Сабақтың тақырыбы: Жасанды үлбір Сабақтың мақсаты



Дата21.09.2023
өлшемі26,74 Kb.
#109640
түріСабақ
Байланысты:
Жасанды үлбір


Сабақтың тақырыбы: Жасанды үлбір
Сабақтың мақсаты: Жасанды үлбір түрлерін
Өзінің сыртқы түрінің және әдемілігінің арқасында қаракөл, елтірі, мысық, күзен табиғи үлбірлерін қайталай алатын және пайдалану қасиеті жоғары. Сондай-ақ табиғи былғарымен салыстырғанда оны өндірудің тиімділігімен, жасанды үлбір әйелдер және балалар пальтосын, бас киімдерін, спорттық курткаларды жасауда кең қолдау тапты.
Жасанды үлбір деп - тоқыма ілмек тоқу және негізмдеу тәсілімен алынған грунт және түкті жіптері бар тоқыма бүйымдарды атайды.
Жасанды үлбірлерді шығару тәсілдеріне қарай үш түрге бөледі: маталы үлбір, тоқыма үлбірі және негізмделген үлбір.
Жасанды үлбірлердің түктері келесі түрлерге бөлінеді.
Синтетикалық талшықтардан жасалған түк - полиакрилонитриль (нитрон, дайнель), полиамид (капрон, нейлон, анид және дакрон), полиэфир (лавсан,) барлық жасанды үлбір түрлері үшін қолданылады.
Жасанды талшықтан алынған түктер - вискозды және ацеттаты, маталы жасанды үлбірде және кейде тоқымада қолданылады.
Табиғи жібектен және табиғи жүн талшығынан жасалатын түктер мата үлбірінде ғана қолданылады.
Жасанды үлбірлер бояу тәсілдеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді: төсемесінде және талшығында тегіс бояуы, жағып тегіс бояуы, тон немесе суретті аэрографты салу арқылы және трафарет көмегімен сурет салу арқылы алынған жасанды үлбірлер.
Жасанды үлбір (талшығының) түкті жабынының үзындығы бойынша түгінің биіктігі, үзындығы әр түрлі және түгінің өрнекпен орналасуы тегіс болады.
Арналуына қарай жасанды үлбір келесі түрлерге бөлінеді: биіктігі және түгінің әрленуі әр түрлі тігін бүйымдарының үсті бөлігі үшін; астарлық жоғарғы киімді жылыту үшін арналған материал, бүл үлбірлер тегіс боялған қысқа түкті және тек маталы, немесе тоқыма үлбірлер, жиһазды қаптау үшін арналған.
Маталы жасанды үлбірі
Маталы негізге отырғызылған үлбір түк салғыш тоқыма станогінде түктік айқаспамен алынады. Жасанды үлбірді тоқу процессі түкті айқаспалы матаны алу процесіне үқсас. Тоқыма үлбірді алуда негізгі жүйе ретінде 25- 18,5 текс х 2 ширатылған мақта жібін пайдаланады. Драпталу қасиеті жақсы жеңіл үлбір алу үшін, негізгі жүйеге синтетикалық жіптер пайдаланылады. Түкті вискоза, ацетаттық, синтетикалық талшықтардан және синтетикалық талшықтардың жасанды талшықтармен қосындысынан жасайды. Түктің биіктігі 6-10 мм және одан да артық, 1м2 үлбірдің салмағы 350-750 г. Маталы үлбірлер басқа жасанды үлбірлермен салыстырғанда түкті қысқа және астарлық материалы ретінде тиімді қолданылады. Бүл үлбірдің түктері синтетикалық (лавсан, капрон және нитрон), жасанды (вискозды, ацетатты) талшықтармен өңделеді.
Маталы жасанды үлбірдің ассортименттері келесі үлбір түрлерімен көрсетілген: түк ретінде алдын ала буланған бұралған жүнді тоқыма қолданылады. Табиғи қаракөл елтіріге үқсату үшін түкті жабынға құлпырмалылық беретін арнайы өңделген қаракөлді қолданылады.
Аюдың бір бағытта жатқызылған немесе бұйраланған үзын түгі бар. Жіптің түкті жүйесі ешкі жүнінен немесе синтетикалық талшықтан алынады.
Елтірі - иірілген жүннен тоқу арқылы өндіріледі. Белгілі бір әсерді құру үшін түкті бұйраға үқсатады.
Тюлень - тоқылатын жібектен өте тығыз иірілген жүнмен ілмектескен матасы. Түгінің биіктігі 3-5 мм. Кейде түк есебінде ешкі терісі қолданылады.
Көр тышқан (крот) тышқан терісіне үқсас етіп бастырып сурет салынған және жасанды қысқа түктермен толтырылған мата.
Теңіз мысығы жасанды талшықтан алынған түкті мата, түгі аса биік және жылтыр.
Цигейка жүні вискозды штапелді талшықтан 150 % қоспасынан алынған мата, түгі салыстырмалы биік, ақ, сұр, қоңыр және қара түсті.
Кәмшат тоқылатын табиғи жібектен алынған түкті мата, жүмсак жылтырақ және үзын түкті.
Қой терісі немесе бүзау терісі арнайы әрлеумен әр түрлі бағытта жатқызылған қысқа түкті мата.

Тоқыма жасанды үлбірі


Қазіргі уақыттағы тоқыма жасанды үлбірі, қүрамы табиғи үлбірге үқсағандықтан кең тарау алды және маталы жасанды үлбіріне қарағанда бағалы сапаға ие. Тоқыма негіздегіжасанды үлбірлердіңгрунты негізінде мақта қағазды тоқымадан түзілген тоқыма төсеме қолданылады, ал түктері синтетикалық талшықтардан өндіріледі. Тоқыманың сирек қүрылымы аз салмақты, жақсы қалыптасуын қамтамасыз етіп, бірақ біруақытта түгінің бекітілу беріктігін төмендетеді, сондықтан тоқыма негіздегі жасанды үлбірлерді міндетті түрде теріс бетінен тоқыма төсемесінде түктерді жақсы бекітіп түратын латекстермен негіздейді.


Синтетикалық талшықтар мұндай үлбірдің әдемі сыртқы түрін көр- сетеді.
Қазіргі уақытта тоқыма негіздегі жасанды үлбірлерді өндіру мүмкіндігі өте мол және оның ассортименттері үздіксіз кеңеюде. Қазіргі технологияның дамуына байланысты түктерінің биіктігі әр түрлі жасанды үлбір түрлерін алуға болады.
Тоқыма негізді үлбірдің созылмалылығы өте жоғары, сондықтан киімді тігу технологиясын жетілдіру кезінде және үлгілеуде оны еске- ру қажет. Киімнің созылатын бөліктерінде, бұйымды кию кезінде со- зылудан және деформацияланудан сақтайтын тесьма немесе жиектеме салу керек.
Тоқыма үлбірінің грунтты мақта мата жіптер және негізмделген үлбір бөзі үлкен өзгеріске ұшырағандықтан, бұл бұйымның сыртқы түрін нашарлатады. Бұл жасанды үлбірдің кемшілігі сәйкес әрлеуге жіберілмесе байқалуы мүмкін.
Тоқыма үлбір бұйымы әрдайым өте жоғары ауа өткізгішті болады. Сол үшін киімді жобалау кезінде желден қорғағыш астар аралықты қарастыру қажет, астарлық ретінде жылытқыштар немесе аса үлкен емес ауа өткізгішті астарлар қолданылады. Тоқыма үлбірінің аса маңызды қасиеті, олардың жоғарғы бу өткізгіштігі болып табылады.
Қара күзен - полиакрилнитрилді талшықтардың варена және дай- неля (50%) қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі, түк биіктігі 12-16 мм.
Минк - орлон және дайнел қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі.
Тоқыма үлбір әр түрлі түкті болуы мүмкін, әр түрінде 12-20 мм аралығында тербеледі. 1м2 бұл үлбір салмағы 550-850 г аралығында.
Тоқыма негізді жасанды үлбір алуан түрлі әрлеуге ұшырайды. Олар ақ, қара, сұр, сары, көгілдір, қоңыр және басқа түсте, сондай ақ су- ретпен, аэрографты бояуымен немесе трафаретті толтырылған болуы мүмкін.
Желімдік жасанды үлбірі.
Жасанды үлбір ассортиментінің ішінде екі желімдік үлбір түрі бар: жасанды қаракөл және жасанды елтірі, оларды арнайы қаракөл жасай- тын машинада алады. Машинада грунтты матаға әдетте бөзге, қаракөлді бұйрасына ұқсатып үздіксіз жіп түрінде шашақтарын жатықтырып, желімдейді. Шашақ жіп - жіптер арасында капронды талшықтар бұйраланған мақта қағазды тоқыма. Елтірі үшін шашақ жіпті капрон- ды, вискозды немесе басқа талшықтардан алады, нәтижесінде елтірінің түгі аса қопсыған немесе табиғи елтіріге өте ұқсас болып шығады.
Тоқыма үлбірінің және жасанды қаракөлдің қасиеттері жөніндегі кейбір көрсеткіштер 8.5- кестеде көрсетілген.

Жасанды үлбір түктерінің бекітілуі өте берік, үзілуге беріктігі жоғары болады, қойдан жасалған цигейканың былғары өзеңі өте қалың.


Бүл үлбірдің түрлері сары және қара болып өндіріледі. Елтіріге кейде аэрографты сурет жағылады. 1м^ салмағы 1200г жетеді. Бүл жа- санды үлбір түрлерінің салмағын біршама ауырлатады.

Жасанды үлбірдің қасиеттері.


Өз кезеңінде жеңілдетіп, не ауырлататын алдымен киім салмағына әсер ететін жасанды үлбір салмағымен ерекшеленетінін ескеру ке- рек. Үлбірдің салмағынан және оның ауа өткізгіштігінен қорыта келе, сәйкес жылу сақтайтын, желден қорғайтын астарлар тандау керек. Егер табиғи цигейканы тоқыма негізді үлбірмен және үлпекті салыстырса, онда 1м2 табиғи цигейкалық үлбірдің салмағы 707 г, тоқыма үлбірдікі 763г, желімделген жасанды қаракөл 1089г.


Кесте 8.5 - Жасанды үлбірдің физико-механикалық қасиеттері.



Көрсеткіштер

Жасанды қаракөл

Тоқыма үлбірі

Табиғи үлбір

1

2

3

4

Түктің беріктігі, Н
Үзілуге, Н

3,5

5,9

2,8

Бойлық

30,4

23,7

75,6

Көлденең

19,9

23,7

75,6

Үзілу кезіндегі

5,2

63,4

54,0

үзаруы, % Бойлық Көлденең

13,3

80,8

54,0

Грунтының

0,49

0,44

0,32

ауыспалы коэффициенті
Бойлық Көлденең

0,45

0,36

0,32

Ауа өткізгіштігі; м/мин м

0,126

21,9

0,167

Бу өткізгіштігі, г/ см ч

0,0021

0,0382

0,078

5 минуттық жаңбыр кезінде су өткізгіштігі, г

жоқ

214

жоқ

Жаңбыр кезінде ылғалдануы

154,7

316

4,3

Түктің қажалуы (Абразив айналым саны)

7031

21314

9879

Желімделген жасанды үлбірінің ауа және бу өткізгіштігі өте төмен. Осы материалдардан жасалған өнімдердің гигиеналық қасиеттері айтарлықтай төмендейді. Бүл жағдайды киімді үлгілеу кезінде еске- ру қажет. Мүндай материалдардан жасалған киімдерді үзақ қолдануға болмайды.


Жасанды үлбірлер, әсіресе тоқыма үлбірі түк (орлоннан жасалған) оның тозуға төзімділігін көрсететін қажалу беріктігіне ие. Сонымен бірге ескеретін нәрсе, синтетикалық талшықтардан, түктен жасалған жасанды үлбірлерде пиллинг түрі түзілуі мүмкін. Ол бүйымның сыртқы түрін нашарлатып және оның жылу сақтағыш қасиетін төмендетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет