Онтология болмыс және оның түрлері туралы ғылым ретінде Мен М. Ш. Хасанов, В. Ф. Петрова, Б. А. Джаамбаева «Философия»



Дата13.02.2023
өлшемі15,61 Kb.
#67349
Байланысты:
Илтаева Қарақат 21-06 4-СЕМИНАР Болмыс


Онтология болмыс және оның түрлері туралы ғылым ретінде
Мен М.Ш.Хасанов, В.Ф.Петрова, Б.А.Джаамбаева «Философия» атты кітабын оқыған болатынмын. Бұл кітапта онтология болмыс ұғымымы туралы түсініктер берілген. Осы ұғымдардың философиядағы түрлері туралы баяндалған. Ендеше кітап мазмұнына көшейік.
358 бет: Философиялық ілімінің алғашқы тарихи формасы, онтология – болмыс туралы ғылым, объекті мен субъектінің шын өмірдегі жиынтығы. Бұл термин грек тілінен аударғанда «өмір сүрушілер » дегенді білдіреді. Онтология деп Аристотельдің «Бірінші философиясын» атаған, оның нысаны жаратылысты, оның бастаулары мен формаларын, құралдарын түсіндіру. Алғаш бұл ойдың анықтамасына әр түрлі сөздерді қолданған. Мысалы. «біртұтас», «барша», т.б. Тұрмыстық болмыстың қалыптасуының шынайы философиясымен Парменид және Платон айналысқан. Олар шындығында идеал өмірдегі болмыстың концепциясын алға тартқан. Осыған байланысты «досократтар» табиғат және алғашқы тіршілік онтологиясы туралы трактаттар жазған, яғни натурфилософияны жазғандай болған. «Болмыс» категориясы философияның міндетті мәселесі саналады. Ауқымды мағынада болмыс шындық, яғни, барлық тірі нәрсенің болуы. Болмыстың әр түрлі формалары: жұлдыздар, өсімдіктер, жануарлар, адам көзқарасымен жоқтан барға айналу, т.б. Ал тірінің бар болуы ерте ме кеш пе бәрібір жоққа кетеді. Сол себепті философия тарихында тіршілік характерін болмыс шындық және мәңгі, оның формалары жалған және мәңгі емес. Болмыс категориясы – объект пен субъектінің шындық жиынтығы. Объективті шындық физикалық құбылыстағы бұл материалды әлеуметтік табиғи әлем. Субъективті шындық адамның болмысы, әлемнің жағдайы.
Болмыс формасының өзара байланыс қатары:
1) Болмыс процесі «бірінші табиғат» және нәрсенің болмыс
табиғаты «екінші» ( адам жаратылысы)
2) Адам болмысы, адам және зат әлемі спецификасы болып
бөлінеді.
3) Діни болмыс жеке діни және объективті (шындық негізінде) жеке емес діни болмысқа бөлінеді. Философияда компьютерлердің пайда болуымен «виртуалды шындық» – субъективті танудың бір түрі ұғымы пайда болды.
359 бет: Болмыстың түрлі категорияларын «материя», «қозғалыс», «өзара байланыс», «сәуле», «сана» түсіндіреді. Маркске дейінгі философияда материя концепциясының түрлері былайша ажыратылды : атомистикалық (Демокрит), эфирлік (Декарт), денелік (Гольбах).
360 бет: Гольбахтың көзқарасын зерттей келе, К.Маркс пен Ф.Энгельс материяның түбін бүтін бір әлем деп табады. В.И.Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритицизм» атты еңбегінде: «материя философияның объективті дүниені тану категориясы, ол адамға суреттеліп, көшірме түрінде сезіледі» деп жазған. Осыдан шығатын қорытынды, материя дегеніміз адамзатты қоршаған әрбір заттың ӛзіндік қасиеті. Оларға тән басқа қасиеттерді алмағанда мынандай екі ерекшелігі бар:
1) олардың барлығы адамның сана сезімінен тыс өмір сүреді
2) олар адамға әсер ете алады
Материя туралы философиялық түсінікте оның ғылыми және саяси түрлерін ажырата білу керек. Материяның философиялық түсінігі әлемнің шынайы көрінісін сипаттаса, ғылыми-саяси түсініктер бізге оның физикалық, химиялық, биологиялық, саяси қасиеттерін түсіндіреді. Материя – өзі бүтін объективті әлем. Жеке заттар мен құбылыстар материядан тұрмайды, олар өздері бүтін бір тірі не өлі, саяси ұйымдастырылған, элементарлы бөлшекті, тірі организм метарияларынан құрайды. Материяның осындай нақты құрылымдық деңгейлері техникалық, қоғамдық ғылым салаларымен зерттеледі. Материяның өміршеңдігінің жалпы атрибуттары болып қозғалыс, уақыт және кеңістік табылады. Материя іштей белсенді, ол қасиеттерді өзгерте алады, ал бұл қасиеті оның қозғалыста болатындығын көрсетеді. Ф. Энгельс «табиғат диалектикасы» кітабында «қозғалысты кездейсоқтық емес, ажыратылмайтын материядан тұрады, ол дүниедегі барлық өзгерістерді өзіне тартып отырады» деп жазған.
361 бет: ХХ ғасыр табиғат зерттеушілер кеңістікті бос әлем деп қараса, уақытты бір өлшемді, яғни өткеннен болашаққа бірқалыпты ағып өтіп кететін құбылыс деп бағалады. Олар уақыт пен кеңістікті жеке форма ретінде алып, қозғалыс пен материяға тәуелсіз өмір сүреді деді. Қатыстылық заңын ашқан, Эйнштейн, олар қатты қысымнан өзіндік қасиеттерін жоғалтады, сондықтан да кеңістік пен уақыт өз алдына жеке қасиеттерге ие болмайды дейді. Эйнштейн теоретикалық физиканың қатыстылық заңын ашты: Е = mc2, мүндағы Е – энергия, m – масса, с- жарық жылдамдығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет