Ономикалық талдау (2 БӨлім) Оқу кұралы Қостанай, 2016 2



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата03.03.2017
өлшемі3,83 Mb.
#6338
  1   2   3   4   5   6   7

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 



А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

Экономикалық факультеті 

 

Қаржы және банк ісі кафедрасы 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Д.С. Кенжебекова, Т.А.Ахметқали  

 

 



ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ (2 БӨЛІМ) 

Оқу кұралы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қостанай, 2016 

 


 

УДК 330 (075.8) 



ББК 65.053я73  

К30 


 

Пікір жазушылар: 

Утебаева  Женискуль  Абдикаримовна  -  «М.Дулатов  атындағы  Қостанай 

инженерлік-экономикалық  университеті»

 

менеджмент  және  әлеуметтік 



ғылымдар кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты 

Жиентаев  Сансызбай  Мухаметкалиұлы  -  А.Байтұрсынов    атындағы    Қостанай 

мемлекеттік университетінің экономика құжырасының профессоры, экономика 

ғылымдарының докторы 

Курмангалиева  Айжан  Касымбековна  -  Бухгалтерлік  есеп  және  аудит 

кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты                              

 

Автор:  

Кенжебекова Дина Саиновна - қаржы және банк ісі кафедрасының меңгерушісі, 

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент 

Ахметқали  Тансұлу  Амангелдіқызы  –  экономика  ғылымдарының  магистрі, 

қаржы және банк ісі кафедрасының оқытушысы 

 

К 30 Кенжебекова Д.С. 



Экономикалық  талдау  (2  бөлім):  Оқу  құралы.  -  Д.С.Кенжебекова.-  Қостанай: 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016.- 72 6. 

 

ISBN 978-601-7385-54-5 



2 бөлім.-2016.-72 б. 

 

Оқу құралы «экономикалық талдау» курсының 2 бөлімі болып табылады. 



Бұнда 

теориялық 

негіздер, 

әдістемелік 

және 

талдау 


әдістемелері 

қарастырылған.  Әрбір  тақырыптан  кейін  дәрістік  презентация  мен  бақылау 

сұрақтары  берілген.  Пәнді  терең  зерттеу  үшін  өзін-өзі  бақылау  тестері 

ұсынылады.  

Оқу  құралы  экономикалық  мамандықтарына  мемлекеттік  жалпы  білім 

стандарттары мен типтік бағдарламаларына сәйкес құрастырылған. 

Экономика мамандықтарының 

оқытушылары, 

аспиранттары, 

магистранттары мен студенттеріне арналған. 

                                                                                                             УДК 330 (075.8) 

                                                                                                           ББК 65.053я73 

 

А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті  ғылыми 



кеңесімен бекітіліп, ұсынылған хаттама № 4  01.06.2016 ж. 

 

ISBN 978-601-7385-54-5



                                    

© А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ 

2 бөлім.-2016.-72 б.                                                      © Кенжебекова Д.С., 2016 


 

Мазмұны 



 

 

 

 

Кіріспе...................................................................................................................  4 

1 Резервтерді анықтау және есептеу әдістемесі. Қаржылық 

талдау түсінігі, мәні, есептері мен ақпараттық қамтамасыз етілуі................. 

 



1.1  Резервтердің  түсінігі,  экономикалық  мәні  және  олардың 



сыныптапуы, қағидалары..................................................................................... 

1.2 Резервтер шамасын анықтау әдістемесі.............................................  8 



1.3 

Кәсіпорындардағы 

ұйымдастырушылық 

формалар 

мен 

шаруашылық қызметті талдауды атқарушылар................................................ 



1.4 Талдаудың ақпараттық және әдістемелік қаматамасыз етілуі........  11 

1.5 Талдау нәтижелерінің құжаттық рәсімделуі.....................................  13 

1.6 Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру  14 

Бақылау сұрақтары..............................................................................................  15 

Тестік тапсырмалар..............................................................................................  16 

Тәжірибелік тапсырмалар...................................................................................  21 

Жеке үй тапсырмалары.......................................................................................  23 

Презентациялық материалдар.............................................................................  23 

2 Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау...............................................  34 

2.1 Өнімге деген сұраныс  пен тапсырыстар портфелін құрастыруды 

талдау....................................................................................................................  34 

2.2 Сұранысы жоқ өнімнің қауіп-қатерін бағалау..................................  36 

2.3 Өнімнің өткізу нарықтарын талдау....................................................  37 

2.4 Кәсіпорынның баға саясатын талдау.................................................  39 

2.5 Өнімнің бәсекеге түсе алатындығын талдау.....................................  40 

Бақылау сұрақтары...............................................................................................  41 

Тестік тапсырмалар..............................................................................................  42 

Презентациялық материалдар.............................................................................  46 

3  Маржиналды  талдау  негізінде  басқарушылық  шешімдерді    дәлелдеу 

әдістемесі..............................................................................................................  54 

3.1 Талдау түсінігі мен мәселелері...........................................................  54 

3.2 

Өнім  өндірісі  көлемі  мен  шығындары  арасындағы 



функционалды байланыс талдауы......................................................................  55 

3.3. 


Шығындар,  сатылым  көлемі  мен  пайда  арасындағы 

функционалды  байланыс  талдауы.  Кәсіпорынның  қауіпсіз  зоналарын 

және сатылымның шығынсыз көлемін анықтау...............................................  58 

Бақылау сұрақтары...............................................................................................  61 

Тестік тапсырмалар.............................................................................................  62 

Презентациялық материалдар.............................................................................  67 

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................  71 


 

Кіріспе 



 

Жеке     кәсіпорындардың     (ұйымдардың)     тұрақты     және     берік 

экономикалық      өсімі      қаржылык-шаруашылық  кызметтің      тиімділігі  және 

стратегиялық тұрақтылығына тікелей тәуелді болады. 

Осымен қатар бизнес-ортаның жоғарғы динамизмі және қатаң нарықтық 

бәсекелестіктердің  жағдайы  сапалы  жаңа  басқарушылық  шешімдерді 

қабылдануға мүмкіндік беретін озық қаржы менеджменттің қажеттілігін алдын 

ала анықтайды. 

Оның  іргелі  негізі  болып  қазіргі  экономика  шарттарына  сәйкес 

стратегиялық бағыттағы экономикалық талдау болып табылады. 

Кәсіпорын 

қызметінің 

экономикалык 

талдауын 

компания 

менеджментімен  қатар  бухгалтерлер,  аудиторлар,  қаржы-несиелік  ұйымдар, 

салық  органдары,  жеткізушілер,  сатып  алушылар  және  басқа  да  әріптестік 

топтар жатады. 

Бұл  байланыста  экономикалық  талдауға  кең  профильді  экономистерді 

дайындауға  үлкен  мән  беріледі.  Өйткені  аналитикалык  дәлелдеу  кез  келген 

шешімді  қабылдаудың  алдын  алады,  және  баскарудың  барлық  деңгейлерінің 

менеджерлері  аналитикалық  кұралдарды  және  аналитикалық  рәсімді  өткізу 

әдістемесін мүлтіксіз игерулері керек. 

Талдау  бұл  экономикалық  байланыста  енді  профильдің  экономисттарын 

әзірлеуге,  аналитикалық  дәлелдеудің  жанында  үлкен  мән  қоса  беріл  әбден 

жетілуде  кез  келген  шешімнің  қабылдануы,  және  басқарудың  барлық 

деңгейлерінің  менеджерлері  алдында  болатындығы  аналитикалык  кұрал-

сайманмен  және  аналитикалық  процедуралардың  өткізуін  әдістеме  иеленуі 

керек. 

«Экономикалық талдау» пәні міндетті базалық пән болып табылады. 



Пәнді  оқу  мақсаты  болып  кәсіпорын  қызметін  экономикалык  талдауда 

студенттердің білімін, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін оның дамуы 

мен ағымдағы бағасын қалыптастыру болып табылады. 

Пәннің  тапсырмасы  -  арнайы  әдістерді  меңгеру,  экономикалық 

ақпараттарды  өңдеу,  ұйымның  нақты  өндірістік-шаруашылық  қызметін 

ұйымдастыру,  баскарушылық  шешімдерді  қабылдау  максатымен  жеке 

нәтижелік талдауларды білу және сәйкесінше қорытынды жасау. 

Берілген  пәнді  оқу  -  студенттерге,  магистранттарға,  аспиранттарға  және 

оқытушыларға  экономикалық,  технологиялық  және  кәсіпорынның  техникалық 

параметрлерін  зерттеу  және  осы  аумақта  білім  деңгейлерін  жетілдіруге, 

сонымен  қатар  басқарушылық  шешімдерде  экономикалық  арнайы  әдістерді 

игеруге мүмкіндік береді. 

 

 

 

 

 


 

1  Резервтерді  анықтау  және  есептеу  әдістемесі.  Қаржылық  талдау 



түсінігі, мәні, есептері мен ақпараттық қамтамасыз етілуі 

 

Мақсаты:      Резервтерді      анықтау    және  есептеу    әдістемесін      зерттеу.  

Қаржылық талдау түсінігіне анықтама беру. Қаржылық талдаудың есептері мен 

ақпараттық қамтамасыз етілуімен танысу. 

1.1 Резервтердің түсінігі, экономикалық мәні және олардың сыныптапуы, 

қағидалары. 

1.2 Резервтер шамасын анықтау әдістемесі. 

1.3  Кәсіпорындардағы  ұйымдастырушылық  формалар  мен  шаруашылық 

қызметті талдауды атқарушылар. 

1.4 Талдаудың ақпараттық және әдістемелік қаматамасыз етілуі. 

1.5 Талдау нәтижелерінің құжаттық рәсімделуі. 

1.6 Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру. 

1.1      Резервтердің,  түсінігі,      экономикалық      мәні      және      олардың 

сыныпталуы, қағидалары. 

 

Шаруашылық  резервтерді  ұйым  қызметінің  тиімділігін  ғылыми-



техникалық  прогресс  жетістіктері  мен  озық  нәтижелер  негізінде  жоғарылату 

деп түсінеді. 

ҒТП  дамуы  нәтижесінде  шикізат  пен  материалдардың  жаңа  түрлері, 

машиналар мен жабдықтардың жаңа түрлері, жаңа технологиялар, өнімдер мен 

қызмет  керсетудегі  материалдар  мен  еңбектің  көп  жұмсалуын  төмендетуге, 

құралдар  айналымын  жеделдетуге,  бизнес  тиімділігінің  рентабельділігі  мен 

басқа 

көрсеткіштерін 



жоғарылатуға 

мүмкіндік 

беретін 

еңбекті 


ұйымдастырудың мүлтіксіз формалары пайда болады. 

Шаруашылық резервтер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады:  

1)  Кеңістік  белгісі  бойынша  резервтер  ішкішаруашылықтық,  салалық, 

аймақтық және жалпымемлекеттік болып бөлінеді. 

Ішкішаруашылықтъқ  резервтер  зерттеліп  отырған  кәсіпорында  ғана 

айқындалады және қолданылады. 

Салалық  резервтер  сала  деңгейінде  ғана  айқындалады.  Мысалы, 

машиналардың  жаңа  жүйелерінің,  жаңа  технологиялардың,  бұйымдардың 

жақсартылған  конструкцияларының  өңделуі,  мал  тұқымдарының  жаңа 

сорттарын ойлап табу және т.б. 

Аймақтық  резервтер  географиялық  аудан  шегінде  айқындалады  және 

қолданылады (жергілікті шикізат мен жанармайды, энергетикалық ресурстарды 

қолдану,  көмекші  өндірістерді  олардың  мекемеге  бағыныштылығына 

қарамастан орталықтандыру және т.б.). 

Жалпымемлекеттік  резервтер  —  бұл,  мысалы,  өндірістің  әр  түрлі 

салаларының  дамуындағы  диспропорцияларды  жою,  жеке  меншік  түрлерінің 

өзгерісі, ұлттық экономиканы басқару жүйелері және т.б. 

2) Уақыт  белгісі  бойынша  резервтер  қолданылмаған,  ағымдағы  және 



 

перспективалық болып бөлінеді. 



Қолданылмаған  резервтер  -  бұл  өндірістің  тиімділігін  жоғарылатудағы 

өткен  уақыт  аралықтарындағы  ғылым  жетістіктері  мен  озық  тәжірибе  немесе 

жоспар жағынан жоғалтылған мүмкіндіктер. 

 

Ағымдагы  резервтер  бұл  жақын  уақыт  аралығында  (ай,  квартал,  жыл) 



жүзеге  асырылуы  мүмкін  шаруашылық  қызмет  нәтижелерін  жақсарту 

мүмкіндіктері. 

Перспективалық  резервтер  әдетте  ұзақ  уақытқа  көзделеді.  Олардың 

қолданылуы  түбегейлі  инвестициямен,  ҒТП  жаңа  жетістіктерінің  еңгізілуімен, 

өндірістің қайта құрылуымен, өндіріс технологияларының ауысуымен және т.б. 

байланысты. 

3) Бұйымның  өмірлік  циклінің  кезеңдері  бойынша  резервтердің  өндіріс 

алдындағы, өндірістік, бұйымды пайдалану және тазарту кезеңдері болады. 

Резервтерді  іздеуде  өндіріс  алдындагы  кезеңде  тиімділіктің  жоғары 

деңгейіне  қол  жетеді.  Мұнда өндіріс  тиімділігін бұйым  құрылымын  жақсарту, 

оны  өндіру  технологияларын  жетілдіру,  неғұрлым  арзан  шикізатты  қолдану 

және т.б. арқасында жоғарылату резервтері айқындалуы мүмкін. 

Өндірістік  кезеңде  жаңа  бұйымдарды,  жаңа  технологияларды  игеру 

болады және содан соң өнімді жаппай өндіру іске асады. 

Пайдалану  кезеңі  кепілдік  және  кепілдіктен  кейінгі  мерзімге  бөлінеді. 

Кепілдік  мерзімінде  атқарушы  тұтынушы  анықтаған  олқылықтарды  жоюға 

міндетті.  Объектіні  пайдалану  кезеңінде  оны  өнімдірек  қолдану  мен 

шығындарды  төмендету  резервтері  (электроэнергияны,  жаңармайды,  қосымша 

бөлшектерді  үнемдеу)  алғашқы  екі  кезеңдегі  атқарылған  жұмыстың  сапасына 

тәуелді болады. 

Тазарту  кезеңіндегі  резервтер  -  бұл  қайтадан  іске  асқан  материалдарды 

екінші рет қолдану мен бұйымдарды өмірлік циклі аяқталғаннан кейін қайтадан 

қолдануға  кеткен  шығындарды  азайту  нәтижесінде  табысқа  қол  жеткізу 

мүмкіндігі. 

4)

 

Ұдайы өндіріс үдерісі кезеңдері бойынша резервтер өндіріс саласы мен 



айналыс  саласында  болады.  Негізгі  резервтер  өндіріс  саласында  орналасады, 

бірақ  олардың  көбісі  айналыс  саласында  да  бар  (өндірушіден  тұтынушыға 

дейінгі  жолда  өнім  жоғалтуларының  алдын  алу,  сонымен  қатар  дайын 

өнімдерді сақтау, тасымалдау, сатумен және өндірістік қорларды сатып алумен 

байланысты шығындарды азайту). 

5)

 



 Қор  түрлері  бойынша  резервтердің  жер  жайылымдарын,  өндірістің 

негізгі  құралдарын,  еңбек  және  еңбек  қорларының  құралдарын  колданумен 

байланысты  түрлерін  ажыратады.  Резервтерді  осылайша  сыныптау  олардың 

қордың барлық түрлері бойынша тепе-тең болуы үшін қажет. 

6)

 

 Экономикалық  табиғаты  және  өндіріс  нәтижелеріне  әсер  ету  сипаты 



бойынша  резервтер  экстенсивті  және  интенсивті  болып  бөлінеді.  Экстенсивті 

сипаттағы  резервтер  өндірісте  қосымша  қорларды  пайдаланумен  байланысты 

(материалдық, еңбек, жер және т.б.). Интенсивті сипаттағы резервтер қолда бар 

өндірістік потенциалды толығырақ және тиімді қолдануға негізделген. 



 

7)



 

 Білім  көздері  бойынша  резервтер  ішкі  және  сыртқы  болып  бөлінеді. 

Ішкі  резервтер  кәсіпорынның  өз  күші  мен  құралдары  арқылы  меңгерілуі 

мүмкін.  

 

Сыртқы  резервтер  -  бұл  шаруашылық  субъектісіне  мемлекет,  жоғары 



органдар,  серіктестер  және  т.б.  тарапынан  техникалық,  технологиялық  немесе 

қаржылық көмек. 

8)

 

 Анықталу  әдістері  бойынша  резервтер  айқын  және  айқын  емес  болып 



бөлінеді.  Айқын  резервтерді  бухгалтерлік  есеп  пен  есептеулер  материалдары 

бойынша  анықгау  оңай.  Бұл    қоймалардағы  өнімдер  мең  материалдардың 

жетіспеушілігі, өндірістік ақау, қарыздарды есептен шығарғандағы жоғалтулар, 

төленген  айыппұлдар,  кәсіпорындағы  қорлардың  қолданыстағы  нормалармен 

салыстырғанда барлық түрінің шығындары мен т.б. 

Айқын  емес  резервтер  ҒТП  жетістіктері  мен  озық  тәжірибені  енгізумен 

байланысты. Оларды анықтау үшін салыстырмалы ішкішаруашылықтық талдау 

(озық  бөлімшелердің,  бригадалардың,  қызметкерлердің  жетістіктерімен), 

шаруашылықаралық талдау (саладағы озық кәсіпорындардың жетістіктерімен), 

ал  кейбір  жағдайларда  халықаралық  салыстырулар  өткізу  керек.  Оларды 

анықтау  мен  қолданудағы  кешіктірулер  кәсіпорынның  тауарлар  мен  қызмет 

көрсетулер нарығындағы бэсеқеқабілеттілігінің төмендеуіне алып келеді. 

Осылайша,  резервтердің  сыныпталуы  олардың  мәнін  тереңірек  түсінуге 

және  оларды  іздеуді  кешенді  және  мақсатты  түрде  ұйымдастыруға  мүмкіндік 

береді. Резервтерді іздеу қағидалары: 

1)

 



 Резервтерді  іздеу  олардың  экономикалық  мәні  мен  көздерін,  сонымен 

бірге  оларды  есептеу  техникасы  мен  әдісін  білуге  мүмкіндік  беретін  ғылыми 

сипатта болуы керек. 

2)

 



 Резервтерді  іздеу  кешенді  және  жүйелі  болуы  керек.  Кешенді  жол 

шаруашылық  қызметтің  барлық  бағыттары  бойынша  резервтерді  жан-жақты 

анықгауды  талап  етеді.  Жүйелік  жол  резервтерді  зерттелетін  құбылыстар 

иерархиясы  мен  өзара  байланысы  есебімен  анықтау  шеберлігін  білдіреді.  Бұл, 

бір жағынан, резервтерді толығырақ анықтауға, екінші жағынан, оларды қайта 

есептемеуге мүмкіндік береді. 

3)  Резервтер  экономикалық  қисынды  және  нақты  болуы  керек.  Оларды 

есептеуде  нақты  шаралармен  бекінген  кәсіпорын  мүмкіндіктерін  есепке  алу 

қажет. 

4)

 



 Резервтерді  іздеу  тиімділігін    жоғарылату  үшін  алдын-ала  резерв 

сыйымдылығы бағыттарын анықтау керек (еңбек және материалдық қорларды 

жоғалтулары көп өндіріс бөлімшелері, техниканың істен шығуы және т.б.). 

5)

 



 Резервтерді  іздеу  жедел  болуы  керек.  Ол  неғүрлым  жедел  болса, 

соғұрлым  бұл  үдеріс  тиімді  болады.  Резервтерді  табу  мен  игеру  арасындағы 

уақытты қысқартуға ерекше мән беріледі. 

6)

 



 Резервтерді іздеу дискретті болмауы керек. Оны жүйелі түрде, жоспар 

бойынша өткізу керек. 

7)

 

 Резервтерді іздеуде әр түрлі мамандық иелері қатыскан сайын, оларды 



толығырақ  анықгауға  болады.  Осы  жерден жаппай резервтерді іздеу  кағидасы 

 

пайда болады. Яғни барлық жұмысшыларды осы үдеріске тарту, экономикалық 



талдаудың қоғамдық формаларын дамыту және жаңарту. 

 

1.2 Резервтер шамасын анықтау әдістемесі 

 

Резервтің  сандық  өрнегі  -  бұл  зерттелетін  көрсеткіштің  мүмкін 

(болжанған)  деңгейі  мен  оның  казіргі  уақыттагы  нақты  шамасы  арасындағы 

айырмашылық: 

 

Р

   



Y

 

=



 

Ү

В



Ф

 



ІІІҚТ-дағы  резервтер  шамасын  анықтау  үшін  бірнеше  әдістер 

қолданылады:  тікелей  есептеу,  салыстыру,  детерминделген  факторлық  талдау, 

функционалды-құндық  талдау,  математикалық  бағдарламалау,  маржиналдық 

талдау және т.б. 

Тікелей  есептеу  әдісі  экстенсивті  сипаттағы  резервтерді  есептеу  үшін 

қолданылады.  Мұнда  қосымша  тарту  өлшемі  немесе  қорлардың  сөзсіз 

жоғалтулары  белгілі  болады.  Бұл  жағдайда  өнімді  шығаруды  көбейту 

мүмкіндігі  (Р      VВП)  келесі  түрде  анықталады:  қорлардың  қосымша  саны 

немесе  кәсіпорын  кесірінен  болған  қорларды  сөзсіз  жоғалтулар  шамасы  (ДР) 

олардың  өнім  бірлігіне  деген  нақты  шығынына  бөлінеді  (УРф)  немесе  нақты 

кор  қайтарымдылығына кебейтіледі  (РО

ф

),  яғни  материал қайтарымдылығына, 



еңбек өнімділігіне және т.б.: 

Р  VВП = ДР/ УР

Ф

 немесе Р  VВП = ДР * РО



ф

 . 


Шикізатты сатып алуды 600 т жоғарылату жоспарланады деп болжайық. 

Кәсіпорында  өнім  бірлігін  ендіру  үшін  20кг  шикізат  жұмсалатыны  белгілі. 

Демек, қосымша 30 000 енім бірлігі алынады (600 т/20 кг). Бұл нәтижеге басқа 

жолмен де жетуге болады. Ол үшін материал қайтарымдылығын анықтау керек. 

Біздің  мысалымызда  1  т  шикізаттан  өнімнің  шығуы  50  бірлікті  құрайды. 

Осыдан  қосымша  шикізатты  қолдану  өнім  өндіру  келемін  30  000  бірлікке 

жоғарылатуға мүмкіндік береді (600 т • 50). 

Салыстыру  әдісі  интенсивті  сипаттағы  резервтерді  есептеу  үшін 

қолданылады.  Ресурстар  жоғартулары  немесе  оларды  үнемдеу  мүмкіндігі 

талданатын  кәсіпорындағы  олардың  шығындарының  бекітілген  ережелерімен 

немесе  озық  кәсіпорындардағы  қол  жеткен  деңгейімен  салыстыру  арқылы 

анықталады.  Өнім  өндіруді  жоғарылату  резервін  анықтау  үшін  ғылыми 

жетістіктер  мен  озық  тәжірибені  еңгізу  арқасында  өнім  бірлігіне  ресурстар 

шығынын  темендету  резерві  (Р    УР)  өнім  өндірудің  жоспарланатын  көлеміне 

кебейтіледі  (VВП

в

)  және  оның  төмендеуінің  анықталған  резервтерін  есепке 



алғандағы өнім бірлігіне ресурстардың жоспарланатын шығындарына бөлінеді 

(УР


В

)  немесе  қор  қайтарымдылығының  жоспарланатын  (мүмкін)  деңгейіне 

көбейтіледі (РО

в

): 



Р↑ VВП = Р↓УР• VВП

В

⁄УР



В

 немесе Р↑ VВП= Р↓УР• VВП

В

• РО


в

 

Өнім  бірлігін  алу  үшін  5,5  кг  шикізат  жұмсалды  деп  болжайық,  өнім 



өндірудің  жоспарланатын  көлемі  -  60  000  бірлік.  Бұдан  өнім  бірлігіне 

қорлардың  артық  шығындалуына  жол  бермеу  арқылы  30  000  кг  шикізатты 



 

үнемдеуге  болатынын  (0,5  •  60  000)  және  қосымша  6000  өнім  бірлігін  алуға 



болатынын көреміз (30 000/5). Бұл резервті басқа жолмен де анықтауға болады. 

Ол 


үшін 

шикізаттың 

жоспарланған 

үнемделуін 

жобалық 

ресурс 


қайтарымдылығына (материал қайтарымдылығына) көбейтеміз: 30 000 •  0,2 = 

6000 бірлік 

ШҚТ-дағы резервтер шамасын анықтау үшін детерминделген факторлық 

талдау  кең  қолданылады;  тізбекті  алмастыру,  абсолюттік  айырмашылықтар

салыстырмалы айырмашылықтар, логарифмдеу және интегралды әдіс. 

 Мысалы,  өнімді  шығару  көлемі  жұмысшылар  саны  мен  олардың  өнімді 

өндіру  түрінде  болса  (ВП=  ЧР*ГВ),  онда  өнімді  өндіру  көлемін  жоғарылату 

резервтерін  жұмысшылар  санын  жоғарылату  арқасында,  яғни  абсолюттік 

айырмашылықгар әдісімен, мына формула арқылы есептеуге болады: 

Р↑ВП


ЧР 

=

 



Р↑ЧР·ГВ

Ф



 

ал еңбек өнімділігі арқылы  

Р ↑

 

ВПгв = ЧР



В

 • Р ↑ ГВ, 

 

Осы есептеу тізбекті алмастыру әдісімен: 



ВП

Ф

 = ЧР



Ф

-ГВ


Ф

;

 



ВП

усл


 = ЧРв -ГВ

Ф

; ВП



В

 = ЧР


В

 • ГВ


В

Р↑ВП



ЧР

 = ВП


усл

-ВП


Ф

; Р ↑В П г в =В П в -ВПусл 

Р↑ВПоб

Щ

 = ВП



в

-ВП


Ф

салыстырмалы айырмашылықтар әдісімен: 



Р ↑ ВП

ЧР 


=

 

ВП



Ф

 

• Р ↑ ЧР/ЧР



Ф

Р ↑ ВПгв = (ВП



Ф

 + Р ↑


 

ВП

ЧР



) • Р Т ГВ/ГВ

Ф

;    



тнтегралды әдіспен: 

Р ↑ ВП


ЧР

= Р ↑


 

ЧР • ГВ


Ф

 + 1⁄


2

  (Р ↑ ЧР • Р ↑ ГВ);  

Р ↑ ВПгв = Р ↑

 

ГВ • ЧР



Ф

 +1⁄


2

 (Р ↑


 

ЧР • Р ↑


 

ГВ); 


логарифмдеу әдісімен: 

 

Р ↑ ВП



ЧР

 = Р ↑ ВПобщ•1g(ЧР

В

/ЧР


Ф

)/ 1g(ВПв/ВПф); 

Р ↑ ВП

гв

 = Р Т ВПобщ •1g(ГВ



в

/ГВ


Ф

)/ 1g(ВП


в

/ВП


Ф

); 


Корреляциялық  талдаудың  нәтижелері  де  резервтер  шамасын  есептеуде 

кең  қолданылады.  Осы  мақсатпен  факторлы  көрсеткіштерге  сай  байланыс 

теңдеуі  регрессиясының  алынған  коэффициенттерін  соңғылардың  өсу 

мүмкіндігіне көбейту керек: 

Р ↑ Ү - Р ↑ х

і

 • b



і 

Р ↑ Ү – нәтижелі көрсеткіштің жоғарылау резерві; 

Р ↑ X

і

 - факторлы көрсеткіштің өсу резерві; 



b

і

 



- байланыс теңдеуі регрессиясының коэффициенттері 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет