Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар


Ономастикалық атауларды латын әліпбиінде жазу мәселесі



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата28.01.2017
өлшемі1,81 Mb.
#2891
1   2   3   4   5   6

Ономастикалық атауларды латын әліпбиінде жазу мәселесі

Қазіргі  таңда  әлемде  қалыптасып  отырған  күрделі  геосаяси 

жағдайда,    жаппай  жаһандану  үрдісі  қоғамдық  өмірдің  барлық  са-

лаларында дерлік етек жайып бара жатқан кезеңде халқымыз өзінің 

ұлттық бірегейлігін, өздігін жоғалтпай, өзгеге өзін мойындатуда ұлт 

мәдениетін,  тілін,  тарихын,  рухани    құндылықтар  жүйесін,  адами, 



27

этикалық мұраттарын зерделеудің орны ерекше.

Еліміздің мыңдаған атаулары халықаралық қызметтердің жұмысы 

барысында,  дипломатиялық  келісімшарттарда,  Қазақстанға  келген 

шетелдік және шетелдегі  инвесторлар т.б. құжаттарында ағылшын 

тілінде,  қазірдің  өзінде  латын  қарпімен  ұлттық  нұсқаға  негізделе 

отырып, бірізді транслитерациялануы тиіс.

Ұлттық  ономастиканың  алдында  тұрған  күрделі  ғылыми  мәсе-

лелердің  санатында  орыс  тіліне  (жазылуына)  басымдылық  беріліп 

келген  экзонимдік  атауларды    (шетел  атаулары)  қайтадан  қазақша 

таңбалауда  түпнұсқаға  барынша  жақын  тұлғада  транслитерациялау  

қажеттілігі, мысалы, (Москва – Мәскеу, Алжир – әл­Жазира, Түркия 

 Түркие, Каир – Қайыр, Тегеран – Теһран, Баку – Бақы, Пекин – Бей­

жін, т.б.).

Осыған  орай,  ЮНЕСКО-ның  атауларды  дұрыс  жазуға  қатысты 

талаптары латын қарпінде болмаған және ресми аудармасы жоқ эк-

зонимдерді (шеттілдік атаулар) ғана транслитерациялау не аудару қа-

жет екендігін, сондай-ақ, географиялық атаулардың жергілікті қолда-

нысына сүйене отырып жазылуы керек екендігін көрсетеді.   

Қазақстанда латын әліпбиі негізіндегі ресми стандарттың болма-

уынан қазақ ономастикалық атауларын латынша жазғанда, әр түрлі 

халықаралық  стандарттарға  салғанда  ала-құлалыққа  жол  берілді. 

Мысалы, 


Қапшағай топонимы аталмыш стандарттарға сай бірнеше 

түрде жазылады екен: Kapschagaj //Kapshagaj//Kapšagaj//Kapshagaĭ. 

Ал қазақтың 

Абылайхан есімі біріне-бірі ұқсамайтын түрлі транс-

литерацияда  беріледі  Abylajhan//Abylajkhan//Aby`lajxan//Abylaĭkhan//



Abȳlaĭkhan//Abylajxan//Abylajchan.  Қазақтың  орысша  жазылған  Қа-

дыржанов  тегі  бірнеше  нұсқада  жазылады  екен:  (с  транслит  жүйе-

лері  көрсетілген):  Қadyrzhanov  (TRANSLIT)  //Қady`rzhanov  (ICO9B) 

//Қadȳrzhanov (BSI) //Қadyržanov (UN) //Қadyrshanow (DUDEN) (Ха-

лықаралық  транслитерация  стандарттары  осы  баяндама  қосымша-

сында берілген).

Ерекше айта кететін жайт: қазіргі қолданыстағы аты-жөндерімізді 

транслитерациялау стандарттары, аталмыш стандарттарға сай қазақ 

кісі есімдерін тек орыс тілінен транслитерацияланған. Өйткені кері 

кириллицаға ретранслитерациялағанда қазақ тілінің

 қ, ң, ғ, ө, ә ды-

быстары жоғалып кетеді де орнына орыс тіліндегі 



к, н, о, а графема-

28

лары «бой түзеп тұра қалады». Сондықтан қазақ ономастикалық атау-

ларын, жер-су атаулары болсын, азаматтардың аты-жөндері болсын, 

латын негізді қазақ жазуының тек ұлттық стандарты қабылданғанда 

ғана  адекватты  көрініс  табатындығы  анық,  яғни  төл  дыбыстардың  

жазылуы, айтылуы сақталмақ.



АТАУЛАРҒА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕР

Ономастикалық атаулардағы  бас әріп емлесі

1.  Осы  күнгі  кісі  есімдеріндегі  қосымшалар  (хан,  бек,  зада,  бай, 



т.б.)  титулды  білдірмейді,  сондықтан  жұрнақ  есебінде  жұмсалады 

да, кісі есімімен бірігіп жазылады (Батырхан, Тұрсынзада, Бекзада, 



Ағылбек, Бекболат);

2.  Жер-су  атауларының  ішіндегі  географиялық  терминдер  кіші 

әріппен, ал атаудың құрамындағы жалқы есім мен бірінші тұрған сөз 

бас әріппен жазылады (Үлкен  Алматы  өзені);

3.  Күрделі  жер  аттарының  бірінші  сыңары  болатын  тұрақты 

анықтауыштар  бас  әріптен  басталып,  бөлек  жазылады  (Ақ  Ертіс, 



Қара Ертіс, Кенді Алтай);

4.  Халықаралық,  дүниежүзілік,  бүкілдүниежүзілік,  бүкіләлемдік, 



әлемдік, мемлекетаралық, азиялық, америкалық, республикалық, қа­

зақ ұлттық т.б. тірек сөздер күрделі-құрама атаудың басында келсе, 

бас әріппен, ортасында келсе, кіші әріппен жазылады (Халықаралық 



өмірбаян орталығы, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясы);

5. Екі күрделі-құрама атау тіркесіп келген жағдайда екінші атаудың 

басында тұрған тірек сөз кешенді атаудың ортасында тұрғанына қара-

мастан бас әріппен жазылады (Қазақстан Республикасы минис тр лігі, 



Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты);

6. Тірек сөздердің бірнешеуі атау ішінде қатарласа келсе, біріншісі 

ғана бас әріппен жазылады (Қазақ  ұлттық  университеті);

7.  Екі  немесе  үш  күрделі-құрама  атау  тіркесіп  келген  кешенді 

атауларда  ірі  және  кіші  нысаналардың  аттары  бас  әріппен  беріледі 

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым ко­

митеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәде­

ниеті бөлімі);

8. Кешенді атаудың ішіндегі жалқы есім кай тұста тұрғанына қа-

рамастан бас әріппен беріледі (Қазақстан Республикасы Мәдениет 


29

және  спорт  министрлігі  Тілдерді  дамыту  және  қоғамдық­саяси 

жұмыс  комитеті  Ш.Шаяхметов  атындағы  тілдерді  дамытудың 

республикалық үйлестіру­әдістемелік орталығы);

9. Қалалық микротопоним атауларына сәулет, мемориалдық ғима-

рат, алаң, кешен, мәдениет үйі, сауықтыру орындары, мәдени мекеме-

лер мен ойын-сауық көрсететін орындардың т.б. аттары кірді. Микро-

топоним атаудың бірінші сөзі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен 

жазылады. Егер атау құрамында жалқы есім кездесетін болса, ол бас 

әріппен беріледі.

Бөлек жазылатын ономастикалық атаулар

1)  Күрделі  атаулардың  (мемлекет,  республика,  облыс,  мекеме, 

ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан 

Республикасы, Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Рес­

публикасы Ғылым академиясы.

Бірге жазылатын ономастикалық атаулар

1) Екі кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атау-

лар,  негізінен,  түбірі  сақталып,  бірге  жазылады.  Мысалы:  Досжан,  

Өтепберген, Әбдіманап, Мергенбай, Қартбай, Талдықорған, Жезқазған,  

Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақтүйесай, Ақдаласор.

Алдыңғы  сыңары  дауысты  дыбысқа  аяқталып,  екіншісі  дауыс-

тыдан  басталатын,  негізінен,  кісі  есімдеріндегі  қатар  келетін  екі 

дауыстының бірі (алғашқысы) түсіріліп жазылады. Қожа+Ахмет ­ 



Қожахмет, Торы+айғыр ­ Торайғыр, Мырза+әлі ­ Мырзәлі (немесе 

Мырзалы).

Ескерту: а) Адам аттарының ішінде бек, хан, мырза, құл, әлі (әли, 

ғали) сияқты сөздермен жасалған есімдердің сыңарлары да әрдайым 

бірігіп жазылады: Мырзалы, Тұрсынзада, Әбдуәлі (Әбдуәли), Құлмұ­



хамбет, Бекмұхамбет; соңғы кездерде байқалғандай жалқы есімдердің 

сыңарларын ажыратып жазу (Мырза Әлі, Бек Мұхамбет) тәжірибесі 

сәтті емес.

Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздер-

мен тіркескенде, жалқы есімге косылып жазылады. Мысалы:     Ахмет 



Байтұрсынұлы, Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

ә)  екі  түбірден  құралған  бірқатар  кісі  аттары  түбір  тұлғалары 



30

өзгеріп  біріккен  түрінде  жазылады.  Мысалы:  Дәметкен,  Ұлмекен  



(Дәмееткен, Ұлмаекен емес);

б) екінші сыңары қ, к  дыбыстарынан басталатын кейбір кісі атта-

ры екі түбірдің үндесу ыңғайына қарай да жазылады: алдыңғы түбір 

қатаң дыбысқа аяқталса, келесі сөз де қатаң қ, к әріптерімен жазы-

лады. Мысалы: Күсепқали, Қоскелді, Айткелді, Айтқожа, Сейіт құл, 

Аққыз; алдыңғы түбір дауысты дыбыстар мен ұяң, үнді дыбыстарға 

аяқталғанда, келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяндап, ғ, г болып 

айтылса,  ғ,  г  әріптері  жазылады.  Мысалы:  Амангелді,  Нұргелді, 

Төрегелді, Нұрғиса, Нұрғожа, Есенгүл, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз. Ал 

қатаң түрде айтылса, қ, к әріптері жазылады. Мысалы: Әбілқайыр, 

Әбдіқадыр, Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар;

в) қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздер-

ден жасалған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан бастал-

майды, олардың не алдынан, не ортасынан ы, і әріптерінің бірі жа-

зылады.  Мысалы:  Ысқақ  (Сқақ  емес),  Ысқақбай  (Сқақбай  емес), 

Сымахан  (Смахан  емес),  Ырза  (Рза  емес),  Ырзабай  (Рзабай  емес), 

Рысалды (Рсалды емес);

г) аттас жерлерді бір-бірінен ажырату үшін тіркескен анықтауыш 

есімдер бас әріптен басталып, бөлек жазылады. Мысалы: Кіші  Азия, 

Орта  Азия, Орталық  Азия, Үлкен Қарой, Кіші Қарой.

Ономастикалық атаулардағы бас әріптің қолданылуы

1) Жалқы есімдер (кісі аттары, географиялық атаулар, кәсіпорын-

дардың аттары, кітап, журнал, шығарма, мереке, мекеме, ұйым атта-

ры т.б.) бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Абай Құнанбаев, 



Рабиға Сыздықова, Балқаш, Көксу өзені, М.Әуезовтің «Абай жолы» 

романы, Наурыз мейрамы, Ақпарат және коммуникация  министрлі­

гі, Мемлекеттік тілді дамыту институты.

2)  Күрделі  есімдерден  құралған  мынадай  атаулардың  әрбір  сөзі 

бас әріппен жазылады.

а) Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар: 



Қазақстан Республикасы Президенті, Халық Қаһарманы;

ә)  мемлекеттердің,  республикалардың,  жоғарғы  мекемелер  мен 

ұйымдардың  күрделі  атауларының  әр  сөзі  бас  әріппен  жазылады:   

Қазақстан  Республикасы,  Түркия  Республикасы,  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымы Бас Ассамблеясы.


31

Ескерту. Әртүрлі мекемелердің, білім-ғылым орындарының, пар-

тиялардың,  ұйымдардың,  бірлестіктердің,  қорлардың  т.б.  күрделі 

атауларының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Сыртқы істер 

министрлігі, Ғылым академиясы, Тіл білімі институты, Ұлттық банк 

қоры.


3)  Бірінші  әріптерден  қысқарған  мемлекет,  үлкен  халықаралық 

ұйым т.б. күрделі атауындағы әрбір сөздің бірінші әрпі бас әріппен 

жазылады.  Мысалы:  ТМД  (Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы)  ҚР 

(Қазақстан Республикасы), БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), ҚХР (Қы-

тай Халық Республикасы).

Ескерту. Әріптерден қысқарған сөздердің бірқатары өзге тілдер-

дегі  тұлғасымен  қолданылады:  НАТО,  ЮНЕСКО,  ГУЛАГ,  УАЗ  (ав-

томәшинесі).

Алғашқы сөздің бірінші буынынан, соңғы сөздердің бас әріптері-

нен  қысқарып  жасалған  сөздердің  қысқарған  буынының  алғашқы 

әрпі бас әріппен, қалған әріптері кіші әріппен жазылады. Мысалы: 



ҚазТАГ— Қазақ телеграф агенттігі, ҚазҰУ ­ Қазақ  Ұлттық  уни­

верситеті.

32

Т. Жанұзақ, Қ. Рысберген

ҚАЗАҚ АЗАМАТТАРЫ АТЫ­ЖӨНДЕРІНІҢ ЕМЛЕ 

ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ҰСЫНЫМ

І. Жалпы қағида

1.  Қазақ  азаматтары  аты-жөндерінің  емле  ережелері  туралы  бұл 

нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы 

Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және Қа-

зақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі 

мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі ту-

ралы»  1996  жылғы  2  сәуірдегі  №  2923  және  2012  жылғы  4  ақпан, 

№265 Жарлықтарына сәйкес кісі есімін, әкесінің есімін және тегін 

ресми құжаттарда жазуды реттеу мақсатында әзірленді және барлық 

мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің күнделікті қыз-

метінде басшылыққа алынады.

2.  Нұсқаулық  нормативтік-құқықтық  акт  болып  табылады  және 

қазақ азаматтарының аты-жөнін, яғни өз атын, әкесінің атын, тегін 

әдеби тіл нормасына, қазақ тілінің орфографиялық, кей жағдайда ор-

фоэпиялық ережелеріне сәйкес жазуды реттейді. 

3.  Баланың  аталуы,  әкесінің  және  тегін  алуға  құқығы  және  аза-

маттардың есімдері мен тектерін өзгерту, анықтама беру «Неке (ер-

лі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

2011 жылғы 26 тоқсанның 26, № 518-ІV Кодексіне сәйкес Қазақстан 

Респуб ликасы Әділет министрлігі әділет департаменттерінің Азамат-

тық хал-актілерін (АХАЖ) жазу бөлімдері тараптарынан атқарылады.

4. Аты-жөндері өзбек, қырғыз, түркімен тілдерінде жазылған ұлты 

қазақ азаматтардың аты-жөндері қазақ әдеби тілінің нормасына сай 

рәсімделеді. Мыс.: Кутлумуратов Бохтиёр Юлдашевич қазақ тілінде  

Құттымұрат Бақтияр Юлдашұлы, Эсенбаев Ильяс Гуванчулы қазақ 

тілінде    Есенбай  Ілияс  Қуанышұлы,  Шаршеев  Эльдияр  Кенеш  улу 

қазақ тілінде  Сәрсей Алдияр Кеңесұлы болып жазылады.

5. Әдеби көркем шығармалар мен ғылыми әдебиеттердегі, топогра-

фиялық карталардағы, мемлекеттік және меншік нысанына қарамай-

тын мекемелер мен ұйымдардың  құжаттарындағы қазақ есімдерінің 

қазақша жазылуы және олардың орысша берілуі осы  Нұсқаулық не-

гізінде  жазылады.



33

6.  Қазақ  тілінде  қолданысқа  түскен  орыс  есім-фамилиялары 

бастап қы тұлғасын толық сақтап, орыс тілінің орфографиялық заңы 

бойынша жазылады. 

7.  Қазақ  есімдері  Қазақстан  Республикасында  орыс  тіліндегі 

(ресми  тілдегі)  нұсқасында  да  қазақ  тілінің  орфографиялық  заңы 

бойынша,  осы  нұсқаулықты  негізге  ала  отырып,  мемлекеттік  тілде 

жазылады.

8.  Қазақ тіліне араб, парсы, монғол тілдерінен енген есімдер қазақ 

тілінің ішкі заңына сай қалыптасқан жазу, айту нұсқасында жазылады. 

9.  Бұрынырақта  ономастикалық  сөздіктерге,  оқулықтар  мен  оқу 

құралдарына, әртүрлі тарихи-географиялық дереккөздеріне, сонымен 

бірге  азаматтардың  паспорты  мен  басқа  да  құжаттарына  енгізілген 

қазақ халқының антропонимдерінің қате, бұрыс берілген транскрип-

циясы аталмыш нұсқаулық ережесі негізінде міндетті түрде түзетілуі 

қажет.      

10. Батыс Еуропа және басқа  шетел азаматтарының аты-жөні қазақ 

баспа орындарында, ғылыми-саяси әдебиеттерде, басқа да халықара-

лық басылымдарда, мемлекетаралық құжаттардағыдай өзгертілмей, 

бастапқы қалпында жазылды.

11. Нұсқаулықта көрсетілмеген жағдайларда аты-жөндерді дұрыс 

жазу туралы анықтаманы өкілетті органның сұрауы бойынша немесе 

жеке  тұлғалардың  өтініші  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс-

титуты береді.

ІІ. КІСІ АТТАРЫНЫҢ ЕМЛЕСІ

Дауысты дыбыс әріптерінің; 

и, у дыбыс тіркесі таңбаларының қолданылуы 

§1. 


А  әрпі  жалаң  және  күрделі  тұлғалы  кісі  аттарының  бас,  ор-

таңғы  және үшінші буындарында жазылады. 



Ағабек 

Ағила 

Азамат   

Ажар 

Айбар 

Айбала 

34

Айдаралы 

Айбарша 

Айтқали

Айсара 

Байжанбай

Балымша 

Байназар

Балғайша 

Сайлаубай

Нарима

Саламат

Нұрбала т.т.

Ескерту: а) кісі есімдерінің бірінші сыңарларының бас жағында 

келетін 


[ж], [ш] дыбыстары мен [й] дыбысының ортасында келген 

[а] дыбысы көбінесе жіңішке [ә] болып айтылғанмен, жуан дауысты 

дыбыстың 



а  әрпі  жазылады.  Мысалы:  Жайкен  (айтылуы  Жәйкен), 

Жаби  (айтылуы  Жәби),  Жайлаубай  (айтылуы  Жәйлаубай),  Шайым 

(айтылуы  Шәйім),  Шайгүл  (айтылуы  Шәйгүл),  Шайзада  (айтылуы 

Шәйзада); 

ә) кісі есімдерінің алғашқы не соңғы буындарындағы жіңішке да-

уыстылардың әуенімен келесі не соңғы буында жіңішке айтылатын 

(естілетін) 



[ә] дыбысы әрпінің орнына а әрпі жазылады: Ләззат  (ай-

тылуы Ләзәт), Ләйла (айтылуы Ләйлә), Жәмила (айтылуы Жәмилә), 



Әлила  (айтылуы  Әлилә),  Ділда  (айтылуы  Ділдә),  Сәбира  (айтылуы 

Сәбирә)  т.т.

§2. 

Ә әрпі кісі есімдерінің бірінші, екінші  буындарында да жазы-

лады.


Әбен

Әдемі

Әбдірәлі

Әлия

Бейсенәлі

Зәмзәгүл

Жұмәлі

Күләнда

Кәрімбек

Ләзиза

Сейдәлім

Мәншүк т.т.

Тәжібай

Тәліп

Шәмшәди

 


35

Ескерту:  Бірқатар  жалаң  және  күрделі  тұлғалы  кісі  аттарының 

екінші  буындарында  келетін 



ә  әрпі  өзгеріссіз  жазылады:  Дүрдәлі, 

Мүтән, Күләй, Күлән, Күләнда, Күләш, Күләсия т.т.

§3. 

Е  әрпі  жалаң  және  күрделі  тұлғалы  кісі  аттарының  барлық 

буынында жазылады.



Едіге

Елдана

Еділ

Еңлік

Елжас

Еркежан

Еламан

Жемісгүл

Есенбек

Зере

Жеңіс

Зейнеп

Жексен

Зейнегүл

Жетен

Кенжегүл

Кенен

Мереке

Секен

Шекер т.т.

 

Ескерту: Кейбір азаматтар басқа  тілдер ықпалымен өз есімдері 

мен әке аты және ататектерін бұрмалап, мысалы: 

Истаев (Естаев ор-

нына), 


Исентаев (Есентаев орнына), Ишмұхамбет (Ешмұхамбет ор-

нына) өзгертіп қате жазып жүр. Бұл жайт қазақ тілінің орфография-

лық ережесін бұрмалау болып табылады.

§4. 


О дауысты дыбыс әрпі жалаң және күрделі тұлғалы кісі атта-

рының бас, ортаңғы  буындарында жазылады. 



Омар

Оразгүл

Оңғар

Орынай

Ораз

Лола

Жандос

Таңшолпан

Тоқтар

Толқын

Тоқтасын

Тоғжан

Байторы

Толғанай

36

Сейфолла

Торғын т.т.

Тоққожа

Тойбай

 

§5. 



Ө дауысты дыбыс әрпі жалаң, күрделі тұлғалы кісі аттарының 

көбіне бірінші буынында жазылады. 



Өркен

Бөрте

Бөжей

Гөзел

Бөкей

Өзипа

Бөлтірік

Көркем т.т.

Дөненбай

Көпжасар

Көлбай

Өскенбай

Төлеген

 

§ 6. 



У  дауысты әрпі жалаң, күрделі тұлғалы кісі аттарының бас, 

ортаңғы, соңғы буындарында жазылады. 



Уәйіс

Айшуақ

Уақап

Уәзипа

Уандық

Уәсила

Уахит

Ару

Уәли

Зәуре

Дәулет

Лаура

Дәуірбек

Сәруәр

Баубек

Бексұлу

Жансұлу

Нұрсұлу

Інжу т.т.

37

§7. 


Ұ  дауысты  әрпі  жалаң,  күрделі  тұлғалы  кісі  аттарының  бас,  

ортаңғы, соңғы буындарында жазылады.



Ұзақ

Ұлбибі

Ұлықбек

Ұлбике

Ұлықпан

Ұлбала

Бұғыбай

Ұлжан

Бұлқыш

Ұлту

Есенғұл

Ұмсынай

Жұмағұл

Ұлмекен

Керімқұл

Бұлбұл  т.т.

Мақұлбек

 

§8. 



Ү дауысты әрпі жалаң, күрделі тұлғалы кісі аттарының басқы, 

ортаңғы буындарында жазылады.



Үдербай

Бүбінай

Үмбет

Бүбиша

Үркімбай

Үбайда

Үсенбай

Үміт

Үсен

Үрзия

Үстем

Үрия т.т.

Бүркіт

Жүнісбек

Жүрген

Жүрсін

§9. 


И  әрпі  қазақ  тіліне  шет  тілдерден  енген  есімдерде  қосарлы 

[ый],  [ій]  дыбыстарының  таңбасы  ретінде  де  жалаң  және  күрделі 

тұлғалы кісі аттарында  жазылады. 



Иса

Иба

38

Исатай

Әлия

Имантай

Изатима

Ғали

Зағипа

Әли

Имара

Игісін

Ираида

Игенбай

Ирма

Игілік

Уазипа

Қиясбек

Сағира т.т.

Исламжа

§10. 


Ы, і дауысты дыбыс әріптері кісі аттарының барлық буынын-

да жазылады. 



Ыбырай

Айғаным

Ыбырайым

Айғыз

Ықылас

Аққыз

Ынтымақ

Балым

Ырзабек

Тыныс

Ғалым

Тыныштық

Жарқын

Тыныштыгүл

Қалыбек

Ырымжан

Тыныстан

Лашын

Ібітан

Сырғалы

Ізбасар

Ырзагүл

Ізгілік

Ілес

Ізтай

Іңкәр

Ізтілеу

Інжу

Ілебай

Ілімқан

Ілияс

Жібек

Іңкәрбек

Ақжүніс

Әжібай

Ақжібек

Беркімбай

Бүбіхан

39

Білгір

Бибінұр

Бибісара

Гүлсім

Күлсін

Мерейлі

Мінаура т.т


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет