6) Маммограммалардың барлығы нәтижеге байланыссыз “екіншілік оқылу” үшін онкологиялық диспансерге, сонымен қатар телемедициналық байланыс арқылы да жіберіледі. Емханадан онкологиялық диспансерге маммограмманы жіберу медициналық тіркеуші қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. Барлық маммограммалар қорытындысы қалалық, аудандық, онкологиялық диспансердің мұрағатында сақталады.
Скрининг шеңберінде жасалған маммограмма науқасқа берілмейді.
М2, М3 (сүт безінің қатерсіз ісігі болса ) –науқасты ары қарай динамикалық бақылау үшін ауылдық,аудандық,қалалық кеңестік-диагностикалық емхананың немесе кеңестік-диагностикалық орталықтың маммолог, онколог кеңесіне жолдайды;
М6 (верифицирленген патоморфологиялық сүт безі қатерлі ісігінде) –емделу және диспансерлік есепте тұру үшін науқасты онкологиялық диспансерге онколог,маммологқа жолдайды;