Онлайн оқушы договор қазақша docx


ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, МЕРЗІМІ ЖƏНЕ ТӨЛЕУ ТƏРТІБІ



бет4/12
Дата04.11.2023
өлшемі1,4 Mb.
#122223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Әділ Ерлан

ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, МЕРЗІМІ ЖƏНЕ ТӨЛЕУ ТƏРТІБІ


    1. Абоненттік төлем Орындаушы ұсынатын оқыту бағдарламалары үшін бекітілген бағаға сəйкес айқындалады жəне таңдалған тарифке сəйкес Екі пән 32000 ( Отыз екі мың теңге ) теңге мөлшерінде болады. Тапсырыс берушінің өз таңдауы бойынша ақпараттық қызметтің ағымдағы тарифін өзгертуге құқығы бар. Тапсырыс беруші осы Шарттың 3.3-тармағында көрсетілген электрондық пошта арқылы тарифті өзгерту ниеті туралы Орындаушыны жазбаша хабардар етуге тиіс. Жаңа тарифті қолдану туралы хабарлама алған сəттен бастап қызметтерге ақы төлеу жаңа тарифке сəйкес жүргізілетін болады.

      1. пəндер бойынша Ақпараттық қызмет тарифі:

  • 1 (Бір) пəн - 22 000 (Жиырма екі мың) теңге;

  • 2 (Екі) пəн – 32 000 (Отыз екі мың) теңге;

  • 3 (Үш) пəн - 45 000 (Қырық бес мың) теңге;

  • 4 (Төрт) пəн - 60 000 (Алпыс мың) теңге.

    1. Қызметтердің құнына қосылған құн салығы кірмейді.

    2. Тиісті тапсырыс бойынша қызметтерге ақы төлеуді Тапсырыс беруші тапсырысты ресімдеу күні 100 % (жүз пайыз) алдын ала төлем шарттарында жүзеге асырады. Осымен Тараптар Тапсырыс берушінің тиісті тапсырысты төлеу жөніндегі міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы Орындаушыны осындай тапсырысты орындаудан босатады деп келісті, яғни тапсырысты Тапсырыс беруші ресімдемеген, Орындаушы алмаған жəне тиісінше орындауға қабылданбаған болып есептеледі.

    3. Қызметтер үшін ақы төлеу мынадай тəртіппен жүзеге асырылады:

      1. Тіркеу жарнасы, сондай-ақ Оқудың бірінші айы үшін төлем сомасы Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шартты жəне Тапсырыс берушінің тапсырысын жіберген күні төленеді.

      2. Абоненттік төлем белгіленген ай сайынғы төлемдерге сəйкес əрбір келесі ай үшін тиісті оқу айының 1 (бірінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Оқу айының 1 (бірінші) күні топтың бірінші сабағының күнтізбелік күнін білдіреді,

қолма-қол ақшасыз тəртіпте келесі тəсілдермен:

  • Төлем картасымен (Visa, Visa Electron Mastercard, Mastercard Electronic, Maestro, Mastercard),

  • Орындаушының банктік шотына ақша аудару арқылы.

  • Kaspi Pay

    1. Қызметтерге ақы төлеудің кейбір тəсілдері Тапсырыс берушінің комиссияны төлеу жөніндегі міндеттемесін көздеуі мүмкін, немесе төлемдерді қабылдауды жəне аударуды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктің қызметтері үшін төлеу міндеттемесін қарастыруы мүмкін.

    2. Орындардың шектеулілігін жəне Орындаушының ықтимал жіберіп алған пайдасын ескере отырып, егер Тапсырыс беруші қатысу ниетін өзгерткен жағдайда, алдын 100% (жүз пайыз) Шарт бойынша төлем немесе кез келген төлем қайтаруға жатпайды.

    3. төлем фактісін растайтын құжаттар (түбіртек, электрондық хабарламалар жəне т.б.) Тапсырыс берушіге жазбаша сұрау салу бойынша 3 (Үш) жұмыс күні ішінде беріледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет