Ондықтан 8-ді азайт а 88 с в 72 д 78 28 шығуы үшін қандай санға 7-ні қосу керек?


Сенімді серігі Шалқұйрыққа байланысты мақал-мәтел



бет4/9
Дата31.03.2022
өлшемі36,25 Kb.
#29477
1   2   3   4   5   6   7   8   9
10. Сенімді серігі Шалқұйрыққа байланысты мақал-мәтел

A) Жылқы – ер қанаты

B) Жақсы сөз – жарым ырыс

C) Жүйрік ат аяғынан қалады

D) Мәуелі ағаш – майысқақ


11. «Ер Төстік» ертегісінің түрін анықта

A) жан-жануарлар туралы

B) қиял- ғажайып

C) шыншыл

D) тұрмыс-салт


12. Ер Төстіктің достары

A) жалмауыз кемпір, Саққұлақ, Таусоғар, Шалқұйрық, Желаяқ

B) Бекторы, Кенжекей, жалмауыз кемпір, Көлтаусар, Саққұлақ

C) Шалқұйрық, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар

D) Шойынқұлақ, Таусоғар, Бекторы, Желаяқ, Көлтаусар, Таусоғар





Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

Домбыра


Қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра – ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалык аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр өлкесінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан қиыстырып немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішекпен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішекпен екі немесе үш оралған пернелер тағылады. Алғашқы кезде перне саны бес-жеті болса, кейін оның саны тоғыз-он тоғызға жетті.

Қазақстанның әр өлкесінде домбыра шанағының сыртқы пішіні түрлі-түрлі болады. Мысалы, оңтүстік пен батыс өлкелерінде ол сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, орталық, солтүстік және шығыс өлкелерінде көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалған. Аспаптың сапасы қолда бар ағаштардың қиыстырылуына және домбырашының тарту шеберлігіне байланысты болды. Бірде оң бұрау, енді бірде сол бұрау әдістері арқылы домбыраның құлақ күйін келтіреді.

Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады. Атақты күйшілер Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей және Дина өздерінің терең тебіреністі күйлерін осы домбырамен шығарған. Қазақ халқының көне музыка аспабының бірі саналатын бұл домбыра күйші композиторлардың күмбірлеген «көмейі», боздаған «үні» мен сұңқылдаған «тіліне» айналып отырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет