Жанама өнімдердің және өңделетін өнеркәсіп қалдықтарының технологиялық сипаттамалары.
Жанама өнім-негізгі өнімді өндіру кезінде түзілетін және осы өндірістің мақсаты болып табылмайтын, бірақ басқа өндірісте шикізат ретінде немесе дайын өнім ретінде тұтынуға жарамды қосымша өнім. ЕСКЕРТПЕ Жанама өнім қалдық болып табылмайды.
Қалдықтарды өңдеу қалдықсыз ресурс үнемдеуші технологиялар қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ та, істеп тұрған кәсіпорындардың көпшілігі тез арада қалдықсыз технология жүйесіне көшіріле салмайды. Олардағы істеп тұрған технологияның қалдықтары жоғары болып келеді. Сондықтан, олардан шығатын газ тәрізді, сұйық, қатты қалдықтарды ауаға жібермей ұстап, қайтадан өңдеп және оны пайдалану міндеттері қолданылады.
Қалдықтардың негізгі көздеріне мыналар жатады:
* шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін осы өндірісте қолданылмайтын компоненттері;
* үрдістің толық жүрмеуі;
* қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реакциялардың пайда болуы.
Адсорбция, ректификация процестерінің қондырғыларын жобалау үшін қажет алғашқы берілетін мәліметтер.
Бізге керек ең алғашқы мәлеметтер жалпы түсініктер мен апараттардың түрі және олардың жұмыс жасау процесстері жайлы түсініктер немесе мәлеметтер.
Адсорбция — газ немесе сұйық көлемінен оның сұйық не қатты денемен (адсорбентпен) бөліну бетінде заттың (адсорбаттың) шоғырлануы.
Абсорбциялық процестер жүретін аппараттар абсорберлер деп аталады. Масса алмасудың басқа процестері сияқты абсорбция да фазалар шекарасында өтеді. Сондықтан абсорберлер газ бен сұйықтық арасындағы үлкен жанасу аймағына ие болуы керек. Бұл беттің түзілу тәсіліне байланысты абсорберлерді шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады: беттік және жұқа қабықшалы, саптамалы, барботажды (табақшалы), шашыратқыш.
Мұнайды айыру барысында ректификацияны қолданады. Ректификация ректификациялық колонналарда жүргізіледі. Онда термиялық өңдеу бағытымен ректификаттық бағаналарда, бензинге, керосинге, газойлдың әр түрлі үлгілерінің, дистиллятымен майлар және ауыр қалдықтар бөлінуі, ал содан соң олардың дара тазалауы болады.[
Ректификациялық колонна деп арнайы қондырғылармен – ректификациялық табақшалармен немесе тәрелкелермен – қамтамасыз етілген вертикаль цилиндр тәріздес мұнайды айдап өңдеуге арналған аппаратты айтады. Табақшалар мен насадка колоннаның бойымен көтерілетін будың
төмен қарай ағатын сұйықпен тығыз жанасуын қамтамасыз етеді. Ректификациялық қондырғының жоғары жағынан төмен жатқан тәрелкелерге үнемі сұйық ағып түсіп жатады. Дайын өнімнің бір бөлігі конденсацияланғаннан кейін байытылған сұйық түрінде жоғарыдағы тәрелкеге қайтарылып отырады. Колоннаның төменгі жағынан бу үздіксіз жоғары көтеріліп отырады. Колоннада бу ағымын үнемі тудырып отыру үшін колоннадан шығарылатын қалдықтың бірт бөлігі қыздырылып буға
айналдырылады да колоннаға кері қайтарылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |