Мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі мақал» дегендей, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету



Дата25.11.2023
өлшемі18,23 Kb.
#126079
түріСабақ

Тақырыбы: «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»
Мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады. Өтілу барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгін біздің мектебімізде өтетін «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» ойынына хош келдіңіздер. Бұл сайысқа екі топ қатысады: 1. «Сұңқар» тобы. 2. «Тұлпар» тобы.
Мұғалім: Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не?
Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Мұғалім:Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі-жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды - ЖҰМБАҚ дейміз. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны да болады.бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.
Мұғалім: Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық
1 - бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады.
2 - бөлім: «Жалғасын тап» (мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады) 1 – топқа:
1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы) 2. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас) 3. Әркімнің өз жері.........( жұмақ) 4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей) 5. Жері байдың –... (елі бай) 6 .Батыр туса-ел ырысы, .....(жаңбыр жауса жер ырысы). 7.Әдепті бала - арлы бала......(Әдепсіз бала –сорлы бала). 8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,......(Егін екпесең ,жерге өкпелеме). 9. Қыз өссе- елдің көркі......( гүл өссе жердің көркі) 10. Мектеп-кеме......( білім теңіз) 2 – топқа: 1. Ақыл – азбайтын тон,.... (білім – таусылмайтын кен) 2. Жүз сомың болғанша,........................(жүз досың болсын) 3. Досы көпті жау алмайды,... (ақылы көпті дау алмайды) 4. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті) 5. Бірлігі жоқ ел тозады –... (бірлігі күшті ел озады) 6. Бірлік болмай, ...... (тірлік болмас). 7. Ырыс алды,....... (ынтымақ). 8. Ердің атын....... (еңбек шығарады). 9. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...............(..әдепсіз бала ата-анасын қақсатар) 10. Отан үшін......(отқа түс-күймейсің) 3 – бөлім: «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.
1-топқа Үй ішін аралап Қаптарды жарып, Түнде көп жортады, Мысықтан қорқады ( тышқан) Желден желігеді Судан шегінеді. (от) Бұрасаң тетігін, Өлшемін түн мен күн, Соғады жүрегі. Әркім-ақ біледі. ( сағат) Еріксе, құйрығымен ойнайды, Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. ( мысық) Аұпыз, сары, көкпіз, Жүреміз жайнап, Түрлі, түрлі көппіз. Арасында шөптің. ( көбелек) Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. ( жұлдыз)
Жезге ұқсас сабағы, Дәні халық тағамы (Бидай)
Екі аяқты, бір басты, Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Сақалы жоқ, шашы бар, Бет-аузы жоқ, басы бар Белін бекем байлаған Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/
2-топқа
Отыз екі батыр, екіге бөлініп жатыр (тіс)
Балалар суға салған жіп Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады (кітап)
Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. /автобус/ Әжем уыстап сығып Далада кептірген. Қатты әрі, дәмді Көп жесең, шөлдеткен /құрт/ Күмбір-күмбір күйі бар Құлағыңа құйып ал! /домбыра/ Тақылдатып таңдайды Уақыттан бір қалмайды /сағат/
1. Ақ жібек асыл көрпедей, қыс болса жерді жабады, жазғытұрым болғанда, су болып сайға ағады. (Қар)
2. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсен жылатады (Пияз)
4-бөлім
«Кім жүйрік ?» 10,20,30,40 сандарына қарай әр тақырыпқа 4-5 мақал айту
1-топ
10 саны-Ұстаз
1.Ұстазы жақмының, ұстамы жақсы.
2.Шәкіртсіз ұстаз тұл.
20-саны-еңбек
1.Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
2.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
30 саны- оқу
1.Оқу инемен құдық қазғандай.
2.Оқу -білім бұлағы, білім өмір шырағы.
40-саны- мал
Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл –көсір
Ер қанаты -ат
Сиырдың сүті тілінде
2-топ
10 саны- Отан
Отансыз адам , ормансыз бұлбұл
Отан оттан да ыстық
Ел іші алтын бесік
20 саны -дос
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Аққуды атпа, досыңды сатпа
30-саны-ата-ана
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап ұл өсер.
Ата-ананың қадірін, балалы болсаң білерсің.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
40 саны-жақсы-жаман
Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
5– бөлім: «Даналық ойдан дән ізде»
Мұғалім: Бұл бөлімде сандарды ретімен орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар. 1 топқа: кему ретімен. Мектептің жүрегі – мұғалім. М – 22, і – 2, е –21, л – 3, к – 20, а – 4, т – 19, п – 17, ғ – 5, ң – 14, ұ – 6, ж – 13, г – 9, ү-12 , р – 11, е-18, т-16, е-10, і-15, м-1, і-8, м-7.
2 – топқа: өсу ретімен. Мектеп – кеме, білім – теңіз. М-10, і-23, з-29, е-17, м-18, е-14, п-15, м-24, т-25, е-19, б-20, е-11, к-12, е-26, л-22, і-21, т-13, к-16, ң-27, і-28
Қорытынды: Ал, енді бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңдар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет