Оныншы апта №10 Практикалық сабақтың тақырыбы


В.И. Добреньков жəне А.И. Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді



бет2/3
Дата12.06.2022
өлшемі25,5 Kb.
#36736
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Оныншы апта №10 Практикалы? саба?ты? та?ырыбы

В.И. Добреньков жəне А.И. Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді:
бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру жəне мəдениетті тарату;

  • қоғам мəдениетін сақтау жəне жетілдіру;

  • тұлғаның əлеуметтенуі, əсіресе, жастардың жəне олардың қоғамда интеграциялануы;

  • тұлғаның статусының анықталуы;

  • əлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нəтижесінде қоғамның əлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі жəне өзгереді, индивидуальды мобильділік;

  • жастарды кəсіби бағыттауды жəне кəсіби таңдауды қамтамасыз ету;

  • сатылы үзіліссіз білім беру үшін білім базаларын құру;

  • əлеуметтік-мəдени новация, жаңа идеялар мен теорияларды, жаңалықтарды өңдеу жəне құру;

  • əлеуметтік бақылау.

Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға, ғылыми жетістіктерге негізделген жəне өзіндік күрделі əлеуметтік құбылыс болып табылады. Білім беру жүйелері ұлттық, аймақтық, континенталдық, жаһандық жəне əлемдік болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында жаңа білім заңы 2007 жылы қабылданды. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.
2. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік.
Әр ата-ана баласының бола­шақ­та ең ақылды, ең білімді, ең табысты бол­ғанын армандайды. Сондықтан осы ар­манды жүзеге асыру үшін олар мей­лін­ше күш салып, қолынан кел­генін аянбайды. Біздің елімізде ба­ланы кішкентайынан дамытып, оған білім беруге қажеттінің бәрі бар. Мем­лекет те азаматтарының бі­лімділік деңгейін көтеріп, білім алу­ды жеңілдететін, ынталандыра­тын жаңа жолдар ұсынып, осы бағыт­та ауқым­ды шара­лар қолдануда.
Бүгінде оның нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, БҰҰ деректері бойынша, соңғы он бес жылда Қазақстан әлдеқайда ілгері басқан, ал соңғы үш жылда адамның даму Индексі жағынан көрсеткіші жоғары елдердің қатарында. Яғни, халқымыздың 99,6 пайызы – са-уатты. Осы белгілер бойынша, біз әлемдегі 177 елдің арасында 14 – орында, ал Азияда бірінші орында көш бастап тұрмыз.
Осылайша, бүгінде қазақстандық білім беру халықаралық білім беру кеңістігінде лайықты орын алып келеді. Дәл қазір еліміз отандық бі­лім бе­ру жүйесінің даму жолындағы саннан сапаға көшетін кезекті орасан зор кезеңге аяқ басқалы тұр. ҚР Президенті білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту кезінде «Өмiр бойы бiлiм алу» әр­бiр қазақстандықтың жеке ұстаны­­мына айналуы тиiс. Ал ол үшін мек­теп­ке дейін­гіден ғылым дәрежесі­не дейінгі білім алудың әр деңгейі ха­лыққа қолжетімді болу қажеттігін ай­рықша айтып өткен болатын.
Білімнің қолжетімділігі – оның жалпы сапасының бір көрсеткіші. Осыған орай, елдегі білім берудің сапасын көтеру үшін оның қолже­тім­­ділігін арттыратын қосымша ме­ха­низм­дер қажет. Жыл сайын мем­ле­кет бі­лім беру грант­тарын кө­бей­тіп, білім бе­ру кре­дит­терінің кө­ле­мін арт­тыру үшін жағ­дайлар жасауда.
Осы ретте, соңғы екі жылда «Мем­лекеттік білім беру жинақтау жүйе­сі туралы» жаңа Заң жоба­ны дайындау және талқылау бойын­ша қызу жұмыс жүргізілді. Осы жұмыс­тар­дың нәтижесінде, 2012 жыл­дың 13 желтоқсанында Қазақ­стан Республикасының Парламент Сенаты аталмыш заңжобаны қабылдады. Ал, бұл – жаңа 2013 жы­лы қазақстандық азаматтардың өз болашағын сенімдірек жос­пар­лауға мүмкіндігі болады деген сөз. Өйткені, мемлекет білім алуға қа­ражат жинау үшін жағдай жасауда, сонымен бірге мұндай салымдарға мемлекеттік сыйлықақылар бөліп оларды құптап отыр.
Қоғамымыздың жаңа енгізулерге сақтықпен қарайтыны белгілі. Әри­не, білім беру жинақтау жүйесін ен­гізу кезінде мемлекет халықтың оқу­ға қа­ражат жинауға қарсы, жағымсыз, сынды көзқарасына ұшы­рауы әбден мүмкін. Өйткені, қоға­мымыз үшін білім беру салым­дарын жасап, қаражат жинау – бі­лім беруді қаржыландырудың таң­сық, үйреншіксіз құралы. Әйт­се де, әр аза­мат мемлекеттің өз азамат­та­ры­ның лайықты білім алуына аса мүд­делі екендігін білуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет