Байланысты: О у жылы мектептегі «Зорлы –зомбылы ты алдын –алу» ж ніндегі і
«Береке орта мектебі МДШО» мкм-де «Балаларға мектепте суицид туралы айту керек пе?» тақырыбында мұғалімдермен өтілген дәрістің хабарламасы
2021 жылдың қазан айында мектеп психологы Т.Аманжолқызының ұйымдастыруымен мұғалімдермен «Балаларға мектепте суицид туралы айту керек пе?» тақырыбында дәріс өтілді. Ол өз сөзінде:Қазақстан мектептерінде суицид туралы әңгіме көп қозғалмайды, аз талқыланады. Көп психологтың ойынша, ол туралы айту баланың суицид жасауына ықпал етеді. Бірақ психотерапевтің айтуынша, ешбір әлемдік зерттеуде «Суицид туралы мектепте естіп, өз-өзіне қол жұмсапты» деген себеп жазылмағандығын,
Мектеп психологтары оқушыларға диагностика жасау арқылы аз да болса қауіптің алдын алып, суицидке апаратын алғашқы кезеңдегі баланы анықтай алатындығын,
Психолог балаларды «Балалар, адам өмірінде жыныстық қатынас, өлім туралы немесе тағы басқа күрделі сұрақтар болады. Бұл — адам өмірінің бір бөлігі. Бұл мәселелер жағымсыз жағдайларға душар етуі мүмкін, бірақ ондай жағдай ересек адамдарда да болады. Егер сен де ауыр жағдайға тап болсаң, ол туралы кімге айтарыңды білмесең, сені тыңдайтын, сұрақтарыңа жауап беретін орын немесе адам бар. Бұл ұят емес, қорқынышты да емес» деу арқылы өзіне жақын тартуы керек, — дейді маман.
Суицид — өте қиын психикалық диагноз. Онымен психолог емес, психиатр немесе психотерапевт айналысуы керек. Оның қолынан ең көп дегенде балалардың жағдайын анықтап, алдын алу ғана келеді. Психолог балада суицидтің белгілерін байқаса, дұрыс бағыт көрсетіп, ата-анасына ескертуі керек, — дейді
Маманның айтуынша, қазіргі ата-аналардың көбі психиатрға қаралған баласын тіркеуге алады деп қорқады. Ата-аналар сол себепті баласын маманға апармайтындығы туралы айтып өтті.