Өнердің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері



бет1/2
Дата03.09.2022
өлшемі25,47 Kb.
#38385
  1   2
Байланысты:
Артепедагогика 14.06 1 тап


Өнердің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері
Бiлiм беру тармағындағы әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне толығымен кiрiгу үшiн үлкен мiндеттердi шешу қажеттiгiн ескерудi алға тартады. Соңғы нәтижеге бағытталған орта бiлiмдi дамытудың негiзгi мақсаты, мiндеттерi мен бағыттарында үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң қортынды нәтижесi болып табылатын өзектi үш iргелi бiлiм беру мақсатын белгiлейдi: бiрiншiден, дүние­танымдылық, екiншiден, шығармашылық, үшiншiден, құзыреттілік көзқарастар. Осы аталған үш іргелі білім беру мәселелері бейнелеу өнерінде орын алады. Ал бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда оқыту айырықша нәтижесін береді. Сондықтан да бейнелеу өнерін оқытуда педагогикалық-психологиялық тұрғыда негіздеу қажеттілігі анықталуда.
Өнердің өзекті тамыры халық шығармашылығында жатыр. Ерте кезде қол өнер кәсiпшiлiгiнде шеберлiк өнерi шеберден оқушыға, көбiнесе күнделiктi тiршiлiктегi iс-әрекеттер арқылы әкеден балаға тiкелей ауысып отырған. Демек халық педагогикасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнерді одан әрі жалғау үшін оқушыларды психологиялық тұрғыда бейімдеу қажеттілігі туындайды. Бейнелеу өнерін психологиялық тұрғыда оқыту алдымен адамның психологиялық сезім мүшелерімен байланысты болады. Олар: сезім, қиял, елестету, қабылдау, түйсік, ес, есіту сияқты т.б. көптеген психикалық құбылыстарын жетілдіру тікелей бейнелеу өнерінің негізінде жүзеге асыруға болады. Көркемдiк талғамның жетiлуiне, әсемдiктi түсiнiп, қабылдауға және оны өз қолымен жасай бiлуге үйреткен тәлiмдiк тағылымдар адамзат тарихының барлық кезеңiнде маңызды мәнге ие болып келген.
Өнердің педагогикалық-психологиялық тұрғыда оқытудың маңыздылығын айқындау қажеттілігі туындайды. Бейнелеу өнері де үлкен шығармашылық ғылым саласы болып табылады. Ой, қиял, ес, елестету, сезіну сияқты психологиялық процестер бейнелеу өнерімен тікелей байланысты. Өйткені, кез-келген суретші қиялы арқылы ойында жүрген дүниелерді бейнелеп өмірге әкеледі немесе өмірде көрген оқиғасын елестету арқылы туындыларын жазады. Осы психологиялық процес арқылы дүниеге алуан түрлі шығармалар мен туындылар келеді. Сол туындылар арқылы яғни шығармаларды көру арқылы адамның ойлау, қиялдау, сезіну, сүйсіну, түстерді ажрату сияқты көптеген психикалық процестерін дамытады.
Әдебиеттерді зерделеу мен анализ жасау арқылы отандық ғылымда теориялық және практикалық деңгейде адамдардың бейнелеу қабілеттілік­терінің дамуын жас ерекшеліктеріне байланысты ерте жастан қолға алу мәселелері психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау тауып біртіндеп өз шешімін тауып келе жатқандығына көз жеткіздік.
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың сурет салмай шулағанын тәртіпке келтіру үшін, екі бағасын қойып тәртіпке шақыруы, не болмаса сабақтан шығарып жіберу сияқты тосыннан ойлап табылған әдістер педагогикалық жүйеге қарсы әдістер, сондықтан онын, басқаша тиімді жолдарын қарастырған дұрыс. Өйткені, бала психологиясы өте тез қабылдағыш болып келеді. Оқушыны түзеймін деп одан әрі сабаққа деген ынтасын жоғалтып алуымыз мүмкін. Сондықтан да оқушылармен қалай қарым-қатынаста болудың психологиялық, педагогикалық шарттарын пән мұғалімі міндетті түрде жетік меңгерген болуы шарт.
Сурет, кескiндеме, графика өнерiнен эстетикалық ләззат алған Қазыбек бек өзi сурет сала алмаса да көргенiне риза болып былай деп жазады: «Екi жылдың iшiнде сәулет өнерiнен де, әуез өнерiнен де ұстаз жалдап оқыдым… Мен тек Рафайiл, Тидзиан, Леонардо да Винчи, Микеланджело Симони сияқты кереметтердiң өнерiне сүйсiнумен ғана шектелдiм»– деп өзінің ойын осылайша тұжырымдайды. Біз сол Батыс Европаның бейнелеу өнерінің атақты суретшілерімен қоса Қазақ халқының суретшілері Ә. Қастее, Қ. Телжанов, А. Ғалымбаева, Г. Исмайлова сынды т.б. көптеген суретшілердің туындыларымен таныстыра отырып оқушыларды қазақы бейнелеу өнерінің шығармаларымен таныстырып, талдап өтуіміз қажет.
Бейнелеу өнерінің аса маңызды міндеті мен шынайы мүмкіндігі адамға болмыс философиясын түсінуге, табиғаттағы әлеуеттер қалай жүзеге асырылатынын, қандай жетіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтар біздің алға қарай қозғалуымызға кедергі болатындығын ұғынуға көмектесуде. Бұл үшін адамның көркемдік талғамы мен эстетикалық тәрбиесін қалыптасуы қажетігі туындайды.
Кеңес психологиясында біз адамның эмоциялары мен сезімдерін төменгі және жоғарғы деп бөлуді кездестіреміз, Төменгілеріне ағзаңың сыртқы әсерлерді бейнелеу кезіндегі физикалық жағдайынан туындайтын эмоциялар мен сезімдер жатады. Жоғары эмоциялар мен сезімдер – адамның қоғамға және жеке адамдарға, өзінің тәртібіне, өнер туындыларына және шынайлықтың эстетикалық қасиеттеріне қатынасын бейнелейтін біздің рухани өміріміздің құбылыстары. Оларға интеллектуалды, саяси, адамгершілік және эстетикалық эмоциялар мен сезімдер жатады. Біздің пікірімізше, эстетикалық сезім мәселесі екі өзара байланысқан аспектіге ие. Бір жағынан, эстетикалық сезім шынайылықты бейнелеудің өзіндік ерекше нысаны болып табылады. Мұндай жағдайда адамның рухани субъективтілігі мен эстетикалық сезімдер тудыратын қоғамдық шынайылықтың ерекшеліктерінің өзара байланысы туралы мәселе туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет