Өнім сапасы туралы түсінік және жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары



бет1/3
Дата25.04.2023
өлшемі27,81 Kb.
#86876
  1   2   3
Байланысты:
1 лек


ӨНІМ САПАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ
ЖОҒАРЛАТУДЫҢ МАҢЫЗЫ, НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ



  1. Өнім сапасы туралы түсінік,оны жоғарылатудың маңызы

  2. Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту - басқарылатын процес.

  3. Сапа қасиетінің көрсеткіштер.




  1. Өнім сапасы туралы түсінік,оны жоғарылатудың маңызы

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.
Өімнің сапасы – өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Сапа - бұл экономикалық категория, ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Өнімнің сапасын басқару - сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау – конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:
өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет