Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Ер Төстік
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінің ішіндегі ең бір қызықтысы – «Ер Төстікті» көпшілік біледі. Онда жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, махаббат пен зұлымдық арасындағы қиян-кескі күрес бейнеленеді.
Ертегінің басты кейіпкері – Ер Төстік. Ол халық қиялынан туған, жердің асты мен үстін бірдей кезіп жүретін ғажайып батыр, ақылды ер. Өзі туа сала ер жетеді: бір күні – бір апта, бір аптасы – бір ай, бір айы – бір жылға татады.
Ер Төстікке қарсы қара күш иелері де осал емес. Олар: перінің қызы Бекторы, тауды қаңбақтай ұшырып, тасты бұршақтай жаудыратар жалмауыз кемпір, жанын басқа жерде сақтайтын Шойынқұлақ.
Бұларды жеңіп, мерейі үстем болу үшін Ер Төстіктің бір басының батырлығы мен ақылдылығы аздық етуі мүмкін ғой. Сондықтан халық қиялы оған ғажайып алыптар мен өнерпаздарды жолдас етеді. Олар адамша сөйлейтін ат – жел жетпес жүйрік Шалқұйрық, екпінін тежеу үшін аяғына қара қазандай төс байлап жүгіретін Желаяқ. Жердің асты-үстінің сыбырын естіп қалт жібермейтін Саққұлақ, Қақпақыл қылып ойнататын Таусоғар, бір көлдің суын бір-ақ рет ұрттайтын Көлтаусар сияқты Ер Төстіктің адал достары. Ер Төстік осы серіктерінің және өзінің ақылдылығы мен ғажап батырлығының арқасында зұлымдық өкілдерін жеңіп, еліне аман-есен оралады.
|