К. Комбаев
________________2012 ж.
06-ТМ-1 топ студентінің
курстық жұмысы
_____________________
____________________ Бағасымен қабылданды
Өскемен қ.
2012 ж.
Бақылау сұрақтары
1) Домалау мойынтіректері үшін қандай дәлдік кластары бекітілген? Олардың қысқаша сипаттамасын беріңіз.
2) Домалау мойынтіректерінің жұмыс қабілеттілігі қандай көрсеткіштермен сипатталады және қандай әдістермен оны қамтамасыз етедi ?
3) Домалау мойынтіректерін шартты белгілеудегі негізгі ережелерді түсіндіріңіз және мысал келтіріңіз.
4) Мойынтірек ішкі балдағының қондырмалы бетінің шақтама өрісі қалай орналасады? Неліктен берілген шақтама өрісінің осындай орналасуы қабылданған?
5) Неліктен жұмыс істеп тұрған мойынтірекке саңылау қажет, қандай әдіспен радиалды саңылау қамтамасыз етіледі?
6) Домалау мойынтірек балдақтары үшін нені ескереді және қандай қондырмаларды тағайындайды: а) жергілікті және циркуляциялы жүктемемен әсерленетін? б) қозғалмайтын және айналмалы?
7) Сыртқы және ішкі диаметрлер бойынша қондырмалардың пайда болуының қабылданған әдісі домалау мойынтірек номенклатурасының қысқартылуын қамтамасыз етеді?
8) Мойынтіректің ішкі және сыртқы балдақтары бойынша шекті ауытқу және қондырмаларды көрсету ережелерін түсіндіріңіз.
9) Домалау мойынтірек балдақтарының қосылысы үшін шақтама және қондырмалар жүйесінің негізгі ерекшеліктерін қарастырыңыз: а) біліктермен; б) тұрқыдағы тесіктермен.
10) Домалау мойынтірек балдақтарының жанасуы үшін қондырмаларды таңдауда неліктен балдақ жүктелу түрін ескеру қажет?
11) Домалау мойынтірек балдақтарымен жанасу жерлерінде білік және тұрқылар беттерінің дәлдік формасына және кедір-бұдырлығына неліктен жоғары талапты талап етеді?
12) Бұрандалы қосылыстарға қандай талаптар қойылады?
13) Бұрандалы қосылыстың жұмыс жасау қабілетіне бұранда дәлдігі қалай әсер етеді?
14) Бұрандалы қосылыстарда қандай қондырма түрлерін қолданады?
15) Қандай элемент өлшемдерінің дәлдік және қатынастарынан бұрандалы қондырмалардың сипаты және сапасы тәуелді болады?
16) Неліктен бұранда бұрап шығарылуы, оның орта диаметрлер қателіктерінің шектелуімен қамтамасыз етіледі?
17) d2 немесе Д2 орта диаметрінің қателігі деп нені атайды?
18) Бұранданың қай диаметрін келтірілген орта диаметр деп атайды және қандай мақсаттарға бұл түсінік енгізілген? Келтірілген d2 және D2 диаметрлерін есептеуге арналған өрнек құрылымын түсіндіріңіз.
19) Бұрандалы қосылыстың бұрап шығару ұзындығы деп нені атайды?
20) Бұрандалы қосылыстың қандай кластары бекітілген, немен сипатталады және қандай мақсат үшін енгізілген?
21) Келесі бұрандалы қосылыстар үшін шақтама және қондырмалар жүйесінің ерекшеліктері: а) метрикалық бұрандалар, Smin > 0 саңылаулы қондырмалар; в)метрикалық бұрандалар, ауыспалы қондырмалар; г) метрикалық бұрандалар, керілісті қондырмалар.
22) Саңылаулы, ауыспалы, қынақты қондырмалардың белгіленуіне мысалдар келтіріңіз.
23) Кілтекті қосылыстар қандай талаптарды қанағаттандырулары қажет?
24) Кілтекті қосылыстардың дәлдігіне, жинақтылығына және жұмыс жасау қабілеттілігіне қандай қателіктер әсер етеді?
25) Кілтекті қосылыстың конструкциялық және пайдалану ерекшеліктері: а) призмалық б)сегментті в) сыналы; г) тангенциалды.
26) МЕСТ 23360-78 «Призматикалық кілтек кілтекті қосылыстар. Кілтек және ойық қимасының өлшемдері, ең үлкен керілісті және ең үлкен саңылаулы қондырмалар» бекітілген стандарттары бойынша шақтама өрістерін жасаңыз.
27) Білік және төлке ойықты «b» өлшемі бойынша призматикалық (сегменттік) кілтекті қосылыс үшін қандай қондырма жүйесі (тесік немесе білік) қабылданған?
28) Оймакілтекті қосылысты қандай мақсаттарда қолданады және қандай ортақ талаптарды олар қанағаттандырулары қажет?
29) Оймакілтекті қосылыстар жұмыс беттерінің жанасу сипатына қолданылу шарты қалай әсер етеді?
30) Машинажасауда қандай оймакілтекті қосылыстар қолданылады және олар перспективалы болып келеді, неліктен?
31) Тікбөшкелі оймакілтекті қосылыстардың конструкциясы және негізгі параметрлері.
32) Оймакілтекті тікбөшкелі қосылыс біліктеріне төлкені орталықтандыру әдістері және ерекшеліктері
33) Оймакілтекті қосылыс жинақтылығы және қажетті қондырмаларды алу қандай шаралармен кепілдендіріледі?
34) . а) сыртқы диаметр б) ішкі диаметр в) оймакілтектің шетжақ беттері бойынша орталықтандыруда тікбөшкелі оймакілтекті қосылыстың орталықтандырушы диаметрлері үшін қандай шақтама өрістері бекітілген.
35) Қозғалмайтын Оймакілтекті қосылыс үшін қандай сипатты қондырманы қолданады?
36) Оймакілтекті бөлшектердің жинақтылығына және қосылыс сипатына жанасу ұзындығы қалай әсер етеді?
37) Шақтама, қондырмаларды белгілеу және олардың бөлшектерінің тікбөшкелі оймакілтекпен белгілену ережелері.
38) Оймакілтекті білік және төлкелердің сомалы қателіктері дегеніміз не? Оның жеке өлшем және оймакілтекті бөлшектер параметрлерінің қателіктерінен айырмашылығы.
ОҚУЛЫҚТА КЕЗДЕСЕТІН ТЕРМИН СӨЗДЕР