Онлайн оқушы договор қазақша docx


ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)



бет8/12
Дата04.11.2023
өлшемі1,4 Mb.
#122223
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Әділ Ерлан

ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)


    1. Тарап міндеттемені ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл Тарап болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше сипаттағы мəн - жайлардың нəтижесінде Шарт жасалғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мəн-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.

    2. Еңсерілмейтін күш жағдайлары деп: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дүлей құбылыстар, індет, соғыс немесе əскери іс-қимылдар, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе Басқару органдарының шешімдері түсініледі.

    3. Осындай мəн-жайлар туындаған кезде олардың əсерін бастан кешіретін Тарап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде олар туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға тиіс.

    4. Еңсерілмес күш мəн-жайларына сілтеме жасайтын Тарап екінші Тарапқа осы мəн-жайлардың болуын куəландыратын жəне мүмкіндігінше, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне олардың əсерін бағалауды беретін ресми құжаттарды ұсынуға тиіс. Жалпыға мəлім сипаттағы еңсерілмес күш мəн-жайлары дəлелдеуді талап етпейді.

    5. Егер еңсерілмес күш мəн - жайларының əсеріне ұшыраған тарап осы мəн - жайлардың болуын куəландыратын, Шартпен регламенттелген құжаттарды жібермесе, онда мұндай Тарап оны Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз сияқты мəн-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырылады.

    6. Еңсерілмейтін күш жағдайларда Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы мəн-жайлар мен олардың салдарлары əрекет ететін уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. Егер еңсерілмес күштің туындаған мəн-жайлары жəне олардың салдарлары 1 (бір) айдан астам əрекет етуді жалғастырса, Тараптар Шартты орындаудың қолайлы балама тəсілдерін айқындау

үшін қосымша келіссөздер жүргізеді немесе тараптардың міндеттемелері еңсерілмес күш мəн-жайлары туындаған сəттен бастап орындаудың мүмкін болмауымен (ақшалай міндеттемелерді қоспағанда) тоқтатылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет