Желкенді Қайық[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мұхит бетінде өлшемелер жасау үшін желкенді қайық сияқты роботтар шығарыла басталды. Сондай роботтардың бірі IFREMER және ENSTA-Bretagne компаниялары соққан Vaimos [33] роботы. Жылжытатын күш желден келетін болғандықтан, батарея энергиясы тек қана компьютерге, байланыс және меңгерікті бұру үшін қажет. Егер роботтың күн панелі болса[34], теория жүзінде ол робот шексіз жүре алатын болады. Желкенді Қайық роботтардың жарыстары өтіп тұрады. Сондай жарыстардың екі ең маңыздылары ол жыл сайын Еуропада болатын WRSC және Sailbot жарыстары.
Қоршаған ортамен байланыс пен навигация[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазіргі кездегі роботтардың көбісі адамның бұйрақтарымен жұмыс істейді, немесе бір орында қозғалыссыз істейді. Оған қарамастан адамзат динамикалық ортада автономды түрде жұмыс істей алатын роботтарға қызығушылықтарын арттырып жатыр. Сол роботтарға қоршаған ортада кедергісіз жүру үшін навигация керек. Егер күтпеген жағдайлар (мысалы адамдар мен басқа заттар бір орында тұрмай, жылжитын болса) туындаса робот соғысып мәселе туғызуы мүмкін. ASIMO және Meinü robot сынды жоғары дамыған роботтардың навигация жүйелері де мықты. Өзін - өзі бақылай алатын, немесе Ernst Dickmanns-ның жүргізушісіз автокөліктері қоршаған ортаны сезіп, навигация бойынша шешімдерді көліктің өзі қабылдай алады. Сондай роботтардың көбісі жол нүктелердің арасында шарлау үшін GPS-ті radar, кейбір кездерде lidar сынды сенсорлармен, video cameras және инерциялық бағдар жүйелерімен қоса қолданады.
Адам сөзін тану[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Көбіне адам сөйлеуінің өзгергіштігінің арқасында компьтер үшін адамның нақты уақытта сөйлеген сөзін тану қиынға соғады. Жергілікті акустика, бөлме көлемі, адамның жағдайы (ауру немесе тәуір) сынды себептердің арқасында бір адамның сөйлеген бір сөзі әртүрлі естілуі мүмкін. Ал егер адамның екпіні болса жағдай одан да нашарлай түседі. Оған қарамастан, 1952 жылы Davis, Biddulph және Balashek дауыс тану саласында үлкен қадамдар жасап, бір адамның 10 санды айтқанын 100% дәлдікпен тани алатын әлемнің ең бірінші “дауыспен енгізу жүйесін” ойлап тапты. Қазіргі кездегі жүйелер минутына 160 дейін табиғи үздіксіз сөйлеулерді 95% дәлдікпен тани алады.
Роботтың дауысы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Роботтарды адам сынды сөйлеткізу жүрісінде кедергілер пайда болып жатыр. Әлеуметтік себептерге бола, синтетикалық дауысты қолдану қолайсыз деп шешілді, сол себептен дауыстың эмоционалды құрамдастарын түрлі жолдармен дамыту керектігі байқалды.