Таңдалған файлдармен жүзеге асыратын әрекеттер: Функционалдық пернелердің көмегімен файлдар немесе каталогтардың таңдалған тобымен келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады:
F3пернесін басқанда NC кусормен белгіленген файлды қарап шығуға мүмкіндік береді. Текстің файлдарды, құжаттарды, әртүрлі текст редакторларының көмегімен жасалған, графикалық файлдарды, архивтік файлдарды, мәліметтер базасын көріп шығуға болады. Қарап шығып жатқан файлда ауысу үшін Page Up, Page Down пернелерін қолдануға болады. Home және End пернелері файлдың басы мен аяғын ауыстырады. Құжаттарды, мәліметтер базасын және кестелік процессордың кестелерін қарау кезінде сіз сондай-ақ F7 пернесін символдар жолын іздеу үшін қолдана аласыз.