Сфералық "Orb bot" роботы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ғалымдардың тағы бір ойы – роботтарды шардың ішіне толығымен енгізу. Зерттеушілердің ойы бойынша робот айналатын еді, немесе робот орналасқан шардың сырқы қабығы айналып, іші жылжымайтын. Роботтың осы түрі orb bot, немесе ball bot деген атпен қалды.[25][26][27] Алты-дөңгелекті роботтар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Төрт дөңгелектің орнана алты дөңгелек қолдану шешімі таулы жерлерде, немесе шөпте жүргенде роботқа жақсырақ тартым мен жолмен қысылсу береді.
Шынжыр табанды робот[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ал шынжыр табанды роботтар одан сайын жақсы тартым береді. Шынжырлы жылжу механизмі өзін жүрген кезде жүздеген дөңгелектен жасалған сынды ұстайды. Сол себептен сыртқы жерлерде өз қолданысын тапты. Көбінесе қолданылатын салалырдың бірі – әскери сала. Әскери операциялар көбінесе сыртта өтеді, қарапайым дөңгелекпен жетуге қиын жерлерде шынжыр табанды робот оңай жете алады. Алайда, үйдің ішіндегі палас, немесе тегіс жерлерде роботтың бұл түрін қолдану қиындау болмақ. Осы түріне жататын роботтардың бірі – NASA-ның Urbie атты қалалық роботы.[28] Тура жүретін роботтар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тура жүру үдерісі қиын және динамикалық мәселе. Бірнеше роботтар адам сынды екі аяқтап жүре алады, алайда олардың біреуі де адам сияқты аяғын нық баса алмайды. Адамның жүру қабілеті туралы көптеген зерттеулер жүргізілді, солардың бірі 2008 жылы Texas A&M Университетінде ашылған AMBER лабораториясында.[29] Басқа роботтар екі аяқтан көбірек болып құрастырылды. Екі аяқты роботқа қарағанда аяқтары көбірек болғанымен ол роботтардың құрастыруы жеңілрек болатын. Сол себептен екі аяқтан көбірек, бірақ тура жүре алатын роботтарды құрастыра бастады. Роботтардың бірін итке ұқсатып құрастырған болатын. Тура жүретін роботтар қозғалыс жүйесі басқа роботтармен салыстырғанда кез келген, тегіс емес жерлерде жүре алатын болды, оған қоса мобилді және энергияны үнемдейтін болды. I, Robot сынды фильмдерде гибрид роботтардың түрлері ұсынылды. Робот басында екі аяқтап, кейіннен төрт аяққа (екі аяқ, екі қол)тұрып жүгіреді. Әдетте, екі аяқты робот тегіс жерде жүре алады және кейбір кездерде баспалдықпен да көтеріле алады.
Жылжудың басқа түрлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ұшу[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жалпы айтқанды қазіргі жолаушылар ұшағы екі адамға бағынатын ұшатын робот. Ұшақтардың автопилоттары қосылу тұрса, компьютер ұшақты саяхат бойы толығымен (жерден ұшу, ауада ұшу мен қону) басқара алады. Ұша алатын роботтардың басқа түрі ұшқышсыз ұшақтар, басқа аты unmanned aerial vehicles (UAVs). Ол ұшықта адамдар болмайды, сол себептен кәдімгі ұшақтарға қарағанда кішірек, жеңілрек болады. Ол ұшақтар әскери қадағалау миссиялары үшін қауіпті аймақтарға ұшады. Кейбіреулері штабтан келген бұйрықпен атуды бастайды. Кейбір роботтар адамның бұйрығысыз автоматты түрде оқ ата бастайды. Ұшатын роботтардың басқа түрі – ол қанатты зымрандар, Entomopter, және Epson micro helicopter robot. Air Penguin, Air Ray,және Air Jelly сынды роботтардың денелері ауадан жеңіл, олар ескекпен жүріп, гидролокациямен басқарылады.