13.1.3.2. хабарлама мəтінінде-сұрау салуды қарау үшін қажетті ақпарат немесе ұсынылған хабарламаны түсіну үшін жеткілікті ақпарат. Тараптар өзге электрондық мекенжайлардан жіберілген хаттар жоғарыда сипатталған нысандардан өзге түрде қаралмауы мүмкін деген қорытындыға келді.
Тараптар Орындаушы өз қалауы бойынша Шартты, оның ішінде қызметтер көрсету шарттарын жəне (немесе) тəртібін, қызметтердің көлемін, санын жəне (немесе) жиынтықтылығын, олардың құнын өзгертуге жəне (немесе) толықтыруға құқылы деген келісімге келді.
Тараптардың келісімі бойынша Шартты бұзу туралы ұсыныс басқа Тарапқа ұсынылатын бұзу күніне жəне онлайн курсының басталуына дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Шартта Тараптармен келісілген нысанда жіберіледі. Тараптардың келісімі бойынша Шартты бұзу бір Тараптың Шартты бұзу жəне оны екінші Тараптың қабылдауы (акцепті) туралы ұсыныс жіберуі арқылы Шарт сияқты нысанда жасалады.
Тараптың заңнамасында белгіленген Шартпен басқа Тарап шарттан бас тартуға құқылы болатын Шартты Тараптың бұзуынан туындаған өзге де жағдайларды келісті:
Орындаушының бастамасы бойынша:
Тапсырыс берушінің/ Білім алушылардың Шартпен регламенттелген қабылданған міндеттемелерді бірнеше рет (2 (екі) рет жəне одан көп) орындамауы жəне (немесе) тиісінше орындамауы;
Тапсырыс берушінің Шартпен регламенттелген төлем бойынша міндеттемелерді орындамауы жəне (немесе) тиісінше орындамауы.
ШАРТТЫҢ БАСҚА ШАРТТАРЫ
Шарт тараптар осы Шартқа қол қойған сəттен бастап күшіне енеді жəне Тараптар өзіне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылуын жалғастырады жəне əрекет етеді.
Осы Шарт бойынша барлық даулар Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес қаралады. Осы Шартта көзделмеген жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
Осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалуы жəне Тараптардың тиісті уəкілетті өкілдері қол қоюы керек.
Тараптар банктік, пошталық, электрондық жəне басқа деректемелердегі барлық өзгерістер туралы олар ресми бекітілген күннен бастап екі күнтізбелік күннен кешіктірмей бір-бірін хабардар
етуге міндетті. Тараптардың ескі мекенжайлар мен шоттарда олардың өзгеруі туралы хабарламаларды алғанға дейін жасаған барлық əрекеттері тиісінше орындалды деп саналады.
Осымен Тараптар Шартқа қол қою кезінде:
олардың əрекет қабілеттілігі жəне азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу қабілеті бар.
Осы Шарттың мəтініндегі барлық толықтырулар мен түзетулер Тараптардың өкілдері əрбір жеке түзету мен толықтыруды осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім жасау арқылы өзара растаған жағдайда ғана заңды күшке ие болады.
Тараптар осы Шартты нотариалды куəландырмауға жіне Тараптар Тараптардың деректемелерінде жəне Тапсырыс берушінің тіркеу деректерінде көрсетілген кез келген электрондық пошта хат-хабарлары, сондай-ақ Тараптардың электрондық пошта арқылы жіберген құжаттары заңды күшіне енеді жəне сотта дəлел бола алады деп келісті.
Осы Шарт орыс жəне қазақ тілдерінде бірдей заңды күші бар 2 (Екі) данада, Тараптардың əрқайсысы үшін 1 (Бір) данадан жасалған. Шартта регламенттелген тəртіппен жасалған қосымшалар, толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады. Шарттар мəтіндері қазақ жəне орыс тілдерінде сəйкес келмеген жағдайда, Шарттың орыс тілінде жасалған мəтіні басым заңды мəнге ие болады.