|
Онтология: әлемді философиялық түсіну
|
бет | 1/4 | Дата | 16.03.2023 | өлшемі | 102,96 Kb. | | #74913 |
| Байланысты: Онтология 9 ОНТОЛОГИЯ: әлемді философиялық түсіну Дәріс жоспары - Болмыс ұғымы және оның негізгі формалары
- Философияның негізгі категориялары
- Философия тарихындағы болмыс түсінігі
- Әлем бейнесі(картинасы)
Онтология – болмыс туралы ілім. Онтология – болмыс туралы ілім. Болмыс – негізгі философиялық категория, әлемнің философиялық бейнесін жүйелендіретін принцип, әлемнің қарама-қайшы, тұтас бірлігін қамтамасыз етеді. Болмыс дегеніміз – «бар», «осы» деген мағынаны білдіреді. Негізгі онтологиялық сұрақтар - Әлемнің негізінде біртұтас бастама бар ма?
- Әлем неден басталады?
- Әлемде өмір бойы шексіз өмір сүретін нәрсе немесе құбылыс бар ма?
- Әлемнің түпнегізі не?
Болмыстың негізгі формалары Болмыстың негізінде екі бастама жатыр: - Субстрат – «барлығы жасалған(басталған) нәрсе немес құбылыс»
- Субстанция – мән, негізінде жатқан,
- Монизм – бір ғана бастама
- Дуализм – екі бастама
- Плюрализм – бірнеше бастама
Болмыстың негізгі формалары - Материалды болмыс(заттар әлемі)
- Идеалдылық болмысы(психикалық және рухани құблыстар)
- Адам болмысы
- Әлеуметтік болмыс
- Ноуменалды болмыс(ноумен – өз бетімен өмір сүретін құбылыстар, санаға тәуелсіз)
- Феноменалды болмыс(феномен тәжірибеден алынатын құбылыс, танушы субъектің көзқарасымен қабылданады)
Философияның негізгі категориялары - Болмыс және бейболмыс
- Материя
- Кеңістік
- Уақыт
- Қозғалыс
- бейне
ОНТОЛОГИЯ БОЛМЫС - әлемнің негізі, барлығының себепшісі, пайда болмайды жән жоғалмайды. БЕЙБОЛМЫС – жоқ нәрсе МӘН – қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстардың көптүрлілігі мен жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|