Білім берудегі теңсіздік. Негізінен, мектептер ешкімнің байлығына, дәулетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай барлығына тең қарауға міндетті. Дегенмен, әлеуметтік теңсіздік туралы жүргізілген жаһандық зерттеулердің бірінде мүлдем олай еместігі белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын байлар мен кедейлер арасындағы білім айырмашылығы артып барады.
Зерттеу нәтижелеріне сенсек, 60 мемлекетте ең бай және ең кедей адамдар арасындағы білім алу жасында үш жыл айырмашылық бар. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларда шыққан он баланың тек біреуі ғана бай отбасынан шыққан балалардың білім нәтижесіне жетеді екен.
Білім беруді мәртебе - айқындау құралы ретінде қолдану, түрлі әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар үшін қолжетімді білім берудегі мүмкіндіктер теңсіздігін күшейтіп отыр. Кедейлер оқитын мектептерде оқушылар тар сынып бөлмелерінде бір мұғалімнің орнына келген басқа мұғаліммен немесе жақында ғана оқуын бітірген, тәжірибесіз оқытушымен бірге стандарт тестілеуге дайындалады. Шығармашылық қабілет-дағдыларын дамыту деген атымен болмайды. Студенттер автомеханик немесе косметолог кәсіптеріне мамандана алады. Бірақ олардың мектептері есептеулерді, шығармашылық жазбаларды немесе АР (біліктілік арттыру) сыныптарын ұсына алмайды. Мектеп қандай бағдарлама ұсынғанымен сынып бөлмелерінде жылыту жүйесі дұрыс болмаса, оқушылар ескі оқулықтарды бөлісуге мәжбүр болса, білім алу қиындай түседі. Керісінше, бақуатты адамдардың балалары заманауи сыныптарда және ғылыми лабораторияларда білім алып, көптеген тілдерді, зерттеу тақырыптарын және АР сыныптарын таңдай алады. Кеңесші қызметшілер оқушылардың талабына сай беделді оқу орнына түсуге көмектеседі. Ең таңдаулы АҚШ колледждеріне бірінші курс студенттерінің 55 пайызы табыстың 25 пайызына иелік ететін отбасылардан келеді. Сол сияқты аралас табысты қоғамда қаржысы жеткілікті оқушылар кедей балаларға қарағанда, әртүрлі бағдарламалары бар, жақсы оқу орнына қол жеткізе алады.
3. Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары. Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру әлеуметтануы – білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т.б.), сонымен қатар білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді: мысалы, қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны), оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ, мұндай мәселелер білім беру әлеуметтануының саласы ретінде педагогика әлеуметтануын қалыптастырады.
Білім беру әлеуметтануының өзіндік ерекше міндеттері бар:
Білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;
Қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;
Рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау.
Білім беру әлеуметтануының негізін М.Вебер және Э.Дюркгейм қалаған.
Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси процестермен байланысын, сонымен қатар әлеуметтану көзқарасы бойынша оқу орындары мен педагогикалық процестерді зерттеді. Кейінірек Т.Парсонс білімді қазіргі қоғамда әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді, оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды (рөлдер мен нормалар жүйесі). Осы тұрғыдан алғанда мектептер, сыныптар, әлеуметтік психологиялық орта, топтық процестер, жанжалдың шығу тегі, оқыту тәсілі, әлеуметметриялық құрылымдарға ие болатын білім алушылардың бейресми топтары зерттеледі. Н.Гросс, Р.Будон, Р.Коллинс білім алушының әлеуметтік жағдайын, оның оқу жүйесіндегі жетістіктерін сондай-ақ білім мен әлеуметтік стратификацияның байланысын талдауға назар аударады.
Білім беру жүйесі – әлеуметтік институттың ең маңыздыларының бірі. Жеке адамның әлеуметтенуі – жеке адамдардың өзері өмір сүретін қоғамда тиімді жұмыс істеу үшін өмір сүру арқылы сапасын дамыту процесі. Әлеуметтендіру мәдениеттің сабақтастығын, оның ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Алғашқы әлеуметтендіруді (баланың әлеуметтендіруі) алып жүруші агенттер болып отбасы табылады, әлеуметтендіру көбінесе стихиялы сипатта болады (саяси, заңдық, діни, БАҚ, т.б.). бұл жерде әлеуметтендіру басымдылығы бойынша мақсатты бағытталған сипатта болады. Қазіргі қоғамда саналы әлеуметтенудің шешуші құралы білім жүйесі болып табылады. Олардың әрекет ету процесінде сонымен қатар әлеуметтену процесінің екі жақты қызметі туындайды – мәдениетті жеткізу және тұлғаның дамуы.
Білім тұлғаның дамуына, өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі. Сонымен бірге білім тәжірибелік және нышандық сипаттағы маңызды міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етіп, қоғам үшін шешуші маңызды орын алады. Мәдениетті жеткізу қызметі дәстүрлі құндылықтарды арнайы емес тиісті білім беру жүйесінде сақтау және оларды жоғалтып алуын толағандыратын тарихи бағыт алу сана-сезім ашық көрінетін қоғамдарда көрініс береді. Білімнің бұл қызметінің жүзеге асуы гуманитарлық жиынтық пәндерінің – қоғам тарихының, тілдің, әдебиеттің, географияның, дін және философияның қолдауынан көрінеді.
Білім беру жүйесі қоғамның бірігуіне маңызды үлес қосады. Қазіргі көптеген елдер әр түрлі этникалық, діни, нәсілдік топтармен сипатталады. Білім тарихы тағдырдың қауымдастық сезімін, осы біртұтас қоғам қатарына жататынын қалыптастыруға өзінің үлесін қосады және осындай топтардың ұлттық мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, мәдени ықпалдасу шеңберіндгі ортақ құндылықтарды, қалауларды, мұраттарды және ұмтылыстарды жасап шығаруға көмектеседі.