Осылайша, ауырлығы орташа қылмыс жасаған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары қылмыстық жауаптылықтан және негізгі жазадан босатылады:
ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілгендер;
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде бұрынғы КСР Одағының, әскери немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің басқа тіркелген некеге тұрмаған жесірлері, сондай-ақ соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың әйелдері;
қылмыс жасаған кезде 18 жасқа толмаған адамдар;
осы Заң қолданысқа енгізілген күні елу жасқа толған және одан жоғары әйелдер, алпыс жасқа толған және одан жоғары ерлер;
Заң қолданысқа енгізілген күнге жүкті әйелдер;
ата-ана құқықтарынан айырылмаған балалары бар, оның ішінде асырап алынған не қорғаншылықта және (немесе) қамқоршылықта жүрген, осы Заң қолданысқа енгізілген күні он сегіз жасқа толмаған не қылмыс жасаған және сотталған кезінде жасына қарамастан мүгедек балалар асырауында болған әйелдер;
осы Заң қолданысқа енгізілген күні кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын және ата-ана құқықтарынан айырылмаған ерлер.
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылатын адамдар:
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс;
қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалдары және басқа да талап-қарыздары жоқ немесе оны толығымен өтегендер;
әлеуметтік қауқарсыз тұлғалар ауырлығы орташа қылмыстар жасағандары үшін қылмыстық жауаптылықтан және негізгі жазадан босатылады.
Мерзімдері қысқартылады:
Ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға негізгі жазаның мерзімдері немесе мөлшері екіден бір бөлігіне қысқартылады;
Әлеуметтік жағынан осал адамдарға берілетін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқартылады:
ауыр қылмыстар бойынша - екіден бір бөлігіне;
аса ауыр қылмыстар бойынша - төрттен бір бөлігіне;
Залалды өтеген адамдарға берілетін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқарады: