1.3
Кәсіпорындардағы
ұйымдастырушылық
формалар
мен
шаруашылық қызметті талдауды атқарушылар
Талдаудың нәтижелілігі көбінесе оның дұрыс ұйымдастырылуымен
байланысты. Ол жоспарлық негізде кұрылып, жаңа әдістерге негізделіп,
аналитикалық үдерістің тиімділігі мен әрекеттілігін қамтамасыз етуі керек.
Аналитикалық жұмыс әрбір басшының, басқарушылық шешімдерді
10
қабылдайтын менеджерлердің қызмет бабындағы міндеттеріне кіреді.
Сондықтан оны ұйымдастырудағы маңызды қағида талдауды жүргізуде жеке
атқарушылар арасында міндеттерді нақты бөлу болып табылады.
Кәсіпорындағы аналитикалық жұмыс келесі ұйымдастырушылық
кезендерге бөлінеді:
1) ШҚТ объектілері мен субъектілерін анықтау, оларды зерттеудің
ұйымдастырушылық формаларын таңдау, міндеттерді жеке қызметтер мен
бөлімшелердің арасында бөлу;
2) аналитикалық жұмыстың жоспарлануы;
3)ШҚТ-дың ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуі;
4) талдау нәтижелерінің ресімделуі;
5) талдау нәтижесі бойынша өндіріске ұсыныстардың енгізілуіне бақылау
жасау.
Кәсіпорындардағы ШҚТ-дың ұйымдастырушылық формалары аппарат
кұрамы мен басқарудың техникалық деңгейімен анықталады.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда барлық экономикалық қызметтердің
жұмысын бас экономист басқарады. Ол директордың экономикалық сұрақтар
бойынша орынбасары болып табылады. Бас экономист кәсіпорындағы барлық
экономикалық жұмысты, соның ішінде ШҚТ бойынша жұмыстарды да
ұйымдастырады. Оның қол астына экономика зертханасы мен өндіріс
ұйымдары, жоспарлы-экономикалық бөлім, еңбек және еңбекақы, баға,
маркетинг, бухгалтерлік есеп, қаржы бөлімдері және т.б. кіреді.
Орта және кіші кәсіпорындарда аналитикалық жұмысты жоспарлау
бөлімінің менеджері немесе бас бухгалтер басқарады.
Экономикалық талдау экономикалык қызмет жұмысшыларының ғана
емес, техникалық бөлімдердің де (бас механиктің, энергетиктің, технологтың
және т.б.) міндеттеріне кіреді.
Агрокәсіпорындарда аналитикалық жұмысты бас экономист немесе бас
бухгалтер басқарады. Ол үшін шаруашылық пен оның салалық бөлімшелерінің
мамандары мен басшыларын тартады. Агрономиялық қызмет, мысалы, өсімдік
өсірушілік сала мен жер ресурстарын пайдалану қызметтерінің нәтижелерін,
зоотехникалық қызмет - мал шаруашылық саласын, инженерлік қызмет -
техниканы қолдануды талдайды. Ферма бригадирлері мен меңгерушілері ез
бөлімшелері қызметінің нәтижелерін болжайды және талдайды.
Кәсіпорын экономикасының жағдайын талдау жеке сұрақгармен
айналысатын немесе кәсіпорынның кешенді ШҚТ-ын жүргізетін жоғары
басқару органдарының мамандары көмегімен өткізіледі. Осы талдаудың
нәтижесі негізінде олар белгілі бір дәрежеде кәсіпорын қызметінің
экономикапық шарттарын түзетуі мүмкін.
Мекемеден тыс ШҚТ статистикалық, қаржылық органдармен, салық
инспекцияларымен, аудиторлық фирмалармен, банктермен, инвесторлармен,
ғылыми-зерттеу институттарымен және т.б. атқарылады.
Ірі стратегиялық мәселелерді шешумен байланысты біржолғы
аналитикалық зерттеулерді өткізу үшін кәсіпорындар аудиторлық және
11
консалтингтік фирма мамандарының қызметтерін пайдалана алады.
Ішкішаруашылықтық, мекемелік, мекемеден тыс және тәуелсіз бақылау
мен талдаудың барлық формаларын қолдану кәсіпорынның шаруашылык
қызметін жан-жақты зерттеуге және оның жұмысының тиімділігін жоғарылату
резервтерін толығырақ іздеуге мүмкіндік береді.
1.4 Талдаудың ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуі
ШҚТ-ның нәтижелілігі көп жағдайларда оның ақпараттық және
әдістемелік қамтамасыз етілуіне байланысты. ШҚТ-ға арналған барлық ақпарат
көздері нормативтік - жоспарлы, есептік және есептен тыс болып бөлінеді.
Нормативтік-жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне кәсіпорында
жасалатын жоспарлардың барлық түрлері (перспективті, ағымдағы, жедел,
технологиялық карталар), сонымен бірге нормативті материалдар, сметалар,
баға көрсеткіштері, жобалық тапсырмалар және т.б. жатады.
Есептік сипаттағы ақпарат көздері - бұл бухгалтерлік, статистикалық
және жедел есеп пен есеп беру кұжаттары бар барлық мәліметтер.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру құжаттарында толығымен шаруашылық
құбылыстар, үдерістер, олардың нәтижелері көрініс табады.
Кәсіпорынның статистикалық есеп пен есеп беру мәліметтері оның
деңгейлерін қалыптастыратын негізгі көрсеткіштер мен факторлардың
тенденцияларын терең зерттеуге колданылады.
Жедел есеп пен есеп беру талдауды қажет мәліметтермен жедел түрде
(статистика немесе бухгалтерлік есеппен салыстырғанда) қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді (мысалы, өнімді өндірісі мен тасымалдануы, өндірістік
қорлардың жағдайы туралы) және сол арқылы аналитикалық зерттеулердің
тиімділігін жоғарылату үшін қажет жағдайлар туғызады.
Шаруашылық қызметтің бірнеше жылдағы нәтижелері туралы
мәліметтері жинақталған кәсіпорынның экономикалык төлқұжаты да есептік
құжат болып табылады.
Ақпараттың есептен тыс көздері - бұл шаруашылық қызметті реттейтін
кұжаттар, сонымен бірге сыртқы ортадағы өзгерістерді сипаттайтын
мәліметтер. Оларға мыналар жатады:
1) кәсіпорын өз қызметінде колдануға міндетті ресми кұжаттар: мемлекет
заңдары, президент жарлықтары, үкімет қаулылары, басқарудың жоғары
органдарының бұйрықтары, тексеріс пен тексерулердің актілері, кәсіпорын
басшыларының
бұйрықтары,
директорлар
кеңесінің,
акционерлер
жиналысының шешімдері;
2)
шаруашылық-құкықтық құжаттар: келісімшарттар, келісімдер, төрелік
және сот органдарының шешімдері;
3) ғылыми-техникалық
ақпарат:
басылымдар,
ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижелері бойынша есептер және т.б.;
4) техника және технологиялық құжаттамалар;
5) жеке жұмыс орындарындағы өндіріс жағдайы туралы арнайы зерттеу
12
материалдары - хронометраж, фотосурет және т.б.;
6)
кәсіпорынның негізгі контрагенттері - жеткізушілер мен сатып
алушылар - туралы ақпарат. Жеткізушілер туралы мәліметтер олардың
сенімділігі мен баға саясатын болжау үшін, сатып алушылар туралы мәліметтер
олардың ағымдағы және ұзақ мерзімді төлемқабілеттілігін сипаттау үшін қажет;
7)
әр түрлі ақпарат көздерінен (ғаламтордан, радиодан, теледидардан,
газеттерден, журналдардан, акпараттық бюллетеньдерден және т.б.) алынған
негізгі бәсекелестер туралы мәліметтер;
8) материалдық корлар нарығының жағдайы туралы мәліметтер: нарықтар
көлемі, қорлардың жеке түрлеріне баға деңгейі мен динамикасы;
9)
капитал нарығының жағдайы туралы мәліметтер: қаржыландыру
мөлшерлемесі, шетел валюталарының ресми курсы, несие мен депозиттер
бойынша коммерциялық банктердің мөлшерлемесі және т.б.;
10) қор нарығының жағдайы туралы мәліметтер: сұраныс бағасы мен
бағалы қағаздардың негізгі түрлеріне ұсыныстар, қор құралдарының негізгі
түрлері бойынша мәмілелер бағасы, қор нарығындағы баға динамикасының
құрама индексі;
11)
статистика
мен
талдау
министрлігінің
мемлекеттегі
макроэкономикалық жағдайлардың өзгерісі және т.б. туралы мәліметтері.
Талдауды ақпараттық қамтамасыз ету ұйымына бірнеше талаптар
қойылады. Бұл ақпараттың аналитикалығы, оның ақиқаттылығы, жеделдігі,
салыстырмалылығы, ұтымдылығы және т.б.
Бірінші талаптың мәні экономикалық ақпараттың жалпы жүйесінің ШҚТ
талаптары мен тапсырмаларына сәйкес келуі керектігінде. Басқаша айтқанда,
факторларды терең зерттеуге, резервтерді анықтауға және басқарушылық
шешімдерді қабылдауға қажет мәліметтердің алынуын қамтамасыз ету.
Экономикалық ақпарат зерттеліп жатқан құбылыстар мен үдерістерді
сенімді, объективті бейнелеуі қажет,
Ақпараттың жеделдігі тікелей талдаудың жеделдігі мен пәрменділігін
жоғарылату талаптарынан тарайды. Іске асқан шаруашылық процестер туралы
ақпарат жылдам келген сайын, талдауды тез өткізіп, жетіспеушіліктер мен
жоғалтуларды анықтап жоюға болады. Ақпараттың жеделдігін жоғарылату
байланыстың жаңа құралдарын қолданып, оны ДЭЕМ-да өңдеу және т.б.
арқылы жүзеге асады.
Ақпараттың сапасына қойылатын талаптардың бірі - бұл оның зерттеу
объектісі мен заты, уақыт мерзімі, көрсеткіштерді есептеу әдістемесі және
басқа белгілері бойынша салыстырмалылығын қамтамасыз ету.
Акпарат жүйесі тиімді, яғни мәліметтерді жинауға, сақтауға және
қолдануға кеткен шығындардың минимумын талап етуі керек.
Осылайша ШҚТ-дың ақпараттық жүйесі оның тиімділігі мен әрекеттілігін
жоғарылату үшін қажет жоғарыда аталған талаптар бойынша қалыптасып
жетілдірілуі қажет.
13
1.5 Талдау нәтижелерінің құжаттық ресімделуі
Кәсіпорын қызметінің аналитикалық зерттелуінің кез келген нәтижесі
жалпы немесе оның бөлігі ретінде құжат түрінде ресімделуі керек. Әдетте бұл
түсіндірме хат (аналитикалық есеп), анықтама, қорытынды.
Түсіндірме хат талдаудың сыртқы қолданушылары үшін жазылады. Егер
талдау нәтижесі ішкі шаруашылықтық колдануға арналса, онда олар анықтама
немесе қорытынды түрінде ресімделеді.
Түсіндірме хаттың (аналитикалық есептің) мазмұны толық болуы керек.
Ең алдымен, онда кәсіпорын дамуының экономикалык деңгейін бейнелейтін
жалпы сұрақтар, оның шаруашылық жағдайлары, ассортименттік және баға
саясаты, өнімнің бәсекекабілеттілігі, өнімді өткізу нарығының кеңдігі,
кәсіпорын абыройы, оның іскерлік өмірдегі имиджі жазылады. Сонымен бірге
өнімді өткізу нарығындағы тауарлар жағдайын, яғни әр тауар нарықта өмірлік
циклдің қандай кезеңінде (ену, өсу және даму, қанығу және төмендеу) екенін
көрсету керек. Нақты және потенциалды бәсекелестерді сипаттап, олардың
бизнесінің күшті және әлсіз жақтарын көрсеткен жөн. Осыдан кейін өндірістік
және қаржылық нәтижелерді сипаттайтын көрсеткіштер динамикасын,
кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, оның іскерлік белсенділік,
жұмысының тиімділігін бейнелеу керек. Түсіндірме хатта кәсіпорын қызметінің
оң жақгарымен қатар есеп беру кезеңіндегі теріс жактары да сипатталады, оның
жұмысының өндірістік және қаржылық нәтижелеріне әсер еткен объективті
және субъективті, ішкі және сыртқы факторлары ашьлады, кемшіліктерді
жоюға және болашақта кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылатуға
бағытталған іс-шаралар тізімі баяндалады.
Түсіндірме хаттың аналитикалық бөлімі қисынды, стилі бойынша нақты
болуы керек. Онда суреттеу үшін қажет мәліметтер, графиктер, диаграммалар
және т.б. топтастырылған аналитикалық есептеулер кестелер болады. Оны
ресімдеуде талдаудың нәтижесі бойынша ұсыныстар мен қорытындыларға
ерекше мән беріледі. Ұсыныстар мен қорытындылар жан-жақты қисынды және
шаруашылық қызметтің нәтижелерін жақсартуға бағытталуы керек.
Анықтама немесе қорытындының мазмұны талдау нәтижесі бойынша
түсіндірме хатқа қарағанда нақтырақ, жетіспеушіліктер немесе жетістіктерге,
анықталған резервтерге, оларды зерттеудің әдістеріне акценттеледі. Мұнда
әдетте кәсіпорынның және оның қызметінің жағдайларына жалпы мінездеме
берілмейді.
Талдау нәтижелерін көрсетудің мәтінсіз формасы - бұл типтік
аналитикалық кестелердің түсініктеме мәтінсіз тұрақты макеті. Аналитикалық
кестелер зерттеліп жатқан материалды нақтылауға, жүйелеуге және оны
қабылдауға ыңғайлы формада көрсетуге мүмкіндік береді. Кесте формалары әр
түрлі болуы мүмкін. Олар бекітілген ережелерге сай құрылады. Аналитикалық
кестелердегі нәтижелерді орналастырғанда олар біруақытта аналитикалық және
суреттеме материал ретінде қолданылуын есепке алған жөн. Сонымен бірге бір
кестеде кәсіпорын жұмысының барлық көрсеткіштерін беруге немесе көп
14
кестелерді колдануға талпынбау керек. Универсализация сияқты кестелердің
шамадан тыс саны да олардың колданылуын қиындатады. Аналитикалық
кестелер көрнекі және қарапайым болуы керек.
Талдау нәтижелерінің маңыздылары кәсіпорынның экономикалық
төлқұжатының осы үшін әдейі ескерілген бөлімдеріне кіргізілуі мүмкін.
Бірнеше жылға арналған осындай мәліметтердің жиынтығы оларды динамикада
қарастыруға мүмкіндік береді.
1.6 Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру
Экономикалық акпараттың аналитикалық өңделуі өте сыйымды және әр
түрлі есептеулердің үлкен көлемін қажет етеді. Нарықтық қатынастарға
көшкеннен кейін аналитикалық ақпаратқа деген қажеттілік едәуір өсті. Бұл
кәсіпорынның перспективалық бизнес-жоспарлардың құрылуына, қысқа және
ұзақ мерзімді басқарушылық шешімдердің тиімділігін кешенді бағалауға
негізделуімен түсіндіріледі. Осыған байланысты аналитикалық есептеулердің
автоматтандырылуы объективті қажеттілікке айналды.
Қазіргі ақпараттық технологиялар барлық экономикалық, соның ішінде
ТНҚТ бойынша мәліметтердің өңделуін толық автоматтандыруға мүмкіндік
береді. Аналитикалық есептеулерді автоматтандыруды қолдану әсер етеді:
а) экономист-талдаушылардың жұмысының тиімділігін жоғарылатуға.
Олар техникалық жұмыстан босатылады және шығармашылық қызметпен
көбірек айналысады. Яғни күрделі зерттеулерді өткізеді, күрделі экономикалық
тапсырмаларды шешеді;
б) экономикалық құбылыстар мен үдерістерді терең және жан-жақгы
зерттеуге, факторларды толық зерттеуге және өндіріс тиімділігін жоғарылату
резервтерін іздеуге;
в) талдау сапасы мен жеделдігін, оның жалпы деңгейі мен әсерлігін
жоғарылатуға.
Аналитикалық
есептеулерді
автоматтандыру
деңгейі
ДЭЕМ-ды
қолданғаннан бері өсе бастады. Оларға жоғары өнімділік, сенімділік пен
пайдаланудағы оңайлық, дамыған бағдарламалық қамтамасыз ету, жұмыстың
диалогтік тәртібі, автоматтандырылған жұмыс орнының төмен кұны және т.б.
сипаттамалары тән. Олардың базасында бухгалтерлердің, экономисттердің,
қаржыгерлердің, талдаушылардың және т.б. автоматтандырылған жұмыс
орындары (АЖО) жасалады. Біртұтас есептеуіш желіге біріктірілген ДЭЕМ
ШҚТ-дың кешенді автоматтандырылуына көшуге мүмкіндік береді.
Экономист-талдаушының автоматтандырылған жұмыс орны - бұл
аналитикалық
есептеулердің
автоматтандырылуын
қамтамасыз ететін
акпараттык-бағдарламалық-техникалық ресурстардың жиынтығы.
Талдаушының АЖО-ын жасауға қажет жағдай - техникалық базаның
(дербес ЭЕМ-нің), кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мәліметтері
базасының, білім базасы (талдау әдістері мен әдістемелері) мен аналитикалық
тапсырмалардың шешімін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық
15
кұралдардың болуы.
Талдаушының АЖО-ын жасау- әдістемелік, техникалық, бағдарламалық
және
ақпараттық
қамтамасыз
етумен
байланысты
көптеген
ұйымдастырушылық сұрақгарды шешуді талап етеді.
Әдістемелік қамтамасыз ету талдауды өткізудің жалпы және жеке
жүйелерін көрсетеді.
Техникалық қамтамасыз ету - бұл ақпараттык жүйенің жұмысына
арналған техникалық құралдар кешені: компьютерлердің кез келген модельдері;
ақпаратты жинау, жинақтау, тасымалдау мен қорытындылау кұралдары;
мәліметтерді тасымалдау және байланыс тораптары кұралдары және т.б.
Бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына жалпы жүйелік және арнайы
ақпараттық өнімдер кіреді. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге
кез келген ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап бағдарламалар жатады.
Мысалы, мәліметтерді статистикалық өндеуге, ұтымды есептерді шешуге
арналған пакеттер. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуге нақты алынған
облыс үшін өнделген, яғни берілген жағдайда нақты аналитикалық есептерді
шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы кіреді. Бұл жергілікті және кешенді
бағдарламалар болуы мүмкін.
Жергілікті бағдарламалар біртипті есептерді көп рет шешуге арналған.
Кәсіпорын қызметінің барлық жағын қамтитын кешенді талдау бағдарламасына
өзара байланысқан тапсырмалардың толық жүйесі кіреді оны өңдеу үшін қажет:
1) кешенді
экономикалық
талдау
есептерінің
қойылымы
мен
сипаттамасы;
2)
аналитикалық өткізімдерді шешудегі алгоритмдер мен модельдердің
өңделуі;
3)
жаңа ақпараттық жүйені өңдеу, талдаушының АЖО-на қажет
мәліметтер базасын жасау;
4) ДЭЕМ-нің алгоритмдік тілдегі ШҚТ тапсырмаларын шешудің
машиналық бағдарламаларын өндеу;
5) талдаушының АЖО-ын кәсіпорын қызметін басқару тәжірибесіне
енгізу.
Талдаушының АЖО-ның тиімділігі көбінесе талдау әдістемесінің
мүлтіксіздігіне, олардың өндірісті басқарудың қазіргі сұрауларына сай болу
деңгейіне, сонымен бірге ДЭЕМ-ның техникалық мүмкіндіқтеріне байланысты.
Интегралды электроника саласындағы қол жеткен табыстар, ДЭЕМ-ның
ресурстық мүмкіндіктері мен функционалдық жетілуін кеңейту терең
экономикалық зерттеулерге нақты жағдайлар туғызуға, аналитикалық есептерді
шешуде ұтымды әдістерді кең түрде колдануға және олардың негізінде
қисынды басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Шаруашылық резервтерге түсініктеме беру.
2. Шаруашылық резервтердің сыныпталуын атаңыз.
16
3. Резервтерді іздеу қағидаларын атаңыз және сипаттама беріңіз.
4. Резервтің сандық белгісі бойынша анықтамасын беріңіз.
5. ШҚТ-дағы резервтер шамасын анықтау әдістерін атаңыз және
түсіндіріңіз.
6. Аналитикалық жұмыс түсінігі және оны ұйымдастырудағы маңызды
қағида.
7. Кәсіпорындағы аналитикалық жұмыстың негізгі кезеңдерін атаңыз.
8. Аппарат құрамымен және басқарудың техникалық деңгейімен
анықталатын ШҚТ-ның ұйымдастырушылық формаларын атаңыз және
олардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
9. ШҚТ-ға арналған мәліметтер көздеріне сипаттама беріңіз.
10. Экономикалық ақпарат түсінігінің маңыздылығы неде?
11. Кәсіпорын қызметін аналитикалық зерттеу нәтижелерін ресімдеудің
мәні. Түсініктеме хатқа, анықтама мен қорытындыға сипаттама беріңіз.
12. Экономикалық ақпараттың аналитикалық өңделу түсінігі.
13. Аналитикалык есептеулерді автоматтандыруды қолдану қандай
мүмкіндік береді?
14. Талдаушының автоматтандырылған жұмыс орны түсінігін анықтаңыз.
15. Талдаушының АЖО-ын жасау мақсатында қамтамасыз етудің барлық
түріне сипаттама беріңіз.
Тестік тапсырмалар
1. Ғылыми-техникалык прогрестің жетістіктері мен озық тэжірибені
қолдану негізінде ұйым қызметінің тиімділігін жоғарылату мүмкіндіктері қалай
аталады?
А) Факторлық талдау
В) Шаруашылық резервтер;
С) Ұйымдастырушылық формалар;
D ) Ақпараттық қамтамасыз етілу;
E) Аналитикалық жұмыс.
2.
Кеңістік белгісі бойынша резервтер былай бөлінеді:
А) Ішкішаруашылықтық, салалық, аймақтық, жалпымемлекеттік;
В) Қолданылмаған, ағымдағы, перспективалық;
С) Экстенсивті және интенсивті;
D)
Ішкі және сыртқы;
Е) Айқын және айқын емес.
3.
Уақыт белгісі бойынша резервтер былай бөлінеді:
А) Ішкішаруашылықтық, салалық, аймақтық, жалпымемлекеттік;
В) Қолданылмаған, ағымдағы, перспективалық;
С) Экстенсивті және интенсивті;
D) Ішкі және сыртқы;
Е) Айқын және айқын емес.
17
4.
Анықталу әдістері бойынша резервтер былай бөлінеді:
А) Ішкішаруашылықтық, салалық, аймақтық, жалпымемлекеттік;
В) Қолданылмаған, ағымдағы, перспективалық;
С) Экстенсивті және интенсивті;
D ) Ішкі және сыртқы;
Е) Айқын және айқын емес.
5.
Экономикалық табиғаты және өндіріс нәтижелеріне әсер ету сипаты
бойынша резервтер былай бөлінеді:
А) Ішкішаруашылықтық, салалық, аймақтық, жалпымемлекеттік;
В) Қолданылмаған ,ағымдағы, перспективалық;
С) Экстенсивті және интенсивті;
D ) Ішкі және сыртқы;
Е) Айқын және айқын емес.
6.
Білім көздері бойынша резервтер былай бөлінеді:
А) Ішкішаруашылықтық, салалық, аймақтық, жалпымемлекеттік;
В) Қолданылмаған, ағымдағы, перспективалық;
С) Экстенсивті және интенсивті;
D) Ішкі және сыртқы;
Е) Айқын және айқын емес.
7. Зерттеліп отырған кәсіпорында ғана анықталатын және қолданылатын
резервтер қалай аталады?
А) Аймақтық;
В) Салалық;
С) Ішкішаруашылықтық;
D) Жалпымемлекеттік;
Е) Перспективалық.
8. Сала деңгейінде ғана анықгалған резервтер қалай аталады?
А) Аймақтық;
В) Салалық;
С) Ішкішаруашылықтық;
D) Жалпымемлекеттік;
Е) Перспективалық.
9. Географиялық аудан шегінде анықталатын және қолданылатын
резервтер калай аталады?
А) Аймақтық;
В) Салалық;
С) Ішкішаруашылықтық;
D) Жалпымемлекеттік;
Е) Перспективалық.
18
10.
Ғылым жетістіктері мен озық тәжірибе немесе жоспар жағынан
өткен уақыт аралықтарындағы жоғалтылған мүмкіндіктер қалай аталады?
А) Аймақтық;
В) Салалық;
С) Ағымдағы;
D) Қолданылмаған;
Е) Перспективалық.
11.
Жақын уақыт аралығында (ай, квартал, жыл) жүзеге асырылуы
мүмкін шаруашылық қызмет нәтижелерін жақсарту мүмкіндіктері қалай
аталады?
А) Аймақтық;
В) Салалық;
С) Ағымдағы;
D) Қолданылмаған;
Е) Перспективалық.
12.
Ұзақ уақытқа жоспарланған резервтер калай аталады?
А) Аймақтық;
В) Салалық;
С) Ағымдағы;
D) Қолданылмаған;
Е) Перспективалық.
13. Өндірісте қосымша қорларды (материалдық, еңбеқ, жер және т.б.)
қолданумен байланысты резервтер қалай аталады?
А) Аймақтық;
В) Салалық;
С) Интенсивті;
D) Экстенсивті;
Е) Перспективалық.
14. Қолда бар өндірістік потенциалды негізделген резервтер қалай
аталады?
А) Аймақтық;
В) Салалық
С) Интенсивті;
D) Экстенсивті;
Е) Перспективалық.
15.
Экономикалық мәні мен көздерін, сонымен бірге оларды есептеу
техникасы мен әдісін білуге мүмкіндік беретін ғылыми сипаттағы резервтерді
іздеу қағидасы.
А) Ғылыми;
19
В) Кешенділік;
С) Жүйелік;
D) Дискреттілік;
Е) Жаппай.
16. Шаруашылық қызметтің барлық бағыттары бойынша резервтерді
жан- жақты анықтауды талап ететін резервтерді іздеу қағидасы?
А) Ғылыми;
В) Кешенділік;
С) Жүйелік;
Б) Дискреттілік;
Е) Жаппай.
17.
Зерттелетін көрсеткіштің мүмкін (болжанған) деңгейі мен оның
қазіргі уакыттағы нақты шамасы арасындағы айырмашылық:
А) Резерв сомасы
В) Резервтің сандық өрнегі;
С) Резервтің сапалық өрнегі;
D) Резервтің жалпы өрнегі;
Е) Резервтің болжанған өрнегі
18. Экстенсивті сипаттағы резервтерді есептеу үшін қолданылады,
салыстыру, функционалды-құндық талдау, маржиналдық талдау
А) Детерминделген факторлық талдау әдісі;
В)
Тікелей есептеу әдісі;
С) Салыстыру әдісі;
D)
Орташа шама әдісі;
Е) Математикалық бағдарламалау әдісі.
19. Интенсивті сипаттағы резервтер көлемін есептеу үшін қолданылады:
А) Детерминделген факторлық талдау әдісі;
В)
Тікелей есептеу әдісі;
С) Салыстыру әдісі;
D) Орташа шама әдісі;
Е) Математикалық бағдарламалау әдісі.
20.
Орта және кіші кәсіпорындарда аналитикалық жұмысты басқарады:
А) Жоспарлау бөлімінің менеджері немесе бас бухгалтер;
В)
Бас экономист;
С) Бас экономист немесе бас бухгалтер;
D) Бухгалтер;
Е) Экономист.
20
21. Ірі
өнеркәсіптік
кәсіпорындарда
барлық
экономикалық
қызметтердің жұмысын басқарады:
А) Жоспарлау бөлімінің менеджері немесе бас бухгалтер;
В)
Бас экономист;
С) Бас экономист немесе бас бухгалтер;
D) Бухгалтер;
Е) Экономист.
22.
Агрокәсіпорындарда аналитикалық жұмысты басқарады:
А) Жоспарлау бөлімінің менеджері немесе бас бухгалтер;
В)
Бас экономист;
С) Бас экономист немесе бас бухгалтер;
D) Бухгалтер;
Е) Экономист.
23.
Кәсіпорында
жасалатын
жоспарлардың
барлық
түрлері
(перспективті, ағымдағы, жедел, технологиялық карталар), сонымен бірге
нормативті материалдар, сметалар, баға көрсеткіштері, жобалық тапсырмалар
және т.б. жатады:
А) Нормативтік-жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне;
В)
Есептік сипаттағы ақпарат көздеріне;
С) Есептен тыс ақпарат көздеріне;
D) Нормативтік сипаттағы ақпарат көздеріне;
Е) Жоспарлы сипаттағы акпарат көздеріне.
24. Бухгалтерлік, статистикалық және жедел есеп және есеп беру
құжаттары бар барлық мәліметтер жатады:
А) Нормативтік-жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне;
В) Есептік сипаттағы ақпарат көздеріне;
С) Есептен тыс ақпарат көздеріне;
D) Нормативтік сипаттағы ақпарат көздеріне;
Е) Жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне.
25. Шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар, сонымен бірге сыртқы
ортадағы өзгерістерді сипаттайтын мәліметтер жатады:
А) Нормативтік-жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне;
В) Есептік сипаттағы ақпарат көздеріне;
С) Есептен тыс ақпарат көздеріне;
D) Нормативтік сипаттағы ақпарат көздеріне;
Е) Жоспарлы сипаттағы ақпарат көздеріне.
Достарыңызбен бөлісу: |