аса ауыр қылмыстар бойынша - алтыдан бір бөлігіне.
Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар:
кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты осындай қылмыстар жасаған, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған кәмелетке толмағандарға;
он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету, жас балаларды азғындату;
жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар;
адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті өмірге қол сұғушылықпен не зорлық-зомбылықпен ұштасқан және біріктірілген қылмыстар;
ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар;
қылмыстық топтардың, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың құрамындағы қылмыстар;
бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға;
сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу қылмысын жасағандар;
мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа қарсы ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға;
өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған адамдарға;
оларға қатысты жаза орындалған және жазасын өтегендер;
қылмыстардың жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі осы Заңның қолданылу аясына жатпайтын болса;
үкімдердің жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі осы Заңның қолданылу аясына жатпайтын болса;
Заң қолданысқа енгізілген күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабына сәйкес жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған немесе жазаны өтеу кезінде қасақана қылмыс жасаған адамдар деп танылады.