Өнеркәсіптік роботтар туралы жалпы мәліметтер


Қатарлап келген серпімді жетектер



бет3/8
Дата10.01.2023
өлшемі92,51 Kb.
#60826
1   2   3   4   5   6   7   8
Қатарлап келген серпімді жетектер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Серіппелер мотор жетегінің бір бөлігі ретінде жобаланады. Серіппе көптеген роботтарда қолданылған, мысалға гуманоид робот.[5]
Ауа бұлшықеттері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Пневматикалық жасанды бұлшықеттер, басқаша айтқанда ауа бұлшықеттер, дегеніміз желді күштеп үрлеген кезде созылатын (40% дейін) құбырдың ерекше түрі сынды. Олар кейбір роботтардың түрлерінде қолданылады.[6][7][8]
Сым сынды бұлшықеттер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сым сынды бұлшықеттер тағы есте сақтау қабілеті бар қорытпа ретінде белгілі. Nitinol® немесе Flexinol® сымдары сым бойында тоқ жүрген кезде аздап созылатын (әдетте 5%-дан аз) материал. Бұлшықеттердің бұл түрі өте аз қолданылады.[9][10]
Серпімді наноқұбырлар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Серпімді наноқұбырлар келешегі зор жасанды бұлшықеттер технологиясы. Қазіргі кезде ол зерттеулердің бастапқы кезеңінде. Карбон наноқұбырларында ақаулар жоқ болғанның арқасында карбон жіптері бірнеше пайызға өз ұзындығын өзгерте алады. Темір наноқұбырлардың энергия сақтау қабілеті 10 Ж/см3 шамасында. Адамның бицепстері сол материалдың диаметрі 8 мм сыммен айырбасталына алады. Келешекте сондай жинақы бұлшықеттермен жабдықталған роботтар адамдарды озып кетуі мүмкін.[11]
Сенсор өлшемелері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Роботтар сенсорлар арқылы қоршаған орта, немесе ішкі бөлшектер туралы нақты мәлімет ала алады. Айтылған тапсырмаларды орындау үшін, қоршаған ортадағы өзгерістерді сезініп, қолайлы жауапты қайтару үшін сезіну роботтар үшін өте мағызды болып табылады. Роботтар сенсорлар арқылы көптеген мөлшемдерді жасайды, сенсорлар қорғаныс, немесе бұзылыс туралы ескертулер береді және нақты уақытта жасалынып жатқан тапсырмалар туралы ақпарат береді.
Жанасу[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазіргі робот қолдар мен протез қолдар адам қолына қарағанда кем тактильді ақпарат алады. Ғалымдар соңғы зерттеулерде адам саусақтарының механикалық қасиеті және сезіну рецепторларын еліктейтін тактильді сенсор массивін ойлап тапты.[12][13]
2009 жылы бірнеше Еуропалық елдерінің және Израиль елінің ғалымдары SmartHand протез қолын жасап, шығарды. Сол қол шынайы адам қолы сынды – қолсыз қалған адамдар сол протез қолдың арқасында жазып, пернетақтада теріп, күйсандықта ойнап және де басқа жұмыстарды атқара алды. Ауру адам протез қолдағы сенсорлардың арқасында шынайы саусақ сезімдерін сезіну қабілетіне ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет